Еңбек тәрбиесі



Дата11.01.2022
өлшемі277,76 Kb.
#111030
Байланысты:
Еңбек тәрбиесі

Еңбек тәрбиесі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Педагогтар, көрнекі адамдар еңбек тәрбиесі туралы

Әбу- Насыр әл-Фараби (870-950) тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. «Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогі Я.А Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі- гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамда қайта құрудың басты принципі гуманист және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Я Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуы тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

Ағылшын педагогі Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған «табиғаттқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзе асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі6 жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чрльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесін маңызын жоғары бағалаған еді.

К.Д. Ушинский талаптарының ең басты талаптарының бірі – еңбексүйгішттікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қнадай іске болсада шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынады Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Осы жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады

Еңбекке тәрбиелеу

Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.

Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.

Еңбек тәрбиесінің міндеттері: – оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру; – белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту; – тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту; – жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру; – оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты Балалардың еңбекке деген дұрыс көзңарасын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет