«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған



бет4/7
Дата06.12.2016
өлшемі13,96 Mb.
#3341
1   2   3   4   5   6   7

Ауа сорғыштың құрылысы:

13-ші Сурет. 1 – қорап; 2 – көрік (сильфон); 3 – пружина; 4 - кергіш сақина; 5 – екі ойықты өзекше; 6 – шток; 7 – втулка; 8 – фиксатор; 9 – жоғарғы негіз; 10 – резина түтік; 11 – штуцер.

Бұл жұмыста біз ауа құрамында кездесетін улы, зиянды заттардың ішінде аммиакты ғана анықтаймыз. Ол үшін газанализатордың көмегімен индикаторлық түтікше арқылы 250 мг ауаны сорып өткізу керек. Яғни қырында 250 мг деген саны бар штокты алып, оны сол қырымен фиксаторға орналастыру керек. Фиксаторды босатып тұрып, штокты, фиксатор штоктың қырындағы өзекшемен жылжып отырып жоғарғы ойыққа жеткенше басамыз, сонда көрік /сильфон/ ішінен 250 мг сығылып сыртқа шығады да сонша мөлшерде ауаны соруға дайын тұрады.



Индикаторлық түтікшені жұмысқа дайындау

Ұзындығы 90 мм, ішкі диаметрі 2,5 – 2,6 мм шыны түтікшені бір жағынан темір стерженді кіргізіп, екінші жағына мақтадан қалыңдығы 2,5 мм тығын жасаймыз. Оны тығыздалған соң стерженді алып түтікшеге воронка арқылы индикаторлық ұнтақ толтырамыз.

Түтікшенің қабырғасын еппен шерте отырып ішідегі қнтақты тығыздау қажет. Ығыздалған ұнтақтың мөлшері /ұзындығы/ 68 – 70 мм болу керек. Сонан соң екінші жағына да мақтадан тығын жасап жабамыз.

Дайын болған түтікшені ауа сорғыштың /воздухозаборное ус-во/ газанализаторға шлангысына жалғамас бұрын мына ережені қатаң сақтау керек.

Түтікшені жалғау алдында ауа сорғыштың штогі төмен басылып тұруы керек. Түтікшені шлангіге жалғап барын штокті басса, түтікше ішіндегі ұнтақ қысыммен бет көзге шашырауы мүмкін. Ал ұнтақтың зиянды әсері бар екенін естен шығармау қажет.

Жоғарыдағы нұсқаумен және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып дайындаған түтікшенің дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін оны ауа сорғышқа қосамыз да фиксаторды ағытып, ауаның түтікше арқылы сорылу уақытын тексереміз. Егер ол 2,40 мөлшерінде болса /таблицада көрсетілген/ онда түтікше дұрыс дайындалған, ал уақыты бұл мөлшерден не аз не көп болса түтікше дұрыс дайындалмаған деген сөз.

Оның дұрыстығы ұнтақтың тығыздығына, тығыдардың қалыңдығына байланысты. Ережеге сәйкес дайындалған түтікшенің тәжірибе кезінде көрсеткіші де қате болады.

Ауа сорғыштың да және индикаторлық түтікшені жұмысқа дайындаған соң студент кликадағы мал тұрған орынның ауасының құрамындағы аммиакты зерттейді.

Тексеру кезінде түтікше ішіндегі ұнтақ түрін өзгертсе, онда ауа құрамында аммиактың болғаны. Ал оның ауадағы мөлшерін, түрі өзгерген индикаторлық парашок шамасының ПДКкаточкасындағы шкаламен сәйкес келтіріп анықтаймыз. Ол үшін индикаторлық түтікшенің төменгі деңгейін ПДК шкаласының О (ноль) санымен сәйкес келтіреміз. ПДК шкаласымен түрі өзгерген парашоктың жоғарғы деңгейі сәйкес келген шкала тұсындағы сап, тексеріп отырған ауадағы аммиактың мөлшерін көрсетеді.

Істелген жұмыс қорытындысын дәптерге жазу керек. Ол үшін стандарт бойыша зиянды заттардың классификациясын, аммиактың қандай улы классқа жататынын білуі керек. Көрсетілген нұсқау бойынша жұмысын істеп бітірген соң оны оқытушыға өткізу керек (тәжірибе кестесі төменде көрсетілген).


Тәжірибе кестесі

Өлшенетін газдың аты, сипаттамасы

Тәжірибе №

Ауадағы газдың мөлшері, мг/м3







Жұмыс орнында

Санитарлық мөлшері

















































Жұмыс бойынша қорытынды :

8 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар. Сабақ мақсаты: Өрт сөндіруге арналған бастапқы және техникалық құралдармен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:



        1. Методикалық нұсқау.

  1. Плакаттар.Стандарттар жинағы.

3. Өрт сөндіргіш құралдарының түрлері.

Жұмыс реті:

1. ОХП-10, ОВП-10, ОП-1, ОУ-5 от сөндіргіштерінің құрылысымен мұқият танысу қажет.

2. Олардың пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

3. От сөндіргіштермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері қандай?


Кіріспе

Арнайы жану қүрылғылардан тыс, бақылап - реттеуге келмейтін, залал келтіретін жануды өрт дейміз. Халық шаруашылығында өрттен қоргану шараларын уақытымен ойластырып, іске асырып отырудың мэні зор. Жыл сайын өрт құшағында өндірістік ғимараттар, оның ішіндегі машиналар, әр түрлі жабдықтар кетіп, шаруашылықты көп шығынға ұшыратып отырады. Шағын от жылуының өзі /70°С температура/ өлімге соқтыруы мүмкін. Ал адамға, құсқа өрт түтінінің өзі қауіпті. Сондықтан өрт қаупін болдырмау шараларын алдын - ала іске асырып отыру керек.

Өртті болдырмау үшін өндіріс ғимараттарында, электр қыздырғыш эле-менттерді пайдаланатын, жанғыш материалдардан өнім дайындау,жанар- жағар май сақтау, дайындау орындарында өрттің алдын - ала ұйымдастыру шараларымен өрттен қорғаудың техникалық шараларын жүргізу керек.

Өрттен қорғау шараларына өнеркәсіптік цехтарда,шаруашылықтардағы қоражай, басқа ғимараттар салу кезінде жанбайтын немесе жай жанатын материалдарды қолдану, жанар майды пайдалануды қатаң тәртіпке келтіру, өрт сөндірудің тиімді құралдарын пайдалану, көпшілік және жеке өрттен қорғау жабдықтарын пайдалану, түтіннен қорғану, өрт дабылын беретін құралдарды орнату және объектілерді күзету шаралары жатады.

¥йымдастыру шараларына цехтарда, қоражайларда, өрт қаупі бар объектілерде, ерікті өрт сөндіргіш дружиналарын немесе өрттен қорғау ұйымдарын, техникалық комиссиясын құру, еңбеккерлерді, қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі жүйесіне оқыту, арнайы нұсқауларды беруді ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі ережелерін жасау және үгіт насихат жұмыстары жатады.
Өрт сөндіргіш құралдар.

Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әр түрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алынып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын өрт сөндіргіштер, гидропульттер,бастапқы құралдар- су құйылған ыдыс, шелек, құм салынған жәшік, кигіз т.б. заттар жатады.

Сондықтан әр объектіде өрт сөндіру тақталары болу керек. Онда лом, темір, балта, күрек, аша сияқты құралдар болу міндетті. Гиропульт дегеніміз – қолмен жұмыс істейтін, суды сорып оны қысыммен жанып жатқан жерге беруге арналған сорғыш құрылғы. Қолға алып жүретін от сөндіргіштер өрт басталған кездегі шамалы өрт көздерін сөндіруге арналған құрылғылар. Олар: химиялық – көбікті және ауа көбікті, газбен (көмір қышқыл газымен, т.б) сөндіретін, ұнтақпен сөндіретін болып бөлінеді.

Химиялық – көбікті ОХП-10 /ОХВП-10/ қол от сөндіргіш – кернеу берілген электр құрылғыларынан басқа,қатты заттар мен жанғыш сұйықтар мен болған алғашқы от көздерін сөндіруге арналған. Сыйымдылығы 10л; сұйықты шашырату қашықтығы – 4м, жұмыс уақыты – 60 секунд. От сөндіргіштің кесілген суреті 14 – ші суретте көрсетілген. Мойын тұсында шашыратқыш тесігі бар. Оның сыртқы қорабы цилиндр тәріздес болат темірден жасалған. Мойынға қақпақ бұралады. Ыдыс ішінде пласмассадан жасалған кішірек балонға қышқыл құйылады. Оның ауызы клапанмен жабылады. Сыртына серіппе оралған клапанның штогы от сөндіргіштің қақпағының орта тұсынан сыртқа шығып тұрады. Штоктың жоғарғы жағына эксцентригі бар тұтқа бекітіледі. Тұтқа арқылы клапанды жоғары қозғауға болады. Ішкі от сөндіретін сұйығы негіз және қышқыл бөліктерінен тұрады. Негіз бөлігі, құрамында 450 – 560 гр биокарбонат натрийдің судағы ерітіндісімен /NaHCO3/ солодковый экстракт қоспасынан тұрады. Қышқыл бөлігі – күкірт қышқылы /H2SO4, 120 гр/ мен күкіртті темір қышқылы /FeSO4/ немесе аллюминий тотығының қоспасы.

Қышқыл бөлігі полиэтиленді кішкене ыдысқа құйылса, негіз бөлігі сыртқы қорапқа құйылады. Екеуі араласқан кезде химиялық реакция жүріп, нәтижесінде көбік пайда болады. От сөндіргіш сұйығы қыста қатып қалмау үшін оның негіз бөлігіне этиленгликоль немесе РАС көбіктендіргіш қосады.



Ауа көбікті ОВП-10 тектес от сөндіргіштері органикалық негіздегі қатты заттармен, сұйық жанғыш заттармен болған жануды сөндіруге арналған. Бұл өрт сөндіргіштерді ауаның қатынасынсыз жанатын заттарды, жанған металдарды және кернеу беріліп тұрған электр құрылғыларында болған жануды өшіруге қолдануға болмайды. Ыдыс сыйымдылығы 10л. Көбікті ағынның жету қашықтығы – 4-5 м. Ағынның шығу мерзімі 45 сек. Жұмысшы газы – көмірқышқыл газы. От сөндіргіш сұйығы – 6 процеттік ПО-1 көбіктендіргіштің судағы ерітіндісінен тұрады. Ерітіндіні сыртқа шығаратын арнайы балондағы қысылған көмірқышқыл газы. Шығар ауыздағы насадок арқылы өткен газ, ауа және ерітінді араласып, көбік пайда болады. Көбіктің көлемді ұлғайту мөлшері 60 ретке дейін.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет