4 Қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын талдау, саралау. «Дала уәляты», «Түркістан уәляты», «Қазақ», «Тіршілік» газеттеріне шолу. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық –жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады.Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзентерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады Газет әйел теңдігі мәселесіне де көңіл бөлген Басылымда әмеңгерлік, жесір дауы тәрізді ел ішіне бүлік салған әдет-заңдардың зияндылығын әшкерелейтін материалдар да басылып тұрған. Солардың бірінде: «Байы өлген қатын басы бос болып, өз ықтиярымен қалаған адамына баруы керек.» деген батыл ұсыныс та жасалыпты.XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан бастап қазақтың жоқтау жырларымен бірге «Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» , «Алпамыс» эпостары қағаз бетіне түсе бастады. Бұл мәселеге «Түркістан уалаятының газеті» де айтарлықтай үлес қосқан.«Дала уалаятының газетінде» басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры жағынан алуан түрлі. Оларды 19 ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ әдебиетінің тарихы, идеялық мотивтері, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және орыс әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге болады. Қазақ әдебиетіндегі проза жанрын сөз еткенде кейбір зерттеушілер революциядан бұрын Ы. Алтынсариннің дидактикалық әңгімелері, Абай Құнанбаевттың «Қара сөздері», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», С. Көбеевтің «Қалың малы» сияқты шығармалардан басқа қара сөзбен жазылған туындылар өте аз еді деген пікір айтады. Ал, шындығына көшсек революциядан бұрын қазақша шыққан газет-журналдарда алғашқы түпнұсқа ретінде жарық көрген прозалық шығармалар аз болған жоқ. Тамшыдан –теңіз, демекші тұңғыш рет там-тұмдап басталған тырнақ алды туындылар арада біраз жыл өткен соң тек республика шеңберіндегі тар ауқымды ауызекі әңгімеден іргесі берік жазба әдебитіне айналды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі сол заманда әлі іргесі бұзылмаған ескі тіршілік, қоғамдағы әлеуметтік қайшылық, халықтың ауыр тұрмысы, оқу-ағарту ісі, өнер-білімге, жат тұрмысқа, адамгершілікке, игілікке үндеу, әйел теңдігі, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелерін көтерді