Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі



бет10/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
306 adebit

Тапсырма №5

1. Очерк немесе қысқаша мақала жазу

2. Сонетке мысал келтіріндер


24 Тақырып Әдеби процестің дамуы


Әдеби процесс– бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс біршама зерттеліп, түрлі сапалы ғылыми еңбектер де, зерттеу, оқулықтар да жарық көрді. Сәбит Мұқановтың  «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті»  (1932 ж), Бейсенбай Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1956 ж., 1993 ж.), Есмағамбет Ысмайловтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1941ж.), Белгібай Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихы» (1968 ж.), Әнуар Дербісалиннің «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті»(1966 ж.), Тұрсынбек Кәкішевтің «Сын сапары» (1971 ж.), «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994 ж.), Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» (1966), Бүркіт Ысқақовтың «Қазақ-татар әдеби байланысы» (1976), «ХХғасырдағы қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. Хрестоматия» (1983), Зейнол Бисенғалиевтың «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» (1977 ж.), Диқан Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» (2002), т.б. монографилық оқулықтармен кітаптарда бұл кезең әдебиеті әр қырынан қарастырылды. Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдар ұжымы бастырып шығарған «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994 ж.), «Қазақ әдебиетінің тарихы» «ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) сынды ірі еңбектерде де  бұл тұстағы әдеби үрдіс ерекшелігі арнайы қозғалды. Академиялық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) басылымының үлкен міні – осы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін егжей-тегжейлі саралап бағалай алмады. Сол тұстағы саясаттың пәрменімен бірқатар жаңсақ тұжырымдарға жол берді. Көптеген шығармалар мен ақындар, ағартушылар туралы жеткілікті түрде сөз болмады немесе мүлде ауызға алынбады. Енді бір шығармалар (мыс. М.Сералиннің «Топжарған» дастаны) қисынсыз мінелді.



Әдеби жанр - әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі.

“Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет