Программалары Сабақтың түрі: «Сот отырысы»



бет1/36
Дата10.06.2017
өлшемі3,29 Mb.
#18684
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Абдираманова Альбина Бахбергенқызы

Информатика пәнінің оқытушысы

ОҚО, Түркістан медицина колледжі МКҚК

Turmed@mail.ru

Сабақтың тақырыбы: Антивирустық қорғау программалары
Сабақтың түрі: «Сот отырысы» атты театрландырылған (онлайн) сабақ
Уақыты: 90 мин
Курсы: II
Тобы: А-201
Өтілетін орны: I ғимарат 315 компьютерлік технология кабинеті

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Кәсіби бағдар беру, ғылыми жобалау, оза оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;

  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді “Вирус”, қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту. Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру;
Дамытушылық: Компьютерлік вирустар және антивирустық қорғау программалары туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Студенттерді жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.


Студент білуі керек:

  • Ақпаратты қорғаудың маңыздылығын;

  • Вирустың түрлерін;

  • Ақпаратттарды вирустан емдеуді;

  • Компьютерді вирустардан қорғауды.


Студент істей алуы керек:

  • Антивирустық программаларды компьютерге орнатуды;

  • Зақымдалған программаларды емдеуді;

  • Алдынала (флешка, USB, дискет) қоспас бұрын емдеуді;

  • Антивирустық программалармен жұмыс істеуді.


Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті,

дамыта оқыту, ойын, компьютерлік, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, бақылау, бағалау, коммуникативтік оқыту технологиясы.


Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

Сабақтың әдісі – Интерактивті тақта, компьютерде жұмыс істеу, бейне таспадан үзінді көрсету, жаңа бағдарлама орнату, көрнекілік құралдарды қолдану, өзіндік іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту, кесте толтыру және білім мен тәжірибені байланыстыру.
Пәндер аралық, пәнішілік байланыстардың құрылымдық- логикалық схемасы:










Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет