Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан



бет67/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Р.Мәрсеков
Қазақ әдебиеті жайынан

Бұ күнгі жиын кітапша айтқанда әдебиет кеші деп аталады. Мұндай жиынның болуының, осындай ізгі іс жасауының қазақ ортасында бұл тұңғышы да шығар. Мемлекетімізді жан-жағынан жау қаптап қоршап тұрғанда, төгілген қан дария болып ағып жатқанда, Россия панасында тұрған қазақ халқы, біздің бұл жасаған жиынымыздың асыл тегі аз да болса, мемлекет пайдасына істеген біз қызмет. Оның бер жағында біздің қазақта мұқтаж шәкірттер көп. Олар ескерусіз. Соларға да жәрдем болсын деген мақсат. Әдебиет деген сөз айтылған соң, әдебиет деген не нәрсе, ол қазақ жұртында өткен замандарда қандай еді, осы күні қай қалыпта, бұл турасынан біраз сөз айтып мағлұмат беруді жөн көрдік. Қазақша қысқасынан айтсақ, әдебиет “сөз” деген мағынада. Сөз дегенмен сөздің сөзі болады. Сөздің сырты шырайлы, сынды болып, іші мағыналы, ойлы болса, сонда ол әдебиет болып табылады. Өлең, жыр, мақал, жұмбық, ертегі, хикая баршасы әдебиетке қосылады.


Бұл сөздің қай түрін алсаңыз да әр қайсысында мағына бар. Халықтың ойлаған ойын, пікірін білдіретін, мұңын, мұқтажын көрсететін осы әдебиет. Бұл жұрттың айнасы. Халықтың түрі, қалпы, салты бәрі сонда көрініп тұрады. Біздің қазақ әдебиетінің осы кезге шейінгісін үш дәуірге бөлуге болады: Бірінші дәуірі – ескі замандағы қазақ арасына жазу таралмай тұрғандағы кез. Ол заманда қазақ өз алдына тұрып, кең далада еркін дәурен сүріп, көк орай шалғын жерлерде, шалқыған көл, сарқыраған өзен жағасын жайлап жүрген күндері. Кеңшілікте туып, бар керегі өзінен табылып, төрт түлік малдан бәрі шығып тұрған мезгіл, ойлауға уақыты кең, сөз сөйлеуге тілі еркін болған заман. Біреумен біреу кез келіп, сөйлесе қалса, жай сөз қылып өлеңмен, жұмбақпен, пернемен сөйлескен. Бой болса, жиын болса, ақынсыз, өлеңсіз болмаған, айтысу парыз сияқты болған.
Ол замандарда еркек, әйел демей, бәріне де шешендік салыстырып айтыспақ, бірін-бірі жеңіспек бір мерей болып саналған. Қыз-қатындар ол кезде еркін өскен. Жиын болса, қыз-келіншек, боз-баласыз қызығы, сәні болмаған. Сөз білген, өлең білгендер ол заманда ел ішінде қадірлі болған. Бұлардың қадірлі болу себебі сөз бағалы болып, өлең мен күй адам баласының өнерінің зорына саналған. Осы айтып өткенімізді әспеттеу үшін өткен замандарда айтылған бір-екі ауыз сөз келтірейік.
Мұнан 193 жыл бұрын, 1722 жылда, біздің осы төңіректі (Семей маңын) жайлайтын орта жүздің қазағы Сырдария бойын жайлаған екен. Сол уақытта тобықты деген таптан Қалқаман атты батыр шығады. Ол батыр бір байдың Мамыр деген қызын алып қашпақ болып, жиылған көп қыз, бозбаланың ішінде отырған Мамыр қызға “айтатын жауабың не” деп ымдайды. Сонда Мамыр қыз толып отырған жұрттың көзінше өлеңдетіп, пернелеп айтқаны мынау:

“Күн батысы ауылымның қалың қамыс,


Бүрсікүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер намыс,
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс”.
Бұл сөздің шешуін “Қалқаман - Мамыр” деген Шәкәрім қажының кітабында былай айтады:
“Жауап берді солайша Қалқаманға,
Байқалмады бұл сөзі басқа жанға.
Бүрсікүні қамыстан жолықпасаң,
Мен саған жоқ деді ғой байқағанға”.

Бұл қыз бен жігіт сөйлескендегі сөз. Қыз елеусіз қылып өлеңмен ойындағысын айтып, жігіт оны тапқаны. Қазақ қарияларының, билерінің бас қосқанда сөйлескен сөздерін байқасақ, аз сөзбен келітіріп, көп сөз айтады екен. Бірінің ойындағысын бірі тауып, тез жауап беріседі екен.


Киіз туырлықты қазақ үшке бөлініп, үшеуі үш жүз деп аталады: Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Бұлар бұрын өз алдына тұрып, үшеуі үш жанға бағынған. Ынтымақтары келіспеген соң ескі заманның билері үшеуінің басын біріктіреміз деп, үш жүзден үш би шығады. Ұлы жүзден үйсін Төле би, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек би, кіші жүзден Қаражігіт би.
Үш би бас қосып сөйлеседі. Сөйлескенде айтады. Үшеуіміз үш ауыз сөз айталық. Үшеуіміздің сөзіміз бір жерден шықса, үш жүздің баласының біріккені. Үшеуіміздің сөзіміз бір жерден шықпай, үш түрлі болса, онда үш жүздің ынтымағы келіспегені деген екен.
Сонда үйсін Төле тұрып айтыпты: “Аларма еді бұ көлдің қуын атып”. Қазыбек жұлып алғандай мынаны айтыпты: “Жазым болып жүрмесе, суын атып”. Қаражігіт би айтыпты: “Ұлы жиын, үлкен той боп жүрмесін, суда жүрген перінің қызын атып”.
Үшеуі осыны айтып тарқасыпты. Бұ билер не айтысыпты, бұлардың қуы не, суда жүзген перісі не, үшеуінің сөзі бір жерден шықты ма, жоқ үш түрлі болды ма? Бұл арасын әркім әр түрлі шешеді. Біз мұны шешуін айтайық деп айтқан сөз емес. Біздің мақсұт қазақ әдебиеті бұрынғы кезде қандай болғанын көрсетуге мысал келтіру. Бұрынғы заманда сөз қымбат, өлең қадірлі еді деп, жоғарыда айтып едік. Сөйлей білмек өнер еді. Өлең білмек жігіттің көркі еді. Ол кезде атағы алты алашқа шыққан ақындар да болып еді. Орымбай, Кешімбай, Өтеұлы. Әйелдерден: Айман, Шолпан, Болық ақындар шықты. Бұлардың өлеңдері барша қазаққа жайылып үлгі болды.
Бұл ақындардың ішіндегі жүйрігі Орымбай ақын еді. Осы Орымбай ақын кез келіп, Ерден батырға көргеннен-ақ кідірместен айтқаны мынау:
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден!
Кетіп тұр бақ дәулетің тағы керден.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден.

Ұсынса қол жетпейтін асқар белім,


Өлімнен қарсы келген қорықпас серім.
Қарындас қадыр білмес тірлікте,
Арыстандай асып туған есіл еріс.

Иілмес қарағайдай терегімсің,


Ақылдың көз жетпейтін зерегімсің.
Қазақтың қазақ исі тұрған шақта,
Алаштың баласына керегімсің.

Өлең айту, пернемен сөз сөйлеу бір өнер болса, домбыра шертіп, күй тарту бұ да сөзбен қатар жарыста жүрген өнердің бірі еді. Домбыраға келмейтін күй жоқ десе болғандай. Ән салса бірге қосылып, қандай күйге болса келеді. Мұңдысы ма, зарлысы ма, көңілдесі ме? Қазақтың ескі күйлерінде “Бозінген”, “Қоңыр қаз”, “Сарыбел”, “Қос келіншек”, “Ерке атан” деген асыл күйлер бар. Бұларды шерткенде естіген қазақ баласы басқа бір дүниеге кешкендей болады.


“Бозінген” деген күйді шерткенде ботасын алмай тұрған інгендер иіп, ботасын алыпты деген ескі сөз бар. “Қоңыр қаз” деген күйді шерткенде аспандағы ұшып бара жатқан қаз, ілгері ұшып кете алмай, төмендей-төмендей жерге түсіп, жер бауырлап жата қалыпты дейді.
Бұл сияқты сөздер әрине ертегі сияқты асырып айтқан сөздер. Бірақ бұл домбыра тартқанда адам түгіл хайуан құлағына да дауыс жағады деген сөз. Бұл қазақтың сөзді қандай қымбат көрсе, домбыраны һәм сондай көретіндігінің белгісі.
Ілгеріде айтқанымыздың бәрі қазақ әдебиетінің әуелгі дәуірі болған ескі замандардағы қалпы.
Енді әдебиеттің екінші дәуірі келеді. Бұл екінші дәуірі жазудың халық арасына көбірек таралған заманы. Әр жақтан әр түрлі халықтың, адамдары келе бастап, қалың қазақтың ортасына орнап қалғаны да болған. Осындай адамдар өлең айтып, сауық қылу, домбыра шерту дұрыс емес деген. Бұл “дұрыс емес” деу қожа, молдалар көбейген сайын молайған. Сөйтіп, жұртқа тыю салына бастаған. Түрлі-түрлі кітаптар таралып тіл кітапшаға айналып, ескі сөздер жазбаға түсіп, мирас болып қалмай. Бұрынғы тілге бұрынғы жақсы сөзге жұрт жаман көзбен қарап, кітапшаны үлгі қыла бастаған. Домбыра шертпек, күй тартпақ, ән салмақ – мұның бәрі сыпайы кісілерге лайық көрінбей, ерсі көріне бастаған. Өстіп әдебиетіміз төмендеп, тіл болса, кедейленіп бара жатқан уақытта ардақты Абай марқұм шығады. Қазақ әдебиетін көркейтіп, түрлендіріп, сөз қадірі кетіп бара жатқан уақытта сыртына өң беріп, ішіне жан кіргізіп, сөз қадірін танытқан осы Абай болады.
Абай бұрын қазақта жоқ өзендерді (қалаулар)білгізді, неше түрлі мақаммен таныстырды, сөздерін, ойларын жұртқа мирас қылып қалдырды.
Абай марқұмнан бері қарай қазақ әдебиетінің үшінші дәуірі басталды. Өлең мен сөз турасындағы Абайдың айтқаны еске түседі.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,


Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,


Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,


Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,


Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып, түнде сарнап,


Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,


Былжырақ көрінеді соларды аңдап.
ХХХ
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Бүгінгі жиында айтылатын өлеңнің көбі Абайдың сөзі, бірсыпырасы Абай аттас қыпшақ Ыбырай Алтынсарин деген кісінікі. Бұл кісі де сөзге ажар берушінің бірі. Ыбырай Алтынсарин Абайдан азырақ бұрын туған болса да, Абайдың замандасы. Алтынсариннің заманына қарай шығарған бір өлең мынау:


Өнер, білім бар жұрттар,


Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Мың шақырым жерлерге,
Аты жоқ құр арбаны,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты,
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Білгендерге осылар.
Бәрі-дағы анықтай.
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай,
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым!
Қатарың кетті-ау алысқай,
Ұмтылыңыз қалыспай!
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер жігіт көркі деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым!
Сіздерге бердім батамды.

Осы айтқан Абайдың һәм Алтынсариннің өлеңдері қазақтан шыққан жас ақындарға үлгі болды. Сөз түзелді, үздік оңдалды. Қазақтың әдебиеті бүгін кеш жарыққа шығып, жұрттың сынына түсіп тұр. Әдебиет те жас баламаен бірдей, сүйеу кетеді. Халық жақсы көзбен қараса, әдебиетке демеу болып, әдебиет өрге басады.


Абайдан бері һәм одан үлгі алған кейінгі жастарымыздың ыждақатымен әдебиетіміз түзу жолға түсті. Енді мұнан былай сөз қадірі ұлғайып, өлең керектігі байқалып, өзге жұрттар да қандай болса, бізде де сондай болар деген үмітпен сөзді аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет