Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы



Дата11.01.2017
өлшемі33,69 Kb.
#6653
түріСабақ
Дүниетану

Жанбулатова Қуаныш Айдарбековна

№1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты

Сабақтың тақырыбы: Су.Табиғаттағы су айналымы.

Сабақтың мақсаттары: Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін , табиғаттағы су айналымын ұғындыру.Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Адамгершілікке, табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, әнгімелеу, проблемалық ізденушілік.

Көрнекілігі: Ш.Уәлиханов суреті, бұрымы, сөзжұмбақ, жұмбақтар, глобус, карта.

Техникалық құрал: Бейнетаспа.

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа сабақ.Кіріспе.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Су.Табиғаттағы су айналымы.Бұл тақырып сендерге тансық емес, алдыңғы сыныптан алған білімдеріңді паш етейік.

Жер шарына назар аударайық! Қандай тұжырым жасауға болады?

Жер бетінде ең көп таралған зат-су.Ол жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр.олар: мұхиттар, өзен-көлдер, теңіздер.

Оларды атап, картадан көрсетеді.Қосымша ұғымдар беру.

Оңтүстік Америкадағы ең биік сарқырама-Анхель сарқырамасы, Сібірдегі ең терең көл - Байкал көлі (2012 км), Ніл өзенінің ұзындығы - 6670 км, ірі көл - Каспий көлі.


  1. Ата-бабамыз суға байланысты қандай тыйым сөздер қалдырған?

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Су ішкен құдығына түкірме.

Сулы жер-нулы жер.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

2.Топпен жұмыс.

а) Жасырынып тұрған жұмбақтарды шешу.

1-топ. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.(Су)



2-топ.Өзі судан жаралған,

Бірақ судан қорқады.(Мұз)



3-топ.Көзге көрінгенімен,

Ұстасаң қолға ілінбейді.(Бу)

Жұмбақтар шешуіне қарап, қандай қорытынды жасаймыз?

Су-сұйық күйі

Мұз-қатты күйі

Бу-газ күйі.

ә)Ассоциация кұру

б)Тапсырмалар орындау



1-топ.Адам өміріндегі судың маңыздылығы.

2-топ.Табиғаттағы судың маңыздылығы.

3-топ.Табиғаттағы су айналымы.

3.Мәтінмен жұмыс.

а)Үлгі ретінде оқыту.Тізбектей оқыту.

ә)Плакат бойынша түсіндіру.

а ғ а ш

о қ у


қ а р

а н а


н е м е р е

1.Орман көркі.

2.Оқушының міндеті.

3.Қастың көркі.

4.Ең қымбатты есім.

5.Сен атаңа кімсің?

-Ерекше торкөзден қандай сөз шықты? (Шоқан)

-Шоқан кім?

-Шоқан - ғылым, зерттеуші, саяхатшы, суретші, тарихшы.

-Ол кісі туралы,ауылымызға қатысты не білеміз?

Шоқан атамыз Қашқарияға сапарында осы ауылымыздың топырағын басып, суын ішкен, дем алған.Ол кісінің қолжазбаларынан Қапал батырдың жерленген жері табылып, үлкен кесене орнатылды.

-Ал,енді балалар, ауылымызға Шоқан аталарың су ішіп, дәм татқан және де басқа бұлақтардың аттарын білеміз бе?

-Олар: Тастыбұлақ, Ақтасты, Ақтұма, Қызылжұлдыз, Қасқабұлақ т.б.

-Ауылымызда 12 бұлақ бар екен.Бейне таспадан жоғарғы сынып оқушылары көрейік.Айтатын пікірлеріңді ойланып отырыңыздар.

-Суды қорғау осылай өзімізден басталады.

4. Шығармашылық жұмыс.

1.Су-тіршілік көзі.(әңгіме жазу)

2.Су туралы мақал-мәтелдер жазу.

3.Бұлт түрлері.(суретін салу, түсінік беру)



5.Бекіту.Бағалау.

6.Үйге тапсырма:оқу, мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет