Ө = ӨӨ / ПС,
мұндағы,
Ө– еңбек өнімділігі (өндірме);
ӨӨ- өндірілген өнім көлемі;
ПС – персонал саны.
Сағаттық өндіріс жұмыстың әр сағатындағы еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек қарқындылығы және оның өндірістік күші уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек мөлшерін, қызметкердің біліктілігін, техника мен технологияның прогрессивтілігін, өндірістің ұйымдастырушылық деңгейін және т.б. сипаттайды. Осы факторлардың барлығы жұмысшының сағаттық өндірісін анықтайды.
Еңбек ресурстарын пайдалану қарқындылығының деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жалпылама, жеке және қосалқы көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіруі, сондай-ақ бір жұмысшыға шаққандағы құндық мәндегі орташа жылдық өнім өндіру жатады. Жеке көрсеткіштер – бұл белгілі бір түрдегі өнім бірлігін өндіруге (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе белгілі бір түрдегі өнімді заттай түрде бір адам-күн немесе адам-сағат ішінде шығаруға кететін уақыт.
Достарыңызбен бөлісу: |