1.1 Еңбек өнімділігінің мәні және факторлары
Еңбек өнімділігі - өнімнің жалпы көлемінің оны өндіруге жұмсалған еңбек мөлшеріне қатынасы.
Мына жағдайлардың бірінде еңбек өнімділігінің өсуі орын алады:
өнім көлемі артып, шығындар азайса;
өнім көлемі шығындардан жылдам өссе;
шығындар төмендеген кезде және өнім көлемі өзгеріссіз қалғанда;
өнім көлемі өзгермейтін шығындармен өскен жағдайды;
өнім көлемі шығындарға қарағанда баяу қарқынмен төмендейтін болса.
Еңбек өнімділігінің артуына көптеген факторлар әсер етеді (2-сурет)
Суретте берілген топтама бойынша еңбек өнімділігі ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, құрылымдық және әлеуметтік топтарға бөлінеді. Дегенмен де, 2-суретте байқағанымыздай, ғылыми-техникалық топтың құрамында жаңа техника мен технологиялар, жабдықтарды жаңарту, жаңа материалдар қолдану инновациялық сипатты көрсетеді. Сонымен қатар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, өнімдердің конструкциясын, сапасын өзгерту еңбек өнімділігіне әсер етуші факторларды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |