Әдебиеттануға кіріспе



бет18/27
Дата27.11.2022
өлшемі89,83 Kb.
#160056
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.


9. Семинар сабақтардың жоспары:


1 семинарлық сабақ тақырыбы:
Сөз өнері туралы түсінік. Әдебиеттану ғылымының негізгі мәселелері. Ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы. Әдебиеттану ғылымының салалары.
Сұрақтар:
1. Сөз өнері туралы түсінік.
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
3. Әдебиеттану ғылымының салалары
4. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы?
Тапсырмалар: Сөз өнерінің теориялық мәселелерін саралау. Көркем шығарманың ұлттық, адамзаттық маңызын қарастыру. Аталған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беру, саралау, зерделеу. Қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыз. Әрбір тақырыптардың өзектілігін түсіндіріңіз. Бүгінгі
әдебиет теориясы мәселелерімен тығыз байланыста алып, қарастырыңыз.

2 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық сипаты туралы ұғым.
Сұрақтар:
1. Әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшелігі.
2. Әдебиеттің халықтығының өлшемдері.
3. Әдебиеттің халықтығы және ұлттық сипаты.
Тапсырмалар; Әдебиеттің халықтығы, халықтықтың өлшемдері. Туралы сұрақтарға жауап бересіз. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдағы орыс ойшылдары Белинский, Дорболюбов т.б осы мәселеге қатысты ой-пікірлерін қарастырасыз.
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Бүгінгі таңдағы осы тақырыптың ғылыми өзектілігін қарастырыңыз. Әдебиеттің халықтығын теориялық тұрғыдан зерттеу бағытын ғылыми негіздеудегі өзектілігіне тоқталыңыз.


3 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдебиеттану – сөз өнері жайлы ғылым.
Сұрақтар:
1. Филология туралы түсінік.
2. Әдебиеттану ғылымы және оның салалары.
Тапсырмалар: Филология туралы нақтылы кезең шындығына, тарихи жағдайға қатыстылығына байланысты ғылыми-зерттеу еңбекттерді қарастырыңыз.
Әдебиеттер: 1,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Аталған сұрақтарға жауап беру үшін эстетика мен философияға қатысты ғылыми еңбектермен жан-жақты танысыңыз. Энциклопедиядағы түсініктемелер мен талдауларды негізге алыңыз.


4 семинарлық сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби – эстетикалық пайымдаулар.
Сұрақтар:
1. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.
2. Орта ғасыр эстетикасы.
3. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби – эстетикалық пайымдаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет