Әдебиет ұғымы, қалыптасу кезеңдері. Ы. Алтынсаринның мұралары



бет2/4
Дата22.02.2022
өлшемі40,5 Kb.
#132817
1   2   3   4
Байланысты:
әдебиет ұғымы

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды

  1. Ы.Алтынсаринның мұралары

Ыбырай Алтынсарин- бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, оларға дүнияуи ғылымдарын үйретуге, төл оқу құралдарын жазып шығаруға, мектеп үшін жақсы ұстаз-мұғалімдер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-методикалық басшылық жасауға арнады. Өзінің ғылыми-публицистикалық, жазушылық творчествосын қазақ халқының өмірінде ХІХ ғ. өрістеген қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Сөйтіп, өзінің бар өмірін ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға шақырды, теріс пікірлерден, ескі әдет-ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық, зомбылық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман қылық, жат мінездерден бойын аулақ ұстауға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет