Әдебиет ұғымы, қалыптасу кезеңдері. Ы. Алтынсаринның мұралары



бет3/4
Дата22.02.2022
өлшемі40,5 Kb.
#132817
1   2   3   4
Байланысты:
әдебиет ұғымы

1879 жылы Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінде газет шығару жөнінде де жергілікті патша органдары алдында ұсыныс жасаған. Болашақ газеттің үлгісі ретінде оның бірінші номерінің макетін өз қолымен жасаған. Газеттің аты «Қазақ газетісі» деп аталды.Ыбырай жасаған бұл газет үлгісі – қазақ баспасөз тарихынан белгілі орын алатын, сонымен қатар ұлттық жазба әдеби тіліміздің 19 ғасырдың екінші жартысындағы жай – күйін танытатын бағалы документ.
3А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» құралы
Әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, оқу құралының авторы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымында алар орны орасан зор. Қай еңбегін алып қарасақ та, «Қазақ!», — деп жаңғырып тұрғаны тайға таңба басқандай. Сол еңбектерінің арасында қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып берген, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салуға арқау болған асыл мұрамыз да бар.
1989 жылы ғылыми айналысқа қайта оралған «Әдебиет танытқыш» ұлттық әдебиеттану ғылымында өзінің лайықты бағасын алып үлгерді (А. Байтұрсынұлы «Дарынды сөз» тарауында: эпосты– әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп атайды
«Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент»келтірген анықтамалар мен терминдерінің біздің саламызда сирек қолданылатыны жанды қынжылтады. Меніңше, егерде біз оны өзіміз қолдап, жақсы іске бастамашы бола білсек, бұл мәселенің түпкілікті орынды шешіміне қол жеткізер едік.Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет