Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі



бет9/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
306 adebit
-sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, -sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, 001273b1-18effb9d, Квалиметрия Лекция 1
Трагедия - драмалық жанрдың бір түрі. Трагедия алғаш ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып, сахна өнерімен қатар дамыған. Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты, бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін, қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді. Өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады. Бірақ жеке адамның трагедиялық халге ұшырауы оның үміті кесіліп, арманы орындалмады деген сөз емес, керісінше, ол ғұмырын арнаған арман-мақсаттың биік те зор екендігін танытады. Дүниежүзілік драматургияда трагедияның тұңғыш классикалық үлгілерін көне грецияның ұлы драматургтары Эсхил (б. з. б. 525 — 456 ж. ж.), Софокл (б. з. б. 496 — 406 ж. ж.), Эврипид (б. з. б. 480 — 406 ж. ж.) туғызған. Бүгінгі өнер сүйгіш қауымда, айталық, “трагедия атасы” Эсхилдің “Бұғауланған Прометейі” мен “Парсыларын” немесе “Орестейя” трилогиясын, Софоклдың “Эдип-патшасы” мен “Антигонасын”, Эврипидтің “Медеясы” мен “Электрасын” білмейтіндер кемде кем шығар. Сайып келгенде, осылардың бәрінің пафосы - адамға тән сана мен сезімнің күшін, адамның ұлылығы мен рухани сұлулығын дәріптеу. Бұлардың мәңгілік шығармалар болу себебі де — сол. “Трагедия — поэзияның шыңы", - дейді Илья Сельвинский. Сөз өнерінің барлық түріне трагедия тигізген құдіретті ықпал бағзы заманнан бері аян. Бүкіл оркестрдің бар екпінін өз уысында ұстап тұратын контрабастың байыпты философиясы секілді трагедия пафосы да әдебиет дәрежесін ұлы дәуірдің иығына көтеріп тұрады”. Осы пікірде үлкен шындық бар. Сонет - әр шумағы тұрақты өлшемнен тұратын, 14 тармақтан құралған өлең түрі. Өлең құрылымы күрделі болып келеді, тармақтар екі рет төрт-төрттен, екі рет үштен топтасады. Яғни, 4 жолдық (катрен) 2 шумақ, 3 жолдық (терцет) 2 шумақ. Ұйқасы 4 жолдық шумақта, көбіне а б а б, а б б а түрінде, 3 жолдық шумақта әр түрлі болып келеді. Алғашқы 4 тармақта айтылған ой одан кейінгі 4 тармақта өрістеп, кейінгі 2 қатар келетін 3 тармақтарда түйінделіп, тиянақтап бітіру тәсілі жиі кездеседі. Сонетте ұйқастар өрнегіне, үйлес сөздердің әуезді келіп, сыңғырлап айтылуына да назар аударылады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ең әйгілі соннеттердің авторы Уильям Шекспирдің шығармашылығынан үзіндіСен - тәтті әуез, тәтті әуезге алайда, Тамсанасың сырлы мұңмен қалайда. Неге сонша ұнатасың, қайғыға, Қуанышпен құшақ ашу жарай ма? Жан азаптың жасырын сыры кімде екен? Уайымға ұрыныпсың бір бөтен, Байыппенен баялатқан дыбыстар, Жалғыздықты жазғыратын үн бе екен? Тыңдап көрші, шекті аспаптар түрленіп, Қоңырлатты ғажайып бір үн беріп. Шырқағандай әке-шеше, жеткіншек, Жұбын жазбай баратқандай бірге еріп. Аңғартады үн шек - пернеде өрілген, Жалқы сапар тең екенін өліммен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет