Тапсырмалар: Көрсетілген ғылыми еңбектердегі мазмұн мен пішіннің бағалануы, олардