Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет68/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Н.Я.Берковский
Романтизм және оның түп тамырлары туралы

Романтизм – тарихи құбылыс. Оның әсері айтарлықтай болып, көркем өмірдің барлық саласын, философияны, тарих және филология ғылымдарын, табиғаттанудың көптеген салаларын, тіпті медицинаны да /Э. –Т. –А.Гофманның повестерінде романтикалық ыңғайдағы мегнстизерлер мен көзбояушылардың, емшілердің жиі кездесуі/ өзіне бағындырып алды. Бір ғана елдікі болмай, Европамен бірге Американы да жаулап алған романтизм өзіне дейін болған Ренессанс, классицизм, ағартушылық сияқты мәдениеттің тұтас бір дәуіріне айналды.


Романтизмнің аса ауқымдылығы мен формаларының көп түрлілігі зерттеушілерге қиындықтар туғызуда. “Романтизм” терминінің тарихына, оның мазмұнын ашуға арналған талай еңбектер жазылғанымен де күні бүгінге дейін оның анықтамасы жайла ортақ пікірге келе алмады. Бізде романтизм анықтамасының жақсы зерттелінген тарихы бар да қазіргі ой-пікірдің қажетін өтей алатын оның түрлі жақтары күштеп қойылып келді. Ондағы бастысы қайсы, қосалқысы қайсы дегенді оның тарихи дәуірінің нақтылы саяси және әлеуметтік негіздерін ескере отырып анықтауға болады.
Романтизмнің таралған уақыты – ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін. Оның шарықтауы түрлі елдерде түрліше уақыттарда өтеді. Романтизмнің ең жақсы дәуірі деп, Еуропада үлкенді-кішілі революциялар, ұлт-азаттық қозғалыстары болып өткен 1796-1830 жылдардағы кезеңді атауға болады. Бұл революциялардың аралығында саяси тынышталулар, қираған ескі жүйені қалпына келтіруге әрекеттер жасаған, не қауіп төнгенде оны нығайтуға ұмтылған сияқты әрекеттер жасалынған жылдар ұзақ уақыттар жатты. Романтизм жақтастарының да, қарсыластарының да әсерінде болып, революциялардан, талай-талай реставрациялардан өтті. Дегенмен де романтизм – француз революциясының жемісі, өйткені оның түпкі табиғаты, негіз осыны аңғартады. Реставрация романтизмнің, ондағы бастамашылықтың өңін айналдырды. Реставрацияның әсерін артық бағаламай дұрыс түсініп, оны оның тарихындағы қосымша, екінші кезектегі салдарлар деп ұғынған дұрыс.
Романтизм романтизмге келіп, оның жалпы жүрісін өзгертуге әрекет жасап, шамалары жетпей, кейін одан кетуге мәжбүр болған романтиктердің өздерінің жеке бас тарихтарымен де сәйкес келе бермейді. Романтизмді қозғалыстың рухани биографиясын тұтастай емес, оның жекелеген өкілдерінің биографиясын қарастырып, теріс түсіндіретіндер де кездеседі.
Романтизмге толығырақ анықтама бергендердің бірі жас кезінде Германиядағы романтизмнің “Иен мекбеті – мен” байланысты болған Шеллинг еді. Романтик Иенді еске ала отырып Шеллинг: “Тамаша бір уақыт еді... адам рухы барынша ашылып, өзін өмірдегі бар еркіндікке және оның не нәрсе екендігін емес, не істеуге болатындығын сұрауға толық хұқылы еді” – деп жазды.
Ұлы француз революциясының тура тұстастары дерлік және олардан тәрбиеленіп шыққан алғашқы буын романтиктерде бар мүмкіндіктерге ұмтылушылық басым болды. Олардың сөздерімен айтқанда, олардың “энтузиемі” осында жатыр еді. Романтиктер үшін мүмкіндік барлық уақытта да өмірдегіден алда жүрді. Олар бүгінгі өмір шындығын ескере бермей, әрбір құбылыс туралы оның қазіргі қалпымен санаспай, оның алдағы уақыттарда қалай болуға мүмкіндігі бар, оны қалай қайта құруға болады деп сұрайтын. Неміс романтизмі теоретиктерінің бірі Шлегель толық мағынада романтик деуге де келмейтін панегрик Лессингке оны бүгінгі Лессингтің не істеп, не қойғандығы емес, болуға мүмкін, әлі бар мүмкіндіктері ашылмаған Лессинг қызықтыратынын жазады.
