Активті марганец диоксидін дайындау. Марганец диоксиді – ең тиімді жұтқыштардың бірі. Оның сыйымдылығы адсорбент массасынан 40-ға дейінгі сынапты құрайды. Жұтылған сынап вакуумда қыздырған кезде регенерациялана алады. Марганец диоксиді жұқа ұнтақ түрінде алынатын болғандықтан, газ ағына кедергіні азайту мақсатында, қақпанды толтырар алдында оны волокналы материалмен, мысалы тарқатылған асбестпен араластырады. Марганец диоксидін калий перманганатын марганец () сульфатымен әрекеттестіру арқылы алады:
2КМnO4 + 3MnSO4 + 2H2O = 5MnO2 + K2SO4 + 2H2SO4
Төменде активті марганец диоксидін алу жолдары келтірілген.
1. 250 мл 5-дық MnSO4 -ке тамшылататын воронкадан 2 сағат бойы қарқынды араластыра отырып, 200мл 5-дық КМnO4 ерітіндісін тамшылатып құяды. Қоспа температурасы 50-60С аралығында болуын мұқият қадағалап отыру қажет. Одан кейін қоспаны тағы 2 сағат бойы 60С температурада қыздырады да, бір күнге 30-35С –та қалдырады. Марганец диоксидінің тұнбасын сүзіп, SO2-4 иондарын кетіргенше сумен мұқият жуады да, 110-120С температурада 8-10 сағат бойы кептіреді.
Шығымы 17г шамасында (сандық талдауға жақын).
2. 150 г ұнталған MnSO4 –тың 140 г судағы суспензиясына араластыра отырып 675 г концентрациялы H2SO4 қышқылын абайлап құяды. Реакция қоспасы қызады да, жұқа суспензия түрінде марганец сульфаты бөлінеді. Массаны 50С-қа дейін суытып, оған бірнеше минут ішінде аздаған мөлшермен 150г ұсақкписталды КМnO4 қосады. Реакция қоспасының температурасын 65-75С аралығында ұстап тұру қажет. 10-15 минуттан кейін қоспаны араластыра отырып жіңішке ағынмен 25 мл дистилляцияланған суға қосады. Тұнба тұнып болғаннан кейін суды төгіп, марганец диоксидін сүзгіш қағазға көшіреді де, SO2-4 иондары толық кеткенше сумен мұқият жуады. Тұнбаны температураны 180С-қа жеткенше біртіндеп көтере 6 сағат бойы кептіреді.
Шығымы 280г шамасында (сандық талдаумен бірдей).
Достарыңызбен бөлісу: |