«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған



бет1/7
Дата06.12.2016
өлшемі13,96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Ш.Т. Бейсебаев



«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі»
пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған

оқу құралы

СЕМЕЙ – 2010




Бейсебаев Ш.Т. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған оқу құралы.Шәкәрім атындағы СМУ.Семей қаласы.2010-80бет.

Пікір берушілер:


Сарсембенова О.Ж. - «Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедра-сының доценті, техника ғылымының кандидиты

Әділжан Әзімжанұлы – ШҚО еңбекті бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті, Семей қаласы аймағы бойынша бақылау басқармасы бастығы
Оқу құралы жоғары оқу орындарында жүретін «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің Типтік оқу жоспарына сәйкес дайындалған. Оқулыққа өндіріс орындарындағы еңбек жағдайларын ұйымдастыру және бақылау жұмыстарының , табиғи және техногенді төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәселелерінің тәжірибелік сұрақтары кіреді.Оқу құралы техника-лық, ауыл шаруашылық және басқа да мамандықтар студенттеріне арналған.

Басылымға Шәкәрім атындагы С М У оқу - әдістемелік кеңесі ұсынады.


Шәкәрім атындагы Семей Мемлекеттік Университеті , 2010




Мазмұны
№ 1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу................................................................................................ 4

№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тексеру және тiркеу....................................................................................................................... 8

№3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру......17

№4 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы табиғи жарық мөлшерін анық-тау........................................................................................................................... 23

№5 Сабақ тақырыбы: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтар-дың қауіпсіздігіне баға беру................................................................................ 27

№6 Сабақ тақырыбы: Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері............................................... 32

№ 7 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы

зиянды заттардың мөлшерін анықтау................................................................ 38

№8 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар............................................... 42

№9 Сабақ тақырыбы: Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары..............47

№10 Сабақ тақырыбы: Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар............................................................51

№11 Сабақ тақырыбы: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеле-нуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар.................................... 56

№12 Сабақ тақырыбы: Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау ...........................................................................................66

№13. Сабақ тақырыбы. Азық-түлікті, шикізатты, суды радиоактивтік, химия-лық және бактериологиялық залалдан қорғау................................................... 71

№ 14. Сабақ тақырыбы. Жер сілкінісі залалынан қорғану мәселелері.......... 75

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 79


1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу.
Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау

  2. Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi

  3. Жеке тапсырма.

Жұмыс ретi:

1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті? 2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?

3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі? 4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
Алғысөз

«Жұмыскерлерді қауiпсiз еңбек етуге оқыту, еңбек қорғау , қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдерін тексеру және нұсқауларды жүргізу ережелері» Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313 бабына сәйкес, ҚР «Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің» 23 қыркүйек 2007 жылғы № 205 л бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже барлық халық шаруашылығы салаларының мекемелерi мен кәсiпорындарында бiрдей жүредi.

I. Негiзгi баптар

1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде:



  • жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында ; (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде)

  • мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек.

1.2 Комплекстi бригада мүшелерiн қауiпсiз еңбек етуге оқыту бағдар-ламасы , оның негiзгi мамандығымен қатар, қосалқы мамандықтарында қамтуы керек.

1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi.

1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды.

Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi

1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.

II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.

2.1 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарла-масына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен «Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне» сәйкес оқытылуы қажет.

2.2 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады.

2.3 Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi.

2.4 Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.

2.5 Сабақ бiткен соң , алған бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан алынады.



III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (внеплановый); 5шi – тиiстi нұсқау (целевой).

3.1 Алғаш жұмысқа орналасуға келген адаммен кiрiспе нұсқауды еңбек қорғаудың инженерi, ондай маман болмаған жағдайда , бұйрық бойынша , оның мiндетi жүктелген адам өткiзедi.

3.2.Егер еңбеккер сол кәсiпорынның iшiнде бiр саладан екiншi салаға қызметiн ауыстырса мысалы: механизатор, құрылысшы болып ауысса, онда сол саланың бас маманы кiрiспе нұсқауды өткiзе алады.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды , қайталама және тиiстi нұсқауды - жұмыс берушi - бөлiмше бастығы өткiзедi.

3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.

3.4 Кiрiспе нұсқауды арнайы жабдықталған , қазiргi талапқа сай, техникалық оқу және үгiт , көрнекi құралдары бар еңбек қорғау кабинеттерiнде өткiзедi.

3.5 Кiрiспе нұсқауды -өндiрiстiң барлық ерекшелiктерiн ескере отырып, қауiпсiз еңбек ету стандартының шарттарына сәйкес жасалған жолнұсқа (инструкция) бойынша жүргiзедi. Жолнұсқа , жергiлiктi кәсiподақ комитетiмен келiсiлiп кәсiпорынның басшысы немесе бас инженерi бекiткен соң , күшiне енедi.

3.6 Жүргiзiлген кiрiспе нұсқау ''Кiрiспе нұсқауды тiркеу журналына'' жазылып, рәсімделеді немесе нұсқау алушыға жеке карточка толтырылып нұсқау берген және нұсқауды алған адамдардың қол қоюымен расталады. (кiрiспе нұсқаудың мазмұны осы жазбаның соңында берiлген)

3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.

Ескерту !

Кәсiпорында (мекемеде) еңбек барысында құрылғылар , аспап-жабдықтарды пайдаланбайтын , олармен жұмыс iстемейтiн, материалдарды , шикiзаттарды сақтауға қатысы жоқ еңбеккерлермен , қызметкерлермен жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау өткiзiлмейдi.

3.8 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды әр адаммен жеке түрде және қауiпсiз еңбек ету әдiстерi мен жолдарын көрсете отырып өткiзедi.

3.9 Нұсқауды әр жұмыстың ерекшелiгiне , әр мамандыққа арналған,қауiпсiз еңбек ету стандартына сәйкес жасалған жолнұсқа бойынша/инструкция/ жүргiзедi. . Жолнұсқа , жергiлiктi кәсiподақ комитетiмен келiсiлiп кәсiпорынның басшысы немесе бас инженерi бекiткен соң , күшiне енедi.

3.10 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды алған адам 2-5 кезек /смена/ бригадир немесе шебердiң бақылауымен жұмыс iстейдi.

3.11 Нұсқауды алушы адам ''Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды тiркеу журналына'' айы, күнiн көрсетiп қол қойған соң ғана өз бетiнше жұмыс iстеуге рұқсат алады.

3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.

3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.

Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.

3.14 Қосымша нұсқау:

- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;

- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;



  • еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;

  • бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.

3.15. Қосымша нұсқауды жеке түрде немесе бiрыңғай мамандық иелерiмен топтасқан түрде , жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың көлемiнде өткiзедi.

3.16. Тиiстi нұсқау :

- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).

- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;

Қауіпті жұмыстарды орындау алдында нұсқауды өткiзу үстiнде наряд-допуск толтырылады. Айтылған iс қағазына жұмысшының бiлiм дәрежесiн тексеру нәтижесi жөнiнде , жұмысқа қатысатын адам саны, олардың басқарушысы кiм, жұмысты ұйымдастыру жолы, жұмыс барысында қолданылатын және еңбек қауiпсiздiгiн сақтауға қажеттi құрал-жабдықтар туралы мәлiметтер кiредi.

3.18 Тиiстi нұсқау алып, бiрақ тексеру кезiнде қанағаттарлықтай бiлiм дәрежесiн көрсете алмаған еңбеккер жұмысқа жiберiлмейдi.

3.19. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау , қайталама және қосымша нұсқауларды өткiзген бөлiмше бастығы, ол туралы ''Жұмыс орнында өткiзiлген нұсқауларды тiркеу журналына '' толтырады. Журналға нұсқаудың түрi жазылып, нұсқау берген және нұсқау алушы адамдар уақытын көрсетiп, қолдарын қояды.

Қосымша нұсқауды тiркегенде, оның кезектен тыс жүргiзiлу себебiн көрсету керек.


Кiрiспе нұсқаудың мазмұны.

  1. Кәсiпорын /мекеме/ туралы жалпы деректер

  2. Еңбек қорғау заңнамалары (өкiмет, министерлiктер бұйрықтары; қауiпсiз еңбек ету стандарттар жүйесi; жұмыс және демалыс уақыты; әйелдер және жасөспiрiмдер еңбегiн қорғау заңдары; шаруашылықтың iшкi еңбек тәртiбi).

  3. Қауiпсiздiк техникасы ережелерi.

  4. Өндiрiстiк санитария жағдайлары (зиянды өндiрiстiк факторлар туралы жалпы түсiнiк; өндiрiстiк желдету, жарықтандыру, шу мен дiрiл туралы және оларды реттеу, күресу жолдары).

  5. Еңбеккерлерге арналған жеке басын қорғау құралдары және арнайы киiм туралы мәлiметтер

  6. Өрт қауiпсiздiгi мәселелері (өрт қауiпсiздiгi нұсқаулары, өрттiң себептерi, өрттiң алдын - алу шаралары, өрт сөндiруге арналған бастапқы құралдар мен оларды пайдалану жолдары).

  7. Жапа шеккен /жарақаттанған/ адамға алғашқы көмек көрсету түрлерi.


Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұны.

  1. Өндiрiс бөлiмшесiнiң технологиялық процесci, жабдықтары жөнiнде жалпы деректер. Негiзгi қауiптi және зиянды факторлар / әсерлер/

  2. Жұмыс орнында жабдықтарды дұрыс, қауiпсiз орналастыру және сол тәртiптi сақтау

  3. Станоктiң / машинаның, құрал-жабдықтың/ құрлысымен олардың қауiптi жерлерiмен таныстыру ; жарақаттанудың алдын алатын қорғау, тежегiш аспап-жабдықтармен таныстыру. Оларды дұрыс пайдалану жолдары.

  4. Жұмыс орнындағы жеке басты қорғау құралдарымен таныстыру және оларды пайдалануды үйрету.

  5. Цех териториясында қауiпсiз жүрiп-тұру жолдарымен таныстыру

  6. Цех iшiндегi тасымалдау және жүк көтеру машиналарын пайдалану ережелері. Жүктi тиеу-түсiрудің қауiпсiздiк ережелерi.

  7. Өрттiң алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігі ережелері. Бөлiмшедегi өрт сөндiру құралдарын пайдалану және өрт бола қалған жағдайдағы әр жұмысшының мiндетi туралы ескертпе.

2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу.



Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен , талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау

  2. Актiнiң нұсқасы

  3. Жеке тапсырма

Жұмыс ретi:

  1. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде?

2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай?

3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша?

4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi?

5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi?

6. Егер жазатайым оқиға ұшыраған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бiрнеше күннен кейiн /3,5,10/ айтса, бұл жағдайда тексеру қалай жүргiзiледi?

 

     Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.



      1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
      1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адам-дардың;
      2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;
      3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
      4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген кү-зет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жө-ніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүше-лерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
      2. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндетте-рін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс беру-шінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:
      1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс ор-нын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;
      2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұ-мыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
      3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтиже-сінде;
      4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
      5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;
      6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда, өзінің жеке көлігінде;
      7) жұмыс берушінің үкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұ-мыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жа-сау кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.
      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өз-ге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс бе-рушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде орындаған кезде;
      2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зар-дап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен рас-талған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен бай-ланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өнді-рістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де за-данулары ретінде ресімделмейді.
      4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұ-мыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мін-детті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қыз-меткерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байла-нысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпи-демиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.
      5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
      Ескерту. 322-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.

      1. Жұмыс беруші:


      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қа-жет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
      2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;
      3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмы-сын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтау-ға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
      4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құ-қықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарла-ма жіберуге;
      5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
      6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
      7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уә-кілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
      1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
      2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті ор-гандарға;
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік ор-ганға;
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
      5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс бе-рушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
      Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кез-де жұмыс беруші:
      1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
      2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті ор-гандарына хабарлауға тиіс.
      3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
      1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақ-саттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
      2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіру-ді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
      3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
      4) мыналарды:
      жүмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік фак-толардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейне-материалдарды және т.с.с);
      нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамала-рынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алын-ған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, маман-дардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
      зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медици-налық қорытындыны;
      зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен ау-мақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жа-затайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқама-ларынан үзінді көшірмелерді;
      комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжат-тарды береді.
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.

      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді:


      төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынба-сары;
      мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
      Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
      1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
      3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
      3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі,қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
      4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік ор-ганның өкілдері қатысады.
      5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қаты-суға құқылы.
      6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мек-тептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатай-ым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкі-лінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын ко-миссия жүргізеді.
      8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйым-ның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жаза-тайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.
      10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиға-ларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негі-зінде жүргізіледі.
      Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комис-сия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндет-ті.
      11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар-дың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап ала-ды, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
      12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатай-ым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша неме-се мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
      13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұ-мыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байла-нысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жа-затайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұ-зылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
      14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнін-дегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
      15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді.
      Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдай-лары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамас-тан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:


      төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-руді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
      3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жө-ніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнін-дегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топ-тық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мем-лекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Өкіметі құрған комиссия жүргізеді.
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың маман-дары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатай-ым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қа-терлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған ко-миссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссия-ның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адам-дарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі бас-шысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу.

      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.


      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың сани-тарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган-ның өкілі де қол қояды.
      Егер жұмыс беруші жеке тұлєа болса, жазатайым оқиға туралы акт толты-рылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
      Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін процентпен айқындайды.
      Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мү-шесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.
      4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.
      Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемио-логиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.
      5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға тура-лы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі, жұмыс берушіге жазба-ша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.
      6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ре-сімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің жә-не мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәр-тіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұр-ған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді.
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемле-кеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшір-мелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібере-ді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.
      8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқи-ғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу жур-налына жазылады және өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жара-қаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қой-ып, белгіленген тәртіппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі.
      9. Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек инспек-циясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар тура-лы мәліметтерді тиісті кезеңдегі өсу қорытындысын көрсетіп, ай сайын беріп отыруға міндетті.
      10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға не-месе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндіріс-тегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.
      12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тер-геп-тексеру актісімен қатар:
      1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өт-кені туралы мәліметтер;
      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіз-дігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
      3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзін-ді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-масыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
      6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптама-лардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
      7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
      8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
      9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лау-азымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
      10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді кө-шірмелер жасауға құқылы.

       Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау.

      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөнін-дегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторла-ры өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұн-дай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орын-далуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексе-рулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен ар-найы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбай-ды.

3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру.


Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру.
Оқу құрал жабдықтары:

  1. Зертханалық термогигробарометр (температураны, қысымды және ылғалдылықты өлшейтін аспап).

  2. Гигрограф М – 21 / ылғалдылықтың өзгерісін жазатын аспап/.

  3. Тұрмыстық термометр.

  4. МЕСТ – тар анықтама жинағы.


Жұмыс реті :

1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмысымен, құрылысымен танысу.

2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу.

3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп , тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау.

4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.

Тақырыпқа кіріспе.

Өнеркәсіптегі жұмыс бөлімдерінің микроклиматы ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым шамасымен сипатталады.

Микроклиматты сипаттайтын осы жағдайлар жыл мерзіміне, бөлменің көлеміне, жұмыс технологиясына байланысты өзгеріп отырады. Еңбеккер кәсіби ауруларға ұшырамау үшін, жоғарыда айтылған жағдайларды білген жөн.

Осы жағдайлардың қолайлы мөлшері стандарттармен белгіленеді. Жұмыс орнының микроклиматын – бөлме ауасын желдету/ вентиляция/, ауаның ылғалдылығын арттыру, ыстық цехтарда ауаны салқындату, жылдың суық мезгілдерінде бөлме ауасын жылыту сияқты шаралар арқылы реттеуге болады. Ал мұндай шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, жұмысшыларға арнайы киімдер берілуі керек.


Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері


Жыл маусымы

Жұмыс дәрежесі

Микроклимат көрсеткіштері

Температура

0С

Салыстырмалы

Ылғалдылық, %



Ауа қозғалыс жылдамдығы

Суық және ауыспалы мезгіл


Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I , I I



20...23
18...20
17...19

16...18


60...40
60...40
60...40

60...40


0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін

0,2 дейін



Жылы мезгіл

Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I , I I





22...25
21...23
20...22

18...21


60...40
60...40
60...40

60...40


0,2 дейін
0,2 дейін
0,4дейін

0,5 дейін



Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады.



Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады.

Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған.

Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет).

Оның бірі ылғалды( сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен.



Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет)

Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз.



1-Сурет . Қос термометр:

1 – қара түсті термометр

2 – күміс түстес термометр






2-Сурет . Тұрақты Августың психрометрі:

1 – суланған дәке (марлі,бинт );

2 - «ылғалды» термометр;



3- «құрғақ» термометр