Еңбек өнімділігінің мәні және факторлары


«КАЗЛЕГПРОМ-АЛМАТЫ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ



бет6/11
Дата28.01.2022
өлшемі178,83 Kb.
#115278
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
слова

2. «КАЗЛЕГПРОМ-АЛМАТЫ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

«Казлегпром-Алматы» ЖШС Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласында жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын 2011 жылдан бері тігін және аяқ-киім өндірісі бойынша нарықта беделді қызмет атқарып келеді.

Кәсіпорынның миссиясы: отандық жеңіл өнеркәсіп саласында тігін және аяқ-киім нарығын бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету.

Суретте көріп отырғанымыздай, «Казлегпром-Алматы» ЖШС бүгінгі таңда өндірістік процесс пен қызметті қатар ұстанушы кәсіпорын. Өндірісте ерлер киімі және аяқ киім, арнайы киім және аяқ киім, әскери киім, мектеп формасы және аяқ киім линиялары жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдері ресми дүкендерде сатылады. Бүгінгі таңда Алматы қаласында екі дүкен жұмыс істейді: оның біреуі – «MEGA Alma-Ata» сауда-саттық сауықтыру кешенінде, ал екіншісі - «MEGA Silk Way» сауда орталығында.

Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстар, республикалық қорғаныс органдары, қарулы күштер органдары, қорғаныс министрлігі, ішкі әскери комитет сияқты мекемелермен тығыз әріптестік қарым-қатынастар орнатқан.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның өндірістік көлемі жылына 1,5 млн-нан астам тігін өнімдерін, 500 мың данадан жоғары аяқ киім өндіруге бағытталған. Кәсіпорынның өндірістік көлемі 1 гектар аумақта 12 033,7 шаршы метрді қамтиды.



Кәсіпорынның салада беделді қызметі сапа менеджменті стандарттарына сәйкестілігмен де байланысты. Кәсіпорынның өнімдері ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» және ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі» ҚР СТ талаптары аясында сәйкестілік сертификаттары бар. Сонымен қатар кәсіпорынның өнімдеріне СТ-KZ сертификаты берілген. Бұл сертификат кәсіпорынның отандық өндірістегі үлесін айқындайды және 52%-дан 84%-ға дейін қамтып отыр.

К әсіпорынның салада белсенді әрі табысты қызметін талдау мақсатында негізгі табыстылық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді (4-сурет).


4-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерінің серпіні, мың теңге

Кәсіпорынның негізгі табыстылығын анықтайтын қаржылық көрсеткіштері талданып отырған 2018-2020 жылдар аралығында аса өзгерістерге ұшырамаған. Бірақ, 2019 жылы 2018 жыл және 2020-жылдармен салыстырғанда пайда мөлшері орта есеппен 29%-ға кеміген және небәрі 465 785 мың теңгені құраған. Ал 2020 жылы өнімнен және қызметтен түскен табыс көлемі 33%-ға артып, 7 336 425 мың теңгені құраған. Сәйкесінше өнімнің өзіндік құнының да өскенін байқауға болады. 2020-жылғы өсімнің орын алуы қосымша өндірістік тізбектердің қосылуымен байланысты болған. Киім өндірісі материалды көп қажет ететін салаларға жатады.

Ал жалпы өндірістегі шикізат пен материалдар үлесіне шығындардың құрылымы 80% - ға дейін келеді.

5-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС өнімдерінің пайдадағы ассортименттік үлесі, %

Суретте кәсіпорынның пайдасы ерлер киімі және аяқ киім, арнайы киім және аяқ киім, әскери киім, мектеп формасы және аяқ киім өндірістерінен құралады. 2020-жылы 2019- жылмен салысытрғанда ерлер киімі және аяқ киім 11% кемісе, әскери киім 15%-ға өскен, сонымен қатар арнайы киім және аяқ киім 8%-ға өскен, керісінше мектеп формасы және аяқ киім үлесі 14%-ға төмендеп кеткен. Мұның себебі, пандемия жағдайында мектеп формасы мен аяқ киімге сұраныс күрт төмендеген болатын.

Кәсіпорында басқару жүйесі жақсы жолға қойылған.



6-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ны басқарудың ұйымдық құрылымы

Тігін фабрикасын басқарудың ұйымдық құрылымы функционалды сызықтық болып табылады. Жалпы байқағанымыздай, кәсіпорынның ұйымдық басқару құрылымының екінші деңгейінде материалдық-техникалық қамту бөлімінің директоры, қаржы директоры, коммерциялық директор, HR директоры, өндірістік директор бар.

«Шебер» оқыту орталығы келесі мамандарды даярлаудан өткізіп отырады: киім бойынша дизайнер, тігіншілер, аяқ киім тігуші, тігін жабыдықтарының механиктері, аяқ киім өндірісінің мамандары. Осы оқу орталығын бітірген мамандарға Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның атынан сертификат беріледі. Кәсіпорын тек оқытып қанай қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырады.



7-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның құрылымы

«Казлегпром-Алматы» ЖШС тігін өндірісінде киім жобалау бөлімі, кесіп дайындау цехы, тігін цехтары бар. Әрбір цех бойынша өндірістік операциялар тізбекті және паралелльді принциптер бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

8-сурет – «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның персоналдарының құрылымы

Ескерту: автормен құрастырылған
Жалпы кәсіпорынның нарықта қызметін бағалау мақсатында оның әлсіз және күшті, мүмкіндіктері мен қауіптеріне SWOT-талдау жүргізілді (1-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет