Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет73/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
И.Н.Розанов
Дәуір ырғағы
Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері

Жаңашылдық жалауын көтерген әрбір ірі жазушы немесе тұтас бір буын әдеби қызметінің барысында екі мәрте тегеуірінді шабуылға тап болады: алғашқыда әдеби ескі сарынның, кейінірек әдеби сары уыздардың, яки Пушкинше айтсақ, олар сүт тісі шыққандықтан анасының төсін тістелей бастайды1.


Әдеби қозғалыс үшін алғашқы типтегілердің ықылассыздығы, яки шалдардың бұрқылы тұрлаусыз мағынаға ие; ал талантты, белсенді жастардың арасынан байқалған терістеу маңызды. Ол әрі қарай дамуға серпіліс береді. Бұдан әрбір жаңа буын бұрынғыдан жақсы және талантты, сөз өнері әрқашан мұндай серпілістен ұтады деген тұжырым жасауға болмайды. Алға баспай, кері кеткеннің мысалы жеткілікті. Әңгіме дүрліккен прогресс туралы емес, қозғалыс туралы өрбіп отыр. Тоқырау емес, қозғалыс – нағыз ұтыс сол болмақ.
Әрбір жазушы дәстүрдің өрмегін үзеді. Егер ол өз жолымен шусыз, өз жаңашылдығын өзі байқамай жүрсе, басқалар да ұзақ уақыт байқамайды. Символизмнің ізашары Тютчев 15 жыл бойы өлеңін жариялаумен болды. Оның кейбір шығармасы аса үздік еді. Солай болса да, оны ешкім байқамады. Тоғышарларды былай қойғанда, Белинский де, тіпті /1836 жылға дейін/ Пушкин де назар аудармады2.
Егер жалғыз немесе бір топ жазушы гүл жамылған судың жел жайқалтпаған көгін бұза-жара ескекпен сыңғырлата ессе, барлық әдеби және тоғышар батпақтан: “Бұл бассыздық, бұл жағымсыз, бұл - әдебиет емес!” деген айқай шығады. Осындай анықтаманы шығармашылығының бастапқы кезінде сарытап пікірлерден Пушкин де, Гоголь де, Некрасов та, символистер де, футуристер де естіген.
Талантқа нағыз пәле – тым ынталы шәкірттері мен жолын қуушылардан. Беделдіні құртушы – тағдырдың тәлкегі дерсің – беделді болмақ. Әрбір ірі жазушыдан кейін жаңа дәстүр қалыптасады. Өрмек пайда болады, шөп көктейді. Су бетін көк жабады. Тағы да жел тимеген көк, тағы да “әдеби”, тағы да ескек күші керек.
Эпигандор буыны сүйіне алады. Жаңашылдар буыны өз жаңашылдығы мен талантын бағалауға бейім. Бірақ олар бұрынғы қайраткерлерге аяусыз қатал және аса беделділердің көрін қазуға асығады. Жаңа ғана ұрандаған есімдері олар тоқыраудың рәмізін де салады...
Жауға шабуыл жасалғанда негізгі биіктер атқыланады. Әдеби жылжуда алғаш бұрынғы көсемдер мансұқталады. Олар қазіргі кезеңге сәйкес емес деген санамен заңсыз түрде терістеуге секіріс жасайды немесе талантын кемітуге барады. Айталық, Пушкин тұсында ХҮШ ғасырдың Ломоносов, Державин секілді басты ақындары қайта бағалануға тап болды. Некрасов дәуірінде Писарев Пушкинге және оның мектебіне кіретін Фет пен Полонскийге ақын атағын қимады. Оларды өлеңшілер деп есептеп, ақындыққа Некрасов лайық деп тапты. Некрасовтың поэтикалық қуаты символистердің алдында терістелді. Бұған Владимир Соловьев тер төкті...
Осы терістейтін бағаның бәрі – бір ыңғайдағы, түсінікті, тарихи қажетті, бірақ негізі жөнінен жалған құбылыстар. Әрине, қабілет дәрежесін дәуір деңгейімен және алынған асулармен байланыссыз анықтауға болмайды. Әлбетте, Ломоносовтың ақындық қуатын терістеу қандай ақылсыздық болса, Пушкинді терістеу де сондай ақылсыздық. Тарихи перспективаны сақтасақ, кейінгі толқын дарынсыз деп тапқан Тредьяковский Пушкиннен біздің күнімізге дейінгі кез-келген екінші сортты ақындардан талантты. Сын және ақындардың бағасы – ағымдағы сәт пен көңіл-күйдің құлы. Егер әдебиет тарихшылары өз кезеңінде тарихи сәт деп қараса, алса ғана уақытшылық пен кездейсоқтықтың арбауынан кейде құтыла алады...
Әдебиет тарихшылары осы уақытқа дейін әдеби тартылу мен инерцияға аса көп көңіл бөліп келді.
Контраст бойынша, шығармашылық контраст бойынша лайықты назар аударсақ, орыс поэзиясындағы қозғалыс схемасы көрнекі көрінер еді.
Контраст декларацияда емес, шығармашылықтың өзінде болуы қажет. Имажүнистер футуристерден практика жүзінен гөрі, теория тұрғысынан бөлектенеді /серпіледі/. Олардың буынсыз жері осында. Серпіліс дәрежесін дәуірдің негізгі сипаты анықтайды. Кіші дәрежені - өтпелі дәуір, ірі және анық дәрежені - өрлеу дәуірі, жарқын дәуір тудырады.
Жуковский, Лермонтов; Блок – біздегі өтпелі дәуірлердің аса ірі нәтижелері: Жуковский – Державиннен Пушкинге өтердегі, Лермонтов – Пушкиннен Некрасовқа өтердегі, Блок – Брюсовтан Маяковскийге өтердегі тұлғалар...
Жарқын дәуірдің бейжай қалдырмаған өкілдері: Ломоносов, Державин, Пушкин, Некрасов, Брюсов және Маяковский. Бұлар әрқашан да өз уақытының талассыз ұлы ақындары болмаса да, сол уақытқа етене ақындар болып қалды. Некрасовты ақтық сапарға шығарып саларда, Достоевский “кек пен мұң ақынының” замандастары ішінде Некрасовтан да таланттылар болды, бірақ олардың Некрасовтай маңызы болған жоқ деп әзіл айтып еді. Расында, ақын ретінде Тютчев Некрасовтан ақын ретінде әлсіз емес. Сөйте тұра Некрасов дәуірі болды, Тютчев дәуірі болған жоқ. Біздің дәуірімізді Хлебников, немесе Анна Ахматова дәуірі емес, Маяковский дәуірі деу ыңғайлы...
Өтпелі дәуірлер – буфер сынды: олар серпіліс кезінде түсер күшті жойқын етпейді; сондықтан оны қаперге алуға да болмайды.
Серпіліс қалай жүрді?
Державин Ломоносовтан серпіледі. “Менің басты тырысуым, - деп мойындайды ол, - Ломоносов секілді жазбау болды”. Оның қызық көрінетін буыны осылай пайда болды. Пушкин Державинге қарама-қарсы жекелеген дүниелердің стиліне айрықша назар салды. Некрасов Пушкин мен Лермонтовқа қайшы тәсілдерге сүйенді. Символистер Некрасов пен Надсон поэзиясынан, футуристер символистерден серпілді. Осылай бірқатар жылжу болды. Жаңашыл буындар арасында – басқа буындар бұл санатқа кірмейді - әкелер мен балалардың толассыз күресі жүріп жатады.
Бір кездері атадан серпілген әкелерден серпіле отырып, белгілі жағдайда әкелерден гөрі аталарға жақындайсың, ал арғы бабаң – бабаңнан гөрі жақындай түседі.
Поэтикалық дәуірлер ырғағы осыған негізделген...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет