2.2 Кәсіпорынның еңбек өнімділігін факторлық талдау
«Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның дәстүрлі әдіс бойынша теориялық бөлімде қарастырылған (1) формула бойынша еңбек өнімділігін есептеп көрейік :
2018 жыл: 5 449 600/ 439= 12 413 мың. теңге;
2019 жыл: 5 512 655/450= 12 250 мың теңге;
2020 жыл: 7 336 425/428= 17 141мың теңге.
Кәсіпорынның талданып отырған кезеңдегі еңбек өнімділігінде өзгерістер бар екендігін көруге болады (9-сурет).
9-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі, мың теңге
Ескерту: автормен құрастырылған
«Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның талданып отырған кезеңдегі еңбек өнімділігіне байланысты факторлардың әсерін анықтау үшін факторлық талдау жүргізілді. Факторлық талдау әдістемесі бойынша мәліметтердің барлығы математикалық үлгілеу кестесіне сәйкес есептеліп келесідегідей үлгі алынды (2-кесте).
2-кесте – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның еңбек өнімділігін факторлық талдау көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
Ауытқу
|
1
|
Өткізілген өнім көлемі, мың теңге
|
5 512 655
|
7 336 425
|
1 823 770
|
2
|
Персоналдың орташа тізімдік саны:
|
450
|
428
|
-22
|
2.1
|
басқарушылық, өндірістік қызметкерлер
|
141
|
140
|
-1
|
2.1
| |
309
|
288
|
-21
|
3
|
Жұмысшылардың жалпы персоналдар санындағы меншікті үлесі, %
|
68,6
|
67,3%
|
-1,4
|
4
|
Бір жылда бір жұмысшының орындалған жұмыс күні, күн
|
205
|
195
|
-10
|
5
|
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы
|
7,95
|
7,8
|
-0,15
|
6
|
Бір жылда орындалған жалпы жұмыс көлемі, адам. сағ
|
503 592,75
|
439 569
|
-65 544,75
|
6.1
|
Бір жұмысшының орындағаны, адам. сағ
|
1 629, 75
|
1 521
|
-108,75
|
7
|
Жылдық орташа өндірме, мың теңге
|
|
|
|
| |
39 096,84
|
52 031,38
|
13 306,19
|
| |
17 840,31
|
25 473,70
|
7 633,39
|
|
Жұмысшының күндік орташа өндірмесі, мың теңге
|
87,03
|
130,18
|
43,61
|
|
Жұмысшының сағаттық орташа өндірмесі, мың теңге
|
10 946,65
|
16 747,99
|
5 801,34
|
Кестеде басты назар аударатын нәрсе, жұмыс істелген жалпы уақыт көлемінің азайғаны. Оның себебі, карантин жағдайы. Кәсіпорын еліміздегі қабылданған тәртіпке және талаптарға сай біраз уақыт жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Оның салдарынан көріп отырғанымыздай жылдық орташа жұмыс күні 225-240 емес, небәрі 205-195 күнді құрап отыр.
Еңбек өніміділігін негізгі көрсеткіштері негізінде факторлық талдау үлгісі 3-кестеде берілген.
3-кесте – Еңбек өнімділігін факторлық талдау үлгісі
№
|
Фактордың атауы
|
Фактордың әсерінен болатын өзгеріс
|
Орташа сағаттық өндірменің өзгерісі, мың теңге
|
Бір жұмысшыға шаққанда орташа жылдық өндірме өзгерісі, мың теңге
|
Бір қызметкерге шаққанда орташа жылдық өндірме өзгерісі, мың теңге
|
Өнім өндірісінің өзгерісі, мың теңге
|
1
|
Персоналдар саны
|
|
|
|
-39 096,84
|
2
|
Бір жұмысшының орташа жылдық өндірмесі
|
|
|
|
1 862 866,84
|
2.1
|
Жұмысшылардың меншікті үлесі
|
|
|
- 2 396,78
|
- 335 549,61
|
2.2
|
Бір жылда бір жұмысшының орындалған жұмыс күнінің көлемі
|
|
- 870,26
|
- 1790,25
|
- 250 634,56
|
2.3
|
Жұмыс күнінің ұзақтығы
|
|
- 320,19
|
- 658,68
|
- 92 214,60
|
2.4
|
Жұмысшылардың орташа сағаттық өндірмесінің өзгерісі
|
|
8 823,84
|
18 151,90
|
2 541 265,62
|
|
Барлығы
|
|
7 633,39
|
13 306,19
|
1 862 866,84
|
2.4.1
|
Өндірісті ұйымдастыру (интенсивтілік)
|
5 527,83
|
8 407,82
|
17 296,09
|
2 421 453,16
|
2.4.2
|
Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату
|
320,68
|
487,75
|
1003,37
|
1 404714,3
|
2.4.3
|
Жұмыс уақытының өнімсіз шығындары
|
-52,41
|
-79,72
|
-163,99
|
-229 589, 8
|
2.4.4
|
Өндіріс құрылымы
|
15,25
|
7,99
|
16,43
|
231 800,00
|
«Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның еңбек өнімділігіне қатысты факторлық талдау үлгісінде төрт негізгі факторлар топтамасына назар аудару қажет. Талданып отырған кезеңде жұмыс күнінің ұзақтығы теріс мәнге ие болып отыр. Қалған факторларда аса өзгерістер байқалмайды және олар оң мәнге ие болып отыр. Нақтырақ факторлар өзгерісінің ықпалын келесі диаграммадан айқын көруге болады (10-сурет).
10-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның еңбек өнімділігіне факторлардың ықпал ету деңгейі, мың теңге
Еңбек өнімділігінің факторлық талдау нәтижелері бойынша суретте келтірілген факторлардың оң және теріс ықпалдарын көруге болады. Кәсіпорын үшін өндірісті ұйымдастыру бойынша интенсивтіліктің жоғары қарқынын көруге болады, бұл фактор 2 421 453,16 мың теңгені құрап отыр. Оның себебі, кәсіпорынға Самұрық компаниялар тобы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобада қосымша өндірістік тізбектер қосылған болатын.
Сонымен қатар, суретте көріп отырғанымыздай, кәсіпорынға теріс ықпал етуші фактор - жұмыс уақытының өнімсіз шығындары болып отыр. Мұндай шығындардың болу себебі өндірістің тоқтап тұруы, өндірісте үзілістердің орын алуы сонымен қатар өндірісте ахаулар пайда болғанда орын алады.
Өндіріс құрылымы да оң мәнге ие болып отырғанымен де, мәні төменірек. Сондықтан бұл фактордың еңбек өнімділігіне оң әсерін күшейту үшін өндіріс құрылымы бойынша шешімдер қабылдау қажет.
Жалпы жүргізілген еңбек өнімділігін факторлық талдау нәтижелері бойынша «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның басшылығы жұмыс уақытының өнімсіз шығындары және өндіріс құрылымы факторларына көңіл бөлуі тиіс.
Зерттеу нәтижелері бойынша кәсіпорында еңбек өнімділігін арттыруға әсер етуші факторлар бойынша нақты іс-шаралар маңызды екендігін көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |