Әдебиеттануға кіріспе



бет15/27
Дата27.11.2022
өлшемі89,83 Kb.
#160056
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Әдебиеттер: 1,3,4,6,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.


13 Лекция тақырыбы: Әдеби үрдіс туралы түсінік.
Лекция тезис: Әдеби үрдіс ұғымының әлемдік ауқымы өте үлкен. Жалпы әдеби үрдіс ұғымының көркемдік даму заңдылықтары және көркемдік дамудың кезеңдік сипаттары арқылы өлшенеді. Дүние жүзінің барлық әдебиеттеріне ортақ бір мезеттер тән. Бұл салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдарымен қатар халықаралық әдеби байланыстардың да дамуында көрінеді. Модернизм ұғымында әдебиетке жататын көптеген тенденциялар бар мәлім. Осындай тенденцияларға: эксприсионизм, символизм, футуризм, сюррелюзм, абстракционизм т.б. жатқызамыз. Формалық ізденістердің жетістіктерімен ерекшеленеді. Осы тұста ұтымдырақ болып табылғаны бейсаясатшылдықтың теориялық тұрғыда көрініс беруі. Тенденцияларда маңызды орында болған бейнелеу предметі болып табылады. Осы тұста символизмнің бағытында Дж.Джонс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж.Сартр, А.Сент-Экзюпери секілді дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу, адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары орасан зор деуге толық мүмкіндік бар. Модернистік дүниетанымға ең қатысты нәрсе – импрессионизм. Бұған ағайынды Гонкурлар мен Э.Золяның импрессионистік қиялдары мысал бола алады. Қаламгер өз табиғатына адал болуы, сонымен қатар көру, сезіну табиғатыда бірге қатар жүреді. Тек қана суреттеу басым, бірақ баға бермеу идеясы қатар болды. Осында Поль Верлен Әуезділік туралы айтқан ойлары бар. Сонымен қатар еркін өлеңді қолдауда Рене Гильдің еңбектерін айта кеткен жөн. Еркін өлеңді символизммен туыстығы бар деді. Э.Джжарденнің ішкі монологымен қоса М.Прустың «сана тасқынының» импрессионализм эстетикасынан өрбуі де заңдылық. Даралық сапаларды, көріністерді іздестіру жан тарихымен байланысты қарастырылды. Г.Апполинер пайым-дауынша субьективтілікті дәріптеулікті нуббизммен үндес деп бағалады. Сюрреализм – бұл интуитизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасынан өріс алған бағыт өмір шындығынан көрі, көру шындығы маңыздырақ болды. 1924 жылы «сюрреализм» журналында монифест жарияланады. П.Элюор үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың», «ақиқаттылығы» анықталды. 1929 жылы екінші манифест жарияланды. Мұнда революциялар мен «ғажайыптарға»ғашықтың аңсары суреттелді.Негізгі жанр – лирирка болып есептелді. Д.Соллерс пайымдауынша антироман өкілдері сюрреализммен тамырлас деп түсіндіріледі. Экзизтенционализм де өмірден мәні мансұқ етілді.Олар тіршіліктен мағына таппай, әдеттегі құндылықтарын жатсыну байқалды. Ар-ождан тазалығы, әділеттілікке сенбеді. Осы кезде А.Комюдің «Бөгде адам», Ф.Кафканың «өзгеру» романдары қалыптасып, тәртіпке қарсы шықты. Бұл шығармалар Къеркегор, Хандеггер, Ясперс философиясының іздері басымырақ деп түсіндірілді. Белгілі бір жүйе болып, символдық – поэтикалық жүйенің ролі басымырақ болды. Өркениет келген кезде одан сақтануды ойластырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет