Етістіктер, негізінен, іс-әрекеттің болуын, орындалуы мен жүзеге асырылуын білдіретін болымды мәнге ие. Олар – болымды етістіктер. Ал қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістікті болымсыз етістік деп атайды. Болымсыз етістіктердің жасалуы: 1. Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге -ба,-бе,-па,-пе,-ма,-межұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: құшақта+ма,түкір+ме,бұз+ба,үз+бе, жыпылықтат+па,дандайсы+ма,өкпеле+ме,өрекпі+ме,өкін+бе,көрсет+пе, шула+ма,айқайла+ма,бөгел+ме,күл+ме,жазғыз+ба,мақтан+ба,сез+бе,көргіз+бе, кет+пе,сеп+пе,айт+па,сат+па,т.б. 2. Белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: айтқан емес,кеткен жоқ,келмекші емеспін, т.б. Болымсыз етістіктің жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес (тұлғалас) болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болатынын естеріңе сақтап алыңдар!(!) Болымсыз етістіктің жұрнағына екпін түспейді, зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы: көр +ме - көрме , сүз +бе-сүзбе ,ба с +па-баспа ,қо й+ма-қойма ,бө л+ме-бөлме ,жа й+ма-жайма , та рт+па – тартпа , қы з+ба – қызба , сы з+ба – сызба , а л+ма – алма .