Көркемсөз немесе өлең оқуға арналған бағалау критерийі(Оқушының жас ерекшелігіне қарай бағалау өлшемдерінің көлемін өзгертуге болады)
Оқу мәнері
1 ұпай – дауыс ырғығы тақырыпқа сай
2 ұпай – образға ену
3 ұпай – Дауыс ырғағы тақырыпқа сай және образға ену
Сөздік қор
1 ұпай – 150-200 сөз
2 ұпай – 250-350 сөз
3ұпай – 400-500 сөз
Тіл жанашыры Қ. Жұбанов тілдің жекелеген салаларындағы өзгерістер екінші салаға өз ықпалын тигізетіндігін дәлелдейді [7.11]. Сонымен қоса ол тіл дыбыстарын зерттеуде фонетиканың маңыздылығын айтып қана қоймай, тіл дыбыстарының табиғатын теріс, бұрмалап көрсетушілерді де сынап отыр[2.48]. Сондықтанда оқушыларға тілді бұрмаламай таза сөйлеу жөнінде көбірек ескертулер керек. Сол үшін бағалау өлшемдерінің бірі етіп тіл тазалығын алып отырдым.
Тіл тазалығы
1 ұпай – қазақ тіліне тән әріптердің дұрыс айтылмауы
2 ұпай –қазақ тіліне тән әріптердің дұрыс айтылуы бірақ орфоэпиялық норманың сақталмауы
3 ұпай – қазақ тіліне тән әріптердің дұрыс айтылуы және орфоэпиялық норманың дұрыс сақталуы
Достарыңызбен бөлісу: |