Романтиктер әлі өмірге енбегендерге ерекше ықылас қойды. Олар үшін жаңа ғана туып, әлі формаға түсіп, кейіпке келмеген, қалыптасу, жасалу үстіндегілераса маңызды. Жас Шеллингтің философиясы бойынша, бүкіл әлем, табиғат пен адам мәңгі жетілу үстінде деп ұғынылатындықтан оның философиясы да негізінен романтикалық философия болды. Шеллингтің соңынан оның натурофилософиялық негізгі идеяларын қағып алып, ғылымның түрлі салаларына ендірген жас биологтар, физиктер, геологтар ерді. Әрине, бұл бағытты ұлы тарихи сілкіністерді басынан өткізгендер ғана мойындады: өйткені қатып қалған өмір, өзгермейтін форма жоқ, жасампаз өмір, бір-бірін ауыстырып отыратын форма бар; догматтар, мәңгілік шындық жоқ, заттар әлеиі мен ойлау әлемінде мәңгілік жаңғыру бар...
Романтикалық эстетика әсемдіктің өзіндік өлшемдерін жасады. Романтиктер үшін жаңа нәрсе сонымен бірге әсем де. Романтик суреткердің дарыны адамзат әлеміндегі жаңалықты көре білу, өмірге енді ене бастаған жаңаны сезе алу қабілетіне байланысты. Әдеттен тыс, өзгеше, беймәлім – романтикалық поэзияның қайнар көздері. Романтиктердің ұғымынша, өмірге әлі кірмеген, енді енуге тұрған, утопиялық ойлар, өмірден туындаған түсініксіз жәйттер – осылардың барлығы да әсемдік, поэзия әлеміне жатады. Новалистің философиялық фрагменттерінен мынадай жолдарды оқимыз: “Өнер бізді жағымды образдарымен таң қалдырады, предметті өзгеше етіп көрсеткенімен де таныс бейтаныс қылып көрсетуді – романтизмнің поэтикасын осылар құрайды”.
Романтиктер өздерінің кереметтер мен қиял-ғажайыптарға құштар екендіктерін ашық айтады. Белгілі бір сатыға жетіп, өзінің жаңашыл қасиеттерімен көріне бастаған жаңа атаулыны керемет, ертегі санап, одан поэтикалың бастапқы принципін көреді. Сол Новалис “Әдеттегі өмір мен тағдырдың өзі романтикаға толы. Үлкен болсын, кіші болсын, біз үлкен бір романның ішінде өмір сүріп жатырмыз” – деп жазады. Новалис одан әрі әдеби және философиялық тұтас бір бағдарлама дерлік... айналамызда болып жатқан оқиғаларды сезіну. Адам өмірін романтикалық бағдарлау, романтикалық түсіндіру және талқылау” – деген пунктті алға тартады.
Жаңаны, ғажайыпты, өзгешені романтиктер нәрсенің өзінен де, оны қарастыру тәсілінен де көреді. “Романтикалық бағдарлау” белгілі нәрсенің өзінен де жаңа, әлі белгісіз байланыстар табады. Нәрсені жаңаша ой елегінен өткізу оған романтикалық калорит береді; біз оны білетін де боламыз, толық біле де алмаймыз; жаңаша түсіндіру жаңа калорит, өзгешелік, ғажайыптық. Таныстың таныс емеспен, белгілінің белгісізбен, анықтың құпиямен араласып келуін романтиктер поэзиядағы, кескін және саз өнеріндегі аса бағалы бейнелегіш құбылыс санайды...
Романтиктер тарих сахнасын әр түрлі кездерде кетті: бір елдерде оның ықпалы 20-шы жылдардың өзінде-ақ тоқталса, енді бірінде бұл жылдар үлкен жетістіктерге жеткен уақыт болды: бірақ та ғасырдың ортасына қарай оны реализм ығыстырып шығарып, өткеннің естелігіне айналды.
... Романтизм буржуазиялық дамудың революциялық жағдайында пайда болды да оны түсіндіру буржуазиялық мәдениет өзінің өміршең дамуын жоғалтып, өмірдің кез-келген саласын жақсартуға ұсынылған максималистік бағдарламаларға утопиялық алға шақыруларға күдікпен, сенімсіздікпен қарай бастаған кезде қолға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет