Жақсы бала –сүйік, жаман бала - күйік
Суықторғай Суықторғай - қыста ұшып келіп, қар жамылған ағаштарға қонатын құс, шын мәнінде, қысқы табиғатқа сұлулық береді.
Суықторғай өлшемі жағынан кәдімгі торғайдай, денесінің ұзындығы шамамен 18 см. Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры (аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. тұмсығы шомбал, көлемді, қысқа, қара түсті болып келеді.
Суықторғайлар әдетте шағын үйірімен мекендейді. Алғашқы қар жауғаннан кейін, суықторғайлар туған ормандарын тастап, еліміздің барлық аймақтарына дерлік ұшып бара бастайды. Олардың суықторғай аталуы да қар түскеннен кейін адамдар өмір сүретін елді мекендер мен қалалардың, бақтардың, саябақтардың маңында пайда болуымен байланысты болу керек.
Аяз неғұрлым күшті болса, суықторғайлар үйірі соғұрлым тыныш отырады. Кейде орнынан ұшып барып жидекті жұлып жеп, содан кейін біраз уақытқа дейін қайтадан қозғалыссыз отырады. Күні бойғы әрекеті сол. Қараңғылық түсісімен барлық үйір бұталарға немесе ағаштарға қонып, сол жерде түнейді. Олар жақсы ұшады, ағаштар мен бұталардың түбінде тез қозғалады.
Қалың тұмсығымен ол жидектердің немесе кішкентай жаңғақтардың тұқымын шағады. Суықторғайлар шетен жидектерімен, мамыргүлдің, қалақайдың тұқымдарымен, немесе бүршіктермен, сондай-ақ басқа да жемістермен қоректенеді, оларды тұмсығымен сым кескіштер сияқты тістейді. Шетеннің жидегін жегеннен кейін тұмсығын тазартады, себебі шетен тұқымдары оған жабысып қалады. Тұмсығын тазалау кезінде шетен тұқымдары жерге түсіп, көктемде өніп шығады.
Суықторғай - сенімді және көпшіл құс. Үйірден бір құс қақпанға түсіп қалса, қалғандары дереу құтқаруға асығады.
Үйірден бір суықторғай қақпанға түсіп қалса, қалғандары қайтеді?
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Арман күш-жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын. Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып-соғып, қыздарды айырсадақпен ататын. Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып, кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін. Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты.
Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні шығаруға тырысты, еш нәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді. Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір бұрышында жарма сұрыптап, көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра берді. Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан жалғыз қалды.
Арман нені мақтан тұтты?