Қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын талдау, саралау. «Дала уәляты», «Түркістан уәляты», «Қазақ», «Тіршілік» газеттеріне шолу.
1.Әдебиет ұғымы, қалыптасу кезеңдері Әдебиет ( арабша адаб – сөз, үлгілі сөз деген мағынада) – өнердің негізгі түрлерінің бірі.
Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұжырнамасын зерттейтін ғылым.
Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұжырнамасын зерттейтін ғылым.Әдебиеттану
да бірнеше салаға бөлінеді:
Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ әдебиеті теориясы).