Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет75/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
К.Ахметов
Әдеби даму

Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың алма-кезек ауысып келіп отыруының сыры түрлі қоғамдық дәуірдегі әрқилы жағдайларға байланысты. Ал өнердің кеңінен қанат жаюы үшін шынайы адамдық қасиеттердің қалыптасып, дамуына оң ықпал тигізетін әлеуметтік-тарихи негіз керек. Өнердің өркендеуіне қолайлы жалпы қажеттіліктерді ескере отырып, әдебиет дамуының заңдылықтарына қатысты кейбір мәселелерді зерделеп көрелік. Бұл орайда өнер туындыларының тарихи нақты даралықтары мен олардың тұрақты мәні туралы мәселеге соқпай кету мүмкін емес. Сондықтан әңгіме арнасын осы мәселе төңірегінде өрбітелік.


Ұлттық дамудың әрқилы қоғамдық қарым-қатынастары мен ерекшеліктері, қалай болғанда да, өнер туындыларының мазмұны мен нақты тарихын белгілейді. Мысалы, хандық дәуір – жыраулар поэзиясы, Абылай – Бұқар қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз ізін, сәулесін түсіреді. Бұл тұрғыда, яғни даму процесіндегі сабақтастық мәселесіне байланысты қарастырсақ, ғылыми-техникалық шығармашылық пен көркем шығармашылық арасында елеулі айырмашылық барын байқаймыз. Таным дамуы барысында ғылыми-техникалық өнімдер біртіндеп өз мәнінен айырылуы немес жаңадан пайда болған өнімнің жекелеген бөлшектеріне айналуы мүмкін. Ал шынайы өнер туындылары қай кезеңде жасалса да, қатар жасай бермек.
Өнер туындыларының озық үлгілерінің мәңгілік маңызын жоғалтпауының бірнеше шарты (мәні бар. Біріншіден, белгілі бір кезеңдегі ақиқат өмірдің және сол кезеңдегі нақты бір көркем туындыда көрініс тапқан адам санасы деңгейінің өзіндік ерекшелігі; екіншіден, уақыт жағынан айырмасына қарамастан, адам дамуының ортақтығы, яғни төменнен жоғарыға қарай өсу ерекшелігі.
Әрбір тарихи дәуірдің қайталанбас өзіндік ерекшелігі болатыны сияқты, белгілі бір кезеңге тән адамдардың ой-сезімдері де тура сол сипатта, сол қалпында ешқашанда қайталанбайды. Жеке адам болмысы да сондай. Сондықтан да әрбір саналы адам баласы адамзаттың тарихынан маңызды орын алған барлық рухани игіліктерді өзі бойына сіңіруге ұмтылады...
...Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттер бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне – типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда, олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын көзқарастары жағынан бір-біріне жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты. Себебі – көркемдік құрал-тәсілдер (мысалы, тіл) түрлі идеялық мақсаттарға бірдей қызмет ете береді.
Идея сабақтастығы әлеуметтік күштердің дамуындағы жалғастық көрінісі болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа дәуірде бұрынғы ой-идеялардың қаз-қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа түр иеленіп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екені түсінікті болса керек.
Қаһармандардың белгілі бір типі қоршаған дүниедегі шындықтан келіп шығады. Бір-бірімен тығыз байланысып, бір-бірінен туындап, өрбіп жататын әдеби типтерді кез келген ұлт әдебиетінен көре аламыз. Мысал ретінде барлық халықтың әдебиетінде кездесетін күрескер қаһармандар немесе түрлі кейіптегі ұнамсыз бейнелерді айтуға болады. Қандай сипатта болса да, әдеби қаһарманның жаңа типі өзінен бұрын жасалған бейнелердің бойындағы маңызды белгілерді, қоғамдық мәнді қасиеттерді өз бойына дарыту, дамыту арқылы туады. Бұл көп жағдайда әдебиет дамуына ықпал етті.
Идея сабақтастығы үздіксіз жалғасатын болса, әдеби типтер сабақтастығы кей тұстарда үзіліп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да мүмкін. Белгілі бір тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмір өзгерген тұстарда көркемдік сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуі ықтимал.
Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстанған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай – Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлшектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оның мәнісі ұлттық мәдениеттің ортақтығына байланысты. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуіріне, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді...
...Әдебиет дамуындағы дәстүр сабақтастығына баса назар аудару жаңашылдықты жоққа шығару болып табылмайды. Себебі, ұлы қаламгерлер көркемдік даму тәжірибесіне сүйене отырып, осы тәжірибенің қажетті тұстарын пайдалана отырып, өз туындыларында өздерінің жаңа пікірлерін жеткізеді. Өнердегі жаңашылдық жайын сөз еткенде, ғылыми ой дамуындағы тәрізді, өткен күндердің тәжірибелері жан-жақты игеріліп, сын сүзгісінен өтіп, толығып, байып, жаңа түрге еніп, жаңа көркемдік деңгейге көтеріліп отыратынын ұдайы есте сақтау қажет. Соған орай өткеннің озық дәстүрін жалғастырушылар көркемдік дамуға өзінің айрықша үлесін қосқан жаңашылдар болып табылады. Мысалы, Абайдың және М.Әуезовтің сыншыл реализмі.
Қаламгердің жаңашылдығы мен оның өз алдындағы ізашарлармен арасындағы сабақтастық байланысын танып-білудің маңызы зор. Мұны танып-білмейінше, қандай да бір қаламгердің әдебиет тарихындағы орны мен әдеби үрдістегі ролін айқындау мүмкін емес...
...Әдеби үрдіс мәселесін қарастыру көптеген күрделі проблемаларды шешуге ықпал етеді. Бұлардың негізгілері ретінде поэтикалық идеялар мен түрлердің бір-біріне ауысу (ұласу) заңдылықтарын, ескінің жаңаға орын беруін, соның әсерінен әдеби стильдердің, бағыттардың, ағымдар мен әдістердің, мектептердің, т.с.с. өзгеруін атауға болады.
Қаламгерлер адам мен дүниені танып-білу ұстанымдарын өзгертуге ықпалды жаңа көркемдік жаңалықтарымен әдеби үрдіске араласады. Бұл жаңалықтар тақыр жерде жасалмайтыны да түсінікті. Әр қаламгер адамзаттың көркемдік дамуында жинақталған дәстүрлерге, өз халқының және әлемнің әдебиетін қамтитын әдеби үрдіске қатысушылардың, уақыт жағынан замандас немесе мүлдем алшақ тұрған ізашарлардың тәжірибелеріне сүйенеді. Осыған орай әдеби үрдісті көркемдік идеялар күресі, нақтылай айтқанда, өз бойына өзі тақтан тайдырған ескінің жақсылықтарын дарытқан жаңа мен ескінің тартысы деуге болады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет