Конусты өзара алмасатын шлифтерді бар жекеленген бөліктерден тұратын шыны қондырғылар. Бұндай қондырғыларды құрастыру – зертханада әлдеқайда көп таралған операциялар болып табылады. Құрастырудың бұл түрі қарапайым болғанымен, практиканың көрсетуі бойынша дәл осы операцияда қауіпсіздік техникасы әдетте көп бұзылады.
Әртүрлі шыны қондырғыларды жинаудың негізіне зертханалық штативтер немесе қозғалмайтын қаңқалы рама жатады.
Қондырғыны бекіту амалын ең бірінші қолайлылыққа қарай таңдау қажет. Дұрыс бекітілмеген жабдықтар әдетте қауіпсіздік негізгі көзі болып табылады. Бір штативке бекітуге мүмкін болмайтын қондырғыларды жылжымалы немесе тұрақты рамаларға құрастыру ұсынылады. Жабдықтарды бір-бірімен байланыспаған бірнеше штативтерге жинауға болмайды, өйткені теңселу салдарынан олар орнықсыз болады да, жабдықтардың сынуын тудырады. Сонымен қатар апат болған жағдайда, бір-бірімен байланыспаған бірнеше штативтердегі жабдықты жиналған күйінде қозғалту мүмкін емес.
Дәнекерленген стөлге қоятын жылжымалы раманы жуан табанды және болаттан жасалған тағаны сияқты стерженьдері бар екі штативтен жасайды (13 сурет).
Шыны жабдықтарды бекітуге арналған сақиналар мен табандардардың шынымен тоғысатын жерлерінде міндетті түрде жұмсақ резеңке төсемдері болуы тиіс. Шыны детальдардың сынып кетпеуін болдырмас үшін, табандар винттерін қатты тартпау керек.
Конусты шлифтердегі жабдықтарды жинау кезінде конструкцияның барлық қатаң тәртібін сақтаған жөн. Өйткені резеңке тығындар мен сфералық шлифтер белгілі бір мөлшерде шарнирлер сияқты істейтіндіктен, жабдық детальдары осьтен ауытқып кетуі мүмкін, сондықтан конусты шлифтерді пайдаланғанда оське күш түсіруге болмайды.
1. Шыны ыдстармен жұмыс істегенде қауіптілік көздері неден туады?
2. Шыны заттың термиялық беріктігі қандай факторларға тәуелді болады?
3. Шынылармен жұмыс істеудің қандай негізгі маңызды ережелерін сақтау керек?
4. Шыны ыдыс жуудың негізгі қауіпсіздік шаралары қандай?
5. Шынылы жабдықтарды жинауда қандай жалпы амалдар мен тәртіптер қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |