Тапсырмалар: Қазақ әдебиетіндегі образдың зерттелуі деген тақырыпта конспект жасаңыз.
Әдебиеттер: 1,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Көркем образ оның жасалу жолдары және түрлеріне тоқталып, қазіргі қазақ әдебиетінде қаламгерлердің образ жасау ерекшеліктеріне талдау жасап, көркем шығармалардан мысал келтіресіз.
№7 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем шығармадағы тақырып пен идея.
Сұрақтар:
1. Тақырып пен идеяның бірлігі.
2. Көркем шығарманың тақырыбы.
3. Идея туралы түсінік.
Тапсырмалар: Көрсетілген ғылыми еңбектердегі тақырып пен идеяның бағалануы, олардың теориялық талдануының өзіндік сипаттарын қарастырыңыз. Ж.Аймауытов шығармаларының тақырыбы мен идеясына үңіліңіз.
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар:Мазмұн мен пішіннің бүгінгі таңдағы ғылыми өзектілігі мен маңызын қарастырыңыз. Ж.Аймауытов шығармаларын әдеби-теориялық тұрғыдан талдаңыз.
№8 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем шығарманың мазмұн мен пішіні туралы ғылыми пайымдаулар.
Сұрақтар:
1. Мазмұн мен пішін бірлігі.
2. Жаңа мазмұн – жаңа пішін.
3. Мазмұн мен пішін элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |