ӨЕС = УШ / ӨӨ, (2)
мұндағы: ӨЕС – еңбек сыйымдыылығы;
УШ – уақыт шағындары;
ӨӨ- өндірілген өнім көлемі
Сонымен қатар, еңбе өнімділігін факторлық есептеуде жиынтық жұмыс уақытының қорын есептеу маңызды.
ЖУҚ = ПС х КК х ЖУҰ, (3)
мұндағы: ЖУҚ – жиынтық уақыт қоры;
ПС – персоналдар саны;
КК – жоспарлы кезеңдегі күнтізбелік күндер;
ЖУҰ – жұмыс күнінің ұзақтығы.
Осылайша, қазіргі заманғы кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің деңгейі, әдетте, өндіріс түрінде және негізінен ұқсас мамандықтар немесе өндірістік топтар (бригадалар, учаскелер) бойынша есептеледі. Өкінішке орай, әртүрлі кәсіпорындардағы еңбек өнімділігін (өндірісті) бір-бірімен салыстырудың еш мәні жоқ, әртүрлі кезеңдер бойынша кәсіпорындардың жалпы өндірісін салыстырған жөн. Бұл, қалай болғанда да, кәсіпорынның дамуын динамикада көруге, яғни жалпы еңбек өнімділігінің өсуін немесе төмендеуін, әр айда, жыл мезгілдерінде және т.б. кәсіпорынның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |