1.2 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
Еңбек өнімділігінің факторлық талдауы оның өзгеруіне тікелей әсер ететін көрсеткіштерді зерттейді. Мысалы, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің, жұмыс істеген күндер санының, жұмыс күнінің ұзақтығы мен сағаттық еңбек өнімділігінің қызметкердің белгілі бір кезеңдегі еңбек өнімділігінің өзгеруіне тигізетін әсерін зерттеуге болады.
Өндіру – уақыт бірлігіне (сағат, ауысым, тоқсан, жыл) немесе бір орташа тізімдік қызметкерге келетін өндірілген өнімнің (тауарлық, жалпы, таза өнім) санын (заттай көрсеткіштерде) немесе құнын сипаттайтын еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |