Әдебиет оқу сауаттылығы Нұсқаулық


Аналық араның істейтін жұмысы



бет3/6
Дата03.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#173614
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дебиет о у сауаттылы ы Н с аулы
Lower limb
Аналық араның істейтін жұмысы

ара ұяшықтарын салады

балаңқұрттарды тамақтандырады

ешқандай жұмыс істемейді 

табылған бал орындары туралы хабарлайды


Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгіл, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтында ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

  • Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.

  • Жоқ, бере алмаймын, деп бұл жолы да кедей келіспейді.

Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.


Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?

жер сілкінісі болды

қарақшылардан қашты

су тасқыны болды

малға қасқырлар шапты
Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді - кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, ақыл сұрайды.
- Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті қария.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет