ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш мектеп (1-4 сынып)
Астана 2015
Еңбекке баулу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектепте апробациядан өткізуге арналған эксперименттік бағдарлама). – Астана, 2015. – 27 б.
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны
I Жалпы мәлімет 4
1 «Еңбекке баулу» пәнінің маңыздылығы 4
2 «Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5
4 «Еңбекке баулу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 7
5 «Еңбекке баулу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер 9
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі 12
9 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы 13
II «Еңбекке баулу» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 15
2. Оқу мақсаттарының жүйесі 16
I Жалпы мәлімет
1 «Еңбекке баулу» пәнінің маңыздылығы
«Еңбекке баулу» пәні адамның өзін қоршаған ортамен өзара байланысы жайлы білімдерін қалыптастыруға, еңбек әрекетінің алғашқы дағдыларын дамытуға, қоғам дамуындағы адам әрекетінің рөлін түсінуге, сондай-ақ еңбексүйгіштікке, адамдар мен олардың еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге көмектеседі. Оқу бағдарламасы түрлі материалдарды көркем өңдеудің негізгі технологияларын, бұйымдарды модельдеу және құрастырудың техникалық-технологиялық дағдыларын, материалдар мен құралдарды тиімді және ұтымды қолдануды, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін зерделеуге және игеруге бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.
Пәнді оқыту:
оқушылардың алғашқы жалпыеңбек, еңбек және арнайы дағдыларының, экологиялық мәдениетінің дамуына негіз болатын техникалық-технологиялық білімді қалыптастырады;
Қазақстанның халықтық сәндік-қолданбалы өнеріне тән бұйымдарды әзірлеу ерекшеліктері мен тәсілдері туралы білімін қалыптастырады;
заттарды көркем-эстетикалық қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
зерттеушілік және эксперименттік іс-әрекет арқылы табиғи, жасанды материалдардың қасиеттері туралы білімдерін дамытады;
мектепте алған білім мен дағдыларын күнделікті өмірде пайдалануға ықпал етеді;
көркем және технологиялық іс-әрекетке қызығушылығын дамытады;
жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын дамытады;
оқушылардың жеке тұлғалық өсуіне, көркем-шығармашылық жұмыстары мен жобаларындағы түпкі ойы мен пікірін білдіру арқылы қоршаған ортадағы өзін және өзінің рөлін түсінуіне көмектеседі;
өз тәжірибесін әр түрлі тәсілдермен, шығармашылықпен көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді және жасампаз еңбек етуін ынталандырады;
заманауи тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өз ойын жеткізе білу және өзін жетілдіре білу қабілеттерін дамытады;
еңбек құралдары және материалдарымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын және жеке еңбек гигиенасы ережелерін сақтау туралы білімін кеңейтеді;
еңбек материалдары мен құралдарын үнемді және ұқыпты ұстау дағдыларын дамытуға ықпал етеді, еңбексүйгіштікке, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелейді;
оқушылар политехникалық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал етеді;
өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;
жаңа шығармашылық шешімдер мен өзара оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігін ашады және пәнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытады.
негізгі тұрмыстық қызмет жайлы білімдерін дамытады, тұрмыстық техниканы дұрыс қолдану, киім, аяқ киім, өсімдік және жануарларды дұрыс күту әдістерін түсінуге көмектеседі.
2 «Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Еңбекке баулу» пәні бағдарламасының мақсаты – оқушылардың технологиялық мәдениетін және функционалдық сауаттылығын дамытуға көмектесетін техникалық-технологиялық білім мен дағдылардың негіздерін, еңбек іс-әрекетінің бастапқы тәжірибесін қалыптастыру, еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.
«Еңбекке баулу» пәні бағдарламасы:
еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптастыруға;
пәнаралық интеграция арқылы пәндік білімдерді қалыптастыруға;
түрлі бұйымдарды модельдеу арқылы құрастырушылық білімдер мен дағдылардың негіздерін қалыптастыруға;
көрсету, эксперимент жүргізу, бақылау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, кеңістіктік қиялын, өнердің визуалды және тактильді тілдері арқылы қоршаған әлемге өз көзқарасын білдіру қажеттілігін қалыптастыруға;
оқушыларды қазіргі ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірістің, көлік пен құрылыстың негіздерімен таныстыруға;
оқушылардың визуалдық және эстетикалық қабылдауының, сын тұрғысынан ойлау қабілетінің дамуы үшін өнер жанрлары туралы білімдерін қолдануға;
техникалық-технологиялық терминдерді пайдалану арқылы оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге;
танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тәжірибесін қалыптастыруға;
өзінің көркем жұмысын орындау үшін ақпарат түрлерімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;
табиғи және жасанды материалдармен түрлі практикалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға;
бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен және топпен жұмыс істеу арқылы коммуникативтік және тілдік дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Бағдарлама бойынша оқу барысында оқушылар:
табиғи, жасанды материалдардың қасиеттерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қасиеттердің үйлесімділігін, сондай-ақ бұйым дайындаудың түрлі техникалары мен технологияларын зерделейді және талдау;
өз жұмысын дербес ұйымдастыруға тырысады: мақсатын анықтайды, жұмыс кезеңдерін айқындайды, қажетті материалдар мен құралдарды табады және тандайды, өз жұмысының нәтижесін бақылайды және бағалайды;
шығармашылық зерттеу, эксперимент жүргізу барысында әр түрлі оқу ресурстарын, сонымен қатар АКТ құралдарын қолданады;
шығармашылық жұмыстарды орындау үшін түрлі материалдар мен құралдарды дербес және сенімді қолданады, материалдың қасиеттері және олардың жұмыс нәтижесіндегі байланысын түсінеді;
алған тәжірибесінің негізінде бұйымдарды дайындауда түрлі техникалар мен технологияларды дербес қолданады;
өз идеясын түсіндіреді және дәлелдейді, сонымен қатар бұйымдарды жақсарту үшін конструктивті ұсыныстар жасайды;
бұйымды жасауда тиімді және бірегей шешімдер табады;
тұрмыстық іс-әрекет негіздерін зерделеп, киім, аяқ киім, жануарлар, өсімдіктерді күтудің қарапайым тәсілдерін көрсетеді;
қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсінеді және түсінеді, жеңіл жарақаттар алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету, материалдар мен құралдарды мақсатқа сай қолдану дағдыларын көрсетеді.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында оқушыларда коммуникативтік құзыреттілік негіздерін қалыптастырады.
1-сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілде білім беру саясатын жүзеге асырады.
Үш тілді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Еңбекке баулу» пәні оқыту тілінде (қазақ/орыс тілі) жүргізіледі. Мектептердегі үштілділік саясаты оқытудың әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. Тіл саясатын жүзеге асыру «Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрініс табады:
«Еңбекке баулу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің «Еңбекке баулу» пәні арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
4 «Еңбекке баулу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Оқу жүктемесі:
Сынып
|
Апталық сағат саны
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
1
|
33
|
2
|
1
|
34
|
3
|
1
|
34
|
4
|
1
|
34
|
«Еңбекке баулу» пәнінен сабақ беруге арналған кабинет
Кабинет сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үстелдер мен орындықтары бар үлкен бөлме болуы керек. Кабинеттегі жиһаздар оқушылардың жас ерекшелігіне сай орналастырылуы тиіс.
Кабинетте тиісті желдету, табиғи және жасанды жарықтандыру көздері, стационарлық жарықтандыру құралдары, жалюздер мен терезені қараңғылауға арналған жүйелер, кабинеттің бірнеше бөлігінде орнатылған электр розеткалары болуы керек. Кабинетте қолды және құрал-саймандарды жууға арналған раковина орнату қажет.
Еңбекке баулу кабинетінде материалдарды, құралдар мен арнайы жабдықтарды сақтауға арналған кем дегенде бір қосымша бөлменің болғаны дұрыс.
Міндетті түрде кабинетте қабырғаға ілінетін демонстрациялық, маркерліқ, интерактивті тақта, көрнекі құралдарды сақтауға арналған шкафтар (материалдарға қол жетімді, ыңғайлылықты қамтамасыз етеді), шығармашылық жұмыстарды кептіруге арналған бағандар, сөрелер болу керек.
«Еңбекке баулу» пәнін тиімді оқыту үшін кабинетте келесі құрал-жабдықтар болуы қажет:
• компьютер (мұғалімнің жұмыс орнында орналасқан: монитор, жүйелі блок,
пернетақта, тышқан мен колонкалар, желілік фильтрлер);
бағдарламалық жасақтама;
проектор;
оқушыларға арналған ноутбуктер (топта жұмыс істеуге);
түрлі түсті принтер;
сканер;
бейнекамера;
фотоаппарат.
Пәнді тиімді оқытуға қажетті материалдар ен құрал-саймандар:
саз балшық (ақ, қызыл және/немесе сұр), модельдеуге арналған мүсіндік ермексаз, түрлі материалдарды сақтауға арналған ыдыстар;
модельдеуге арналған құрал-саймандар: стектер, ағаш таяқшалар, сызғыштар, түрлі диаметрлі сым, кескіш;
түрлі түсті және тығыздығы әр түрлі тоқыма және кесте жіптер;
матаныңалуантүрі;
фольга, киіз;
қолтігістері мен кестелеугеарналғанқұрал-саймандаржиынтығы;
текстурасы, түсі, тығыздығыжәнеөлшеміәртүрліқағаз бен картон;
қайшы;
желім: ПВА, силикаттыкеңселік, қарындашпішіндіжелім, «Момент», «Титан»;
өлшемі мен түсіәртүрліскотч, екіжақтыскотч;
қарақарындаштар, түрлітүстімайлыборлар;
дербесқорғаныштыққұралдар(көзілдірік, бессаусақбиялайлар, жеңдер, алжапқыш пен қолғаптар),үстелгежабатынклеенкалар.
«Еңбекке баулу» пәнінің мазмұны келесі бағыттарды қамтиды:
1. Көркем еңбек: түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды көркем өңдеу, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысу, ұлттық бұйым түрлерін жасау.
2. Техникалық модельдеу және құрастыру: қағаз, картон, металл, пластик, ағаш, сым, фольга және басқа да материал түрлерінен бұйымдарды (жазық, сұлба, көлемді) модельдеу және құрастыру;
3. Негізгі тұрмыс қызметімен танысу: киімді жөндеу мен аяқ киімді күтіп ұстау, өңдеудің негізгі дағдыларын дамыту, мектеп маңындағы және дәрісхана/ гүлзар жерлерін өңдеудің қарапайым дағдылары, сондай-ақ, өсімдіктер мен үй жануарларын күтіп-баптау дағдыларын дамыту; тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін білу.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша орындалатын жұмыс түрлері
ермексаздан, сазбалшықтан, басқа да бұйым түрлерінен мүсіндеу (жемістер мен көкөністердің, жануарлар мен құстардың, ыдыстар мен музыкалық аспаптардың бейнелерін жасау, композициялар құрастыру);
қағаз бен картон түрлерімен жұмыс, олардың қасиеттерін зерттеу(бүктеу, қайыру, қию, жырту, умаждау, желімдеу, т.б.), оригами, аппликация, папье-маше, квилинг, коллаж, мозаика жасау, әр түрлі геометриялық фигураларды қию, қатырма қағаздан папка, қорап, ашық хаттар, жиһаз, машина, механизм модельдерін, т.б.);
табиғи материалдармен жұмыс, табиғатқа экскурсия, табиғи материалдарды жинау, кептіру, сақтау, жан-жануарлар, құстардың бейнесін жасау, композиция құрастыру, т.б.;
мата, киіз түрлерімен жұмыс, маталардың қасиеттерін зерттеу, жіптердің, қол тігістерінің түрлерімен танысу, жіппен жұмыс дағдыларын дамыту (сабақтау, түю, қадау, торлау, кесте тігу), әр түрлі матадан, жүннен, мақтадан, жіптерден, жасанды киіз, былғарыдан аппликация, панно жасау және композиция құрастыру, жіптерден тоқу, өру, мережка кесте тігу;
түрлі материалдардан макеттерді техникалық модельдеу және бұйымдарды құрастыру (жазық, сұлба, көлемді);
мектеп кабинетіндегі/оранжереядағы, мектеп ауласындағы жерді, өсімдіктерді қарапайым өңдеу жұмыстарын, құстарды, жануарларды, өсімдіктерді күтіп-баптау;
киімді, аяқ киімді жөндеу мен күтудің қарапайым түрлерін жүзеге асыру, тұрмыстық техниканы пайдалану ережесін кұру.
Жұмыс түрлерін орындауда еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет.
5 «Еңбекке баулу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру ұйымдары оқыту үдерісі міндеттерінің бірі оқушыларды дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай білетін тұлға болуға үйрету қағидасын ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын қолдану арқылы дамыту және тәрбиелеу күтіледі, онда:
әр оқушының жеке пікірін ескеріп, олардың бұрыннан меңгерген білімдері мен түсініктерін әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңыздылығын мойындау;
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;
оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселені шешу стратегияларын модельдеу;
«оқуды қолдау үшін бағалау» арқылы оқушыларды оқытуды қолдау;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін және белсенді оқытуды қолдау;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру кіреді.
«Еңбекке баулу» пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:
шығармашылық жұмыстарды жасау процесіне әр оқушыны белсенді түрде тарту;
түрлі іс-әрекет арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту (өнер туындыларын зерттеу, эксперимент жүргізу, бағалау және талдау);
суретші/қолөнерші/дизайнер/конструктор ретінде жеке тәжірибесін жинақтау арқылы жеке және топтық жұмыс барысында пәндік білімдері мен дағдыларын дамыту;
жаңа идеяларды қолдану, түрлі көзқарастарды қарастыру және саналы дербес таңдауды қалыптастыру арқылы оқытуды ынталандыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және тиімді шешім қабылдау үшін оқу процесінде түрлі жағдайларды қолдану;
шығармашылық орта құру мақсатында түрлі тәсілдермен оқытуды дифференциациялау;
пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау;
оқушыларға оқу барысында өздерінің қай кезеңде екенін және одан әрі ілгерілеу үшін қандай қадамдар жасауы қажет екенін түсінуге көмектесетін түрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру үшін идеялары мен жұмыстарынпрезентациялау (ұсыну).
Оқушылардың тіл дағдысын дамытуға қолдау көрсету (үштілділік саясатына сәйкес)
Жалпыбілім беру мектептерінің пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту үшін үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуын қолдауы керек. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер, сонымен қатар, белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытуды қолдайды. Мысалы, әр сабақтың тілдік мақсаттарында белгіленген диалог пен жазылымға қажетті тіркестерді пайдалану арқылы оқушылар көркем жұмыстарын дайындау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттерін сипаттай алады.
Пән мұғалімдері сонымен қатар оқушылардың тілді меңгерудегі ілгерілеуін бағалауына көмектесуі қажет.
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі көзқарастар мен мәдениеттерді құрметтеу оқушылардың жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Еңбекке баулу сабақтарында тиісті мінез-құлық ережелерін дарыту оқушылардың сынып пен мектептегі әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді әрі конструктивті қатысуға мүмкіндік беріп, көп ұлтты қоғамда белсенді іс-әрекет етуге қабілетті тұлғаның дамуына жағдай жасайды.
«Еңбекке баулу» пәні бағдарламасында ол келесідей қарастырылған:
оқушылардың қоршаған ортаға құрметпен қарай білуін, басқалардың пікірін бағалауын қалыптастыру. Мысалы, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына деген айналадағылардың пікірін тыңдау және дұрыс қабылдай білу;
еңбекке баулу сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық және жасампаздық рөлінің маңыздылығын түсіну үшін оқушылар арасында, жас ерекшеліктері бір сыныптар арасында, жас ерекшеліктері әр түрлі сыныптар арасында, әр түрлі мектептер, жергілікті сәндік-қолөнер шеберлері мен дизайнерлер арасында ұжымдық әріптестік атмосферасын құру.
Оқу барысында оқушылар адамның еңбек іс-әрекетінің маңыздылығын және қоғамдағы жалпы еңбек мәдениетін бағалай білуді үйрену керек.
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі бастапқы АКТ-дағдыларға негізделеді, технологиялардыжұмыста, бос уақытта және қарым-қатынаста сенімді және шығармашылықпен қолдана білуді қамтиды.
Оқушылар ақпаратты тауып, іріктеп және өңдеп, мәліметтермен, идеялармен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасында:
шығармашылық жұмыстарды жасауда сандық компьютерлік технологияларды қолдану;
ғаламтордан және дерекқордан ақпараттар іздеу (цифрлық және ғаламтордан алынған дәйектерді табу, таңдау, өңдеу);
белгілі бір мақсатта және нақты аудитория үшін түрлі дерек көздерінен материалдар жинауды қамтитын слайд презентацияларын, әлеуметтік тақырыптарға анимациялық роликтер жасау дағдыларын дамыту;
басқа оқушылармен бірігіп шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу және хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру;
белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін техникалық қолдау үшін интерактивті тақтаны пайдалану қарастырылған.
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі аудиториямен тиімді тіл табыса алатын азаматтарды тәрбиелеу.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, олардың өз пікірін сенімді жеткізе білуі қолдауға және бағалауға ие болатын, ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру қажет.
Оқыту барысында оқушылардың өз ойын сауатты жеткізе отырып, сыныптастарымен, мұғалімдермен, көпшілік аудиториямен ауызша және жазбаша түрде, қажетті жағдайда ақпараттық құралдарды пайдалана отырып қарым-қатынасқа түсе білу дағдыларын дамыту қажет.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқылым тапсырма үлгілері:
өнертану, қолөнер, дизайн саласындағы шығармашылық жұмыстармен танысу;
түрлі баспа және онлайн дереккөздерден ақпарат жинау, мысалы суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер және т.б. өмірі мен туындылары жайлы.
Жазылым бойынша тапсырма үлгілері:
сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен немесе түрлі нысандардың техникалық макеттерімен танысу кезінде туындайтын ассоциацияларды жазу;
шығармашылық жұмыс критерийлерін жазу.
Айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма үлгілері:
шығармашылық жұмыс орындау үшін түрлі идеяларды талқылау, ұсыну және өзара пікір алмасу;
ұлттық қолөнер кәсібімен танысу, ұлттық сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдарын дайындау, түрлі модельдер құрастыру барысында сөздік қорын байыту.
9 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы
«Еңбекке баулу» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін анық айқындалған, бірге даярланған, барлық қатысушыларға (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагог қызметкерлер, ата-аналар, баланың заңды өкілдері, т.б.) алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай, оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға септігін тигізетін критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Оның нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектепте критериалды бағалау жүйесіне қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) кіреді.
Қалыптастырушы (күнделікті) бағалау – сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейін анықтайды, оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады. Оқушылардың жаңа материалды зерделеу барысында тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын, оқыту мақсаттарына қаншалықты қол жеткізе алғандығын түсінуіне мүмкіндік береді.
Ішкі жиынтық бағалау – әр сынып бойынша белгілі бір бөлімді немесе оқу материалының блогын меңгеруді аяқтаған кезде қалыптасқан білім және оқу дағдыларының деңгейін анықтайды.
Ішкі жиынтық бағалауды мектеп педагогтары жүзеге асырады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар оқудың есептік кезеңдерін қорытындылап бағалауға негіз болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық бағалар 3-4 тоқсан кезінде шығарылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастырушы бағалаудың қорытындысы арқылы қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық бағалары 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау арқылы шығарылады. Жыл соңында қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың белгілі бір пайыздық байланысы есепке алына отырып жылдық баға анықталады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімін бағалау:
- Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілетін әр тоқсанның соңындағы баға.
- Жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.
II «Еңбекке баулу» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Еңбекке баулу» пәнінің мазмұны
Пәннің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылады. Оқу бөлімдері өз ішінде күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімшенің ішінде жүйелі түрде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің өз жұмысын жоспарлауына және оқушылардың жетістіктерін бағалауына, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы оларды ақпараттандыруына мүмкіндік береді.
№
|
Бөлім
|
Бөлімше
|
1
|
Материалдарды зерделеу және шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1 Табиғи және жасанды материалдар
|
1.2 Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
|
2
|
Жасау және дайындау
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
2.2 Материалдарды көркем өңдеу
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
2.4 Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары
|
2.5 Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
3.
|
Негізгі тұрмыс қызметімен танысу
|
3.1 Өсімдіктерді күтіп-баптау
|
3.2 Жануарларды күтіп-баптау
|
3.3 Киім мен аяқ киімді күту
|
3.4 Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелері
|
4.
|
Шығармашылық жұмыстарды презентациялау, талдау және бағалау
|
4.1Шығармашылық жұмыстардыпрезентациялау, талдау және бағалау
|
Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдану және мониторинг жасау ыңғайлы болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгі пайдаланылады. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4 кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1. Материалдарды зерделеу және шығармашылық идеяларды дамыту
|
Оқушылар білуі тиіс
|
Бөлімшелер
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1.1
Табиғи және жасанды материалдар
|
1.1.1.1
Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін анықтау
|
2.1.1.1
Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату
|
3.1.1.1
Табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдардың формалары мен қасиеттерінің үйлесімділігін пайдалану
|
4.1.1.1
Түрлі материалдардан сыйға тартуға болатын бұйымдар дайындау
|
1.2
Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
Бұйымды жасау кезеңдерінің бірізділігін анықтау
|
2.1.2.1
Бұйымды жұмыс кезеңдеріне сәйкес дайындау
|
3.1.2.1
Жұмыстың түрлі кезеңдерінде бұйым сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау
|
4.1.2.1
Жобаны және жұмыс кезеңдерін орындау бірізділігін жоспарлау
|
1.3
Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.1
Табиғат құбылыстарын бақылау негізінде шығармашылық идеяларды ұсыну
1.1.3.2
Өз тәжірибесінің негізінде шығармашылық идеяларын ұсыну
|
2.1.3.1
Ертегі, әңгімелерге жасалған безендірулерді бақылап, зерделеу және музыка тыңдау негізінде шығармашылық идеяларды ұсыну
|
3.1.3.1
Бұйымдарды жасау үшін көптеген өзге идеялардың арасынан өз идеясын таңдау себебін дәлелді түрде негіздеу
|
4.1.3.1
Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру үшін түрлі АКТ дереккөздерін қолдану
4.1.3.2
Шығармашылық идеяларды дамыту үшін басқа пәндерден білім мен дағдыларды кіріктіру
|
2. Жасау және дайындау
|
Оқушылар білуі тиіс…
|
Бөлімшелер
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
Қарапайым техникалар мен тәсілдерді пайдалану арқылы табиғи және жасанды материалдарды өңдеу
1.2.1.2
Скульптуралық, конструктивтік мүсіндеу түрлерінің негізгі әдістерін пайдаланып, берілген тақырыпқа қарапайым құрамақтар дайындау
1.2.1.3
Геометриялық пішіндерді, сәндік элементтерді пайдаланып, орналасу симметриялылығын, кеңістіктік арақатынасты, заттардың өлшемі мен пішіндерін есепке ала отырып, берілген тақырып/ой бойынша аппликация құру
1.2.1.4
Табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін негізгі құралдарды пайдалану
1.2.1.5
Сызба/сурет бойынша қарапайым графикалық бейнелерді белгілеу
|
2.2.1.1
Аралас техникалар мен әдістерді пайдаланып табиғи және жасанды материалдарды өңдеу
2.2.1.2
Аралас мүсіндеудің негізгі әдістерін пайдаланып, табиғи және жасанды материалдардан ойдан құрастырып құрамақтар дайындау
2.2.1.3
Түрлі табиғи және жасанды материалдарды пайдаланып, өнердің мәнерлілік құралдарын қолдана отырып, аппликациядағы сюжеттік композицияны құру
2.2.1.4
Негізгі өлшеу құралдарының көмегімен қарапайым жазықтықты белгілеу
|
3.2.1.1
Табиғи және жасанды материалдарды өңдеудің түрлі техникалары мен тәсілдерін таңдау
3.2.1.2
Табиғи және жасанды материалдарды өңдеудің түрлі әдістерін пайдаланып, ұжымдық жұмыстар орындау
3.2.1.3
Ассиметриялы, геометриялық емес, өсімдік, т.б. элементтерді пайдаланып, түрлі материалдардан ойдан шығарылған сюжеттік композицияны құру, олардың бөлшектерін материалдардың қасиеттері мен сапасына қарай бекіту
3.2.1.4
Түрлі материалдарды өңдеу үшін жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, құрал түрлерін қолдану
|
4.2.1.1
Жұмыстың ұтымды техникалары мен әдістерін таңдай отырып, дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдарды өңдеу
4.2.1.2
Декорацияларды таңдай отырып, сюжеттік композициялар/анимациялық роликтер үшін табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдардан бұйымдар жасау
4.2.1.3
Сюжеттік композицияда/анимациялық роликте, музыка мен АКТ құралдарын пайдалану арқылы нысан бөліктері мен бөлшектерінің қозғалысын, сипатын, бейнелердің көңіл-күйін көрсету
4.2.1.4
Негізгі өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, қарапайым сызба негізінде бұйымдар жасау
|
2.2 Материалдарды көркем өңдеу
|
1.2.2.1
Бұйымды сызба/сурет бойынша көркем безендірудің қарапайым әдістерін қолдану
|
2.2.2.1
Бұйымдарды трафарет бойынша, берілген тақырып бойынша көркем өңдеу
|
3.2.2.1
Бұйымдарды көркем өңдеу түрлерін ойлап табу
|
4.2.2.1
Нобай/сызба/үлгі боынша бұйымдарды көркем өңдеу
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
1.2.3.1
Сызба/суретке қарап, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым ойыншықтар мен бұйымдарды модельдеу
|
2.2.3.1
Түрлі материалдардан ғимараттардың, машиналардың, механизмдердің, олардың бөлшектерінің қарапайым макеттерін модельдеу
|
3.2.3.1
Сюжеттік композицияны құра отырып, қарапайым қозғалмалы бөлшектері бар техникалық бұйым моделін түрлі материалдардан құрастыру
|
4.2.3.1
Түрлі материалдардан бұйымдарды ойдан шығарып құрастыру бойынша ұжымдық жұмысты орындау, бұйымды жақсарту жөнінде (пішінін, өлшемін өзгерту, бөлшектерді біріктіру) ұсыныстар жасау
|
2.4 Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары
|
1.2.4.1
Қазақ халқының кәсіп түрлерін ажырату
1.2.4.2
Үлгіге қарап, табиғи және жасанды материалдардан ұлттық бұйымдар жасау
|
2.2.4.1
Табиғи және жасанды материалдардан қолданбалы сипаттағы бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
|
3.2.4.1
Ұлттық ою-өрнектер негізінде бұйымдардан сюжеттік композициялар жасау
|
4.2.4.1
Материалдарды көркем өңдеудің түрлі әдістерін пайдаланып, қазақ халқының музыкалық аспаптарын және тұрмыстық заттарын жасау
|
2.5
Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
1.2.5.1
Үшкір және өткір құралдармен жұмыс кезінде жеке еңбек гигиенасы, қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіру
1.2.4.2
Өзінің жұмыс орнын ұйымдастыру, құрал-саймандарын тазалау
|
2.2.5.1
Түрлі үшкір, өткір және басқа да құралдарды еңбек іс-әрекетінде қауіпсіздік техникасы ережелеріне сай пайдалану
2.2.4.2
Жұмыс орнын ұйымдастыру, материалдар мен құралдарды оң/сол қолды пайдалануға қарай орналастыру
|
3.2.5.1
Бұйымдарды жасауда қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулықтарды әзірлеу
|
4.2.5.1
Үшкір және өткір құралдардан қарапайым жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету
|
3. Негізгі тұрмыс қызметімен танысу
Оқушылар білуі тиіс...
|
Бөлімшелер
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
3.1 Өсімдіктерді күтіп-баптау
|
1.3.1.1
Бөлме өсімдіктерін күту барысында қарапайым іс-әрекеттердіжасау
|
2.3.1.1
Арнайы құралдарды пайдалана отырып, өсімдіктерді күту, жерді өңдеу барысында қарапайым іс-әрекеттерді жасау
|
3.3.1.1
Өсімдіктерді күтіп-баптау талаптарын есепке ала отырып, өсімдік өсіру тәсілдерін пайдалану
|
4.3.1.1.
Жер өңдеу мен өсімдіктерді күтуге арналған арнайы құралдарды пайдалана отырып, өсімдік өсіру бойынша қарапайым эксперименттер жүргізу
|
3.2
Жануарларды күтіп-баптау
|
1.3.2.1
Үй жануарларының түрлеріне қарай күтіп-баптаудың негізгі ережелерін түсіндіру
|
2.3.2.1
Дәстүрлі емес материалдардан құстар мен жануарларға арналған жемсалғыштар жасау
|
|
|
3.3 Киім мен аяқ киімді күту
|
1.3.3.1
Киім мен аяқ киім күту бойынша негізгі іс-әрекеттерді көрсету
|
2.3.3.1
Киім мен аяқ киімді күтуге арналған арнайы заттарды пайдалану
|
3.3.3.1
Киім мен аяқ киім күтімінің негізгі түрлері мен тәсілдерін дербестікпен пайдалану
|
4.3.3.1
Киім мен аяқ киімге ұсақ жөндеу жүргізудің қарапайым тәсілдерін қолдану
|
3.4 Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелері
|
1.3.4.1
Үйдегі тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін түсіндіру
|
2.3.4.1
Тұрмыстық электр техникасын қосып, өшіре алу
|
3.3.4.1
Тұрмыстық электр техникасын пайдалануда іс-әрекеттердің реттілігін түсіндіру
|
4.3.4.1
Үйдегі тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін құрастыру
|
4. Шығармашылық жұмыстарды презентациялау, талдау және бағалау
|
Оқушылар білуі тиіс…
|
Бөлімшелер
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
4.1Шығармашылық жұмыстардыпрезентациялау, талдау және бағалау
|
1.4.1.1
Өз жұмысын орындау бірізділігін түсіндіре отырып, таныстыру
|
2.4.1.1
Жасалып жатқан бұйым сапасы бойынша критерийлер әзірлеу
2.4.1.2
Әзірленген критерийлерге сәйкес бұйымды бағалау
|
3.4.1.1
Бұйымды жасауда жіберілген қателіктерді түзету жөнінде ұсыныстар жасау
|
4.4.1.1
Жасалған бұйымды шығармашылықпен таныстыру, АКТ құралдарын пайдалану
4.4.1.2
Тақырыбын/сюжетін ойластырып, шығармашылық жұмыстардың ұжымдық көрмесін ұйымдастыру және таныстыру, көрме кезеңдерін ұйымдастыру үшін қатысушылар арасында рөлдерді бөлу
|
3 Ұзақ мерзімді жоспар
1-сынып
Ортақ тақырыптар
|
Бағдарламаның бөлімдеріне ескертпе
|
Оқыту мақсаттары
|
1тоқсан
|
Өзім туралы
|
1.1 Табиғи және жасанды материалдар
|
1.1.1.1
|
1.2 Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.1
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.3
1.2.1.4
1.2.1.5
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
1.2.3.2
|
2.5 Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
1.2.5.1
1.2.5.2
|
4.1 Шығармашылық жұмыстарды презентациялау, талдау және бағалау
|
1.4.1.1
|
Менің мектебім
|
1.2 Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.2
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.3
1.2.1.5
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
1.2.3.1
|
4.1 Шығармашылық жұмыстарды презентациялау, талдау және бағалау
|
1.4.1.1
|
2 тоқсан
|
Менің отбасым және достарым
|
1.2 Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.2
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.2
|
2.5 Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
1.2.5.1
1.2.5.2
|
4.1Шығармашылық жұмыстарды презентациялау, талдау және бағалау
|
1.4.1.1
|
3.3 Киім мен аяқ киімді күту
|
13.3.1
|
Бізді қоршаған әлем
|
1.1
Табиғи және жасанды материалдар
|
1.1.1.1
|
1.2
Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.4
|
2.5 Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
1.2.5.1
1.2.5.2
|
3 тоқсан
|
Саяхат
|
1.2
Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
1.3
Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.1
1.1.3.2
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.3
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
1.2.3.1
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
1.1
Табиғи және жасанды материалдар
|
1.1.1.1
|
1.2
Шығармашылық жұмыс кезеңдерін жоспарлау
|
1.1.2.1
|
1.3
Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.1
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.2
1.2.1.3
1.2.1.5
|
2.4 Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары
|
1.2.4.1
1.2.4.2
|
4 тоқсан
|
Көкөніс пен жемістер
|
1.1
Табиғи және жасанды материалдар
|
1.1.1.1
|
1.3
Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.1
1.1.3.2
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.1
1.2.1.2
1.2.1.3
|
2.3 Техникалық модельдеу және құрастыру
|
1.2.3.1
|
|
Дені саудың-жаны сау
|
1.3
Шығармашылық идеяларды дамыту
|
1.1.3.2
|
2.1 Материалдар, құралдар, техникалар мен әдістер
|
1.2.1.2
|
2.2 Материалдарды көркем өңдеу
|
1.2.2.1
|
2.5 Қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасының ережелерін сақтау
|
1.2.5.1
|
4.1Шығармашылық жұмыстардыпрезентациялау, талдау және бағалау
|
1.4.1.1
|
3.1 Өсімдіктерді күтіп-баптау
|
1.3.1.1
|
3.2 Жануарларды күтіп-баптау
|
1.3.2.1
|
3.4 Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелері
|
1.3.4.1
|
Достарыңызбен бөлісу: |