17-Сурет . Ұнтақты өрт сөндіргіштердің сызбалары:
а – ОП-1 «Момент-2П»;
б – ОПС-1;
в – ОПП-8.
Қолданылуы: Өрт кезінде от сөндіргішті бекітілген орнынан ағытып алып қақпаның шегесін қатты нәрсеге соғу керек. Сонан соң от сөндіргіштің жұмыс істеген сәтінде шыққан ұнтақтың тыныс органдарына және көзге тимегені абзал.
18-Сурет. ОСП-1 өрт сөндіргіштің әрекеті сызбасы:
а - өздігінен қосылған кезде;
б – қолмен қосқан кезде.
Өрт сөндіргіштің типі мен қажетті санын таңдау олардың өртті сөндіру қабілетіне, аумаққа және өрттің класына байланысты болады.
А класты өрттердің қатарына органикалық болып табылатын, өртенуі ұзақ уақыт бықсып жануға әкелетін қатты заттардың (ағаш, қағаз, текстиль) өртенуі, В класты өртке – жанғыш сұйықтардың және ерігіш қатты заттардың, С класына – газдың жануы, Д класына – металдар мен олардың құймаларының жануы, Е класына – электр құрылғыларының өртенуі жатады.
Өрт сөндіргіш типін таңдау (жылжымалы немесе қол) ықтимал өрт көздерінің көлеміне байланысты болады. Өрт аумағы көлемді болса, жылжымалы өрт сөндіргішті қолданған тиімді. Сондай – ақ өрт сөндіргішті пайдаланғанда оның температуралық шектемелерін ғимараттың немесе ғимараттың қолданылуының климаттық жағдайларына сәйкес болуын есепке алу қажет. Автоматты стационарлы өрт сөндіргіш құрылғылармен жабдықталған бөлмелерде олардың есептік санының 50 пайызы есепке алынады. Өрттің ықтимал ошағы мен өрт сөндіргішке дейінгі қашықтық қоғамдық ғимараттар мен имараттарда 20 метрден кем болмауы тиіс. А,Б және В типті бөлмелерде 30 метр, В және Г категориялы бөлмелерде 40 метр, ал Д категориялы бөлмелерде 70 метрден кем болмауы тиіс.
Өртті сөндірудің алғашқы құралдары дәліз бен өтпелерде адамдарды көшіруге бөгет болмауы тиіс. Оларды шығатын есікке тақау, көрнекі жерге, 1,5 метрден сапайтын биіктікте орналастыру қажет. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарын орналастыру үшін өндірістік және қойма бөлмелерінде, сондай – ақ нысан аумағында өрт қалқандары (пунктері) жабдықталуы тиіс.
№9 Сабақ тақырыбы: Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары
Сабақ мақсаты: Тыныс жолдарын қорғау құрал- жабдықтарының түрлері- мен танысу және пайдалану мақсатымен танысу
Достарыңызбен бөлісу: |