Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі


Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігі



бет16/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
306 adebit

Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігі 

Әдебиет тарихынан мәлім әр жанрдағы көркем әдеби  мұраларға, көркем әдеби, публицистикалық жазбаларға қарағанда, ХХ ғасырдың басындағы ширек ғасыр қазақ әдебиетінің бәз қалпында даралық танытқан, халық тағдырының өртіне түсіп, санасынан сартап болған ұлттық мүдденің тізгінін қолына алған сәті деп қараған дұрыс. ХХ ғасыр басындағы қазақ ортасындағы ұлттық әдебиет тынысы қандай еді? Нақ осы тұста жазба әдебиеттің үздік үлгілерімен жақсы таныс, өз елінің өткені мен болашағы жайлы заман ағымында толғанған ақындар мен жазушылардың қуатты толқыны, кесек дарынды суреткерлердің шоғыры бой көрсетті. Сол толқынның бел ортасында Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер тұрды. Осы аса әлеуетті толқынның шығармалары арқылы қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа кезеңі замана сөзін айтты. Қазақ өлеңінің мазмұны да, өрнегі мен рухы да жаңа толғаммен шыға бастады. «Оян, қазақ» сол ұлттық поэзияның жаңа күнінің бөрілі байрағындай жұрт көңілін аударды да тұрды. Небәрі жиырма бес жасында Қарқаралы петициясына бел шешіп, білек сыбанып қатысқан Міржақып Дулатов (1885-1935 ж.ж. ) алғашқы өлең, публицистикалық мақалаларымен қазақ елін жаңашылдыққа,  тек жатпауға, оянуға үндеді. Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасы «Оян, қазақ!» кітабын шығарғаннан кейін-ақ (1909 ж.) ақынның азаматтық үні алысқа естілді. «Міржақып неге отырсын қалам тартпай» деген сауалды тебіреніспен басталған толғамды ой қазақты бірлікке, тірлікке шақырған қуатты публицистикалық поэзия арқауына, азаматтық толғамға ұласады.

Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой! –

деп, Абай сөздеріне үн қосып, Абай күңіренісіне жауап іздегендей болады. «Ғылым мен мағрифатты керек қылмай», «надандық шәбатына» қанған түнектен шығудың жолын іздейді. Салбөкселікті қой, жата бермей «Оян, қазақ!» дейді. Міржақып поэзия тілінде Ресей бодандығына кірген жылдары, қазақ жерінің жат қолдарына өтіп болған жылын атап көрсетеді. Айтылуға, халық жадында қалуға тиісті даталар мен деректерді ақын осылай да жұрт есіне салғандай екен. Абайдың қоғамдық-философиялық күңіреністі ойларынан кейінгі леп, жігерлі қадам осы еді. Қазақ қауымының бар болмысын, үмітті күндері мен күйікті түндерінен кейінгі ақын «Оян, қазақ!» демеске болмайтын-ды. Абайдың рухани суреткерлік мектебінен дәріс алып шыққан ақындар қазақ қамын осылай толғана ойлаған-ды.

Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов есігін ашқан дана Абайдың реалистік суреткерлік дәстүрі жоталанып көрінді, абайтанудық тұғырлы іргетасы қаланды.



Тапсырма №9:

      1. Поэзиядан мысал жазу ұлттық дәстүр көрінісіне

      2. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер көрінетін шығармаларды ата,теріп жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет