Еңбекші жалпы орта мектебі Сынып сағаты Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі


«Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?



бет3/6
Дата24.01.2023
өлшемі158,07 Kb.
#166217
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі

3. «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
ҚР Конституциясы - 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. 
9-бап: ҚР мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран заңмен бекітілген
29-бап: ҚР азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар
30-бап: Тегін орта білім алуға кепілдік береді
34-бап: Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті
20-бап: Баланың міндеттері:
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандығын,ар-ожданы мен қадір қасиетін,Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға,тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға,табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және«Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 24 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.  
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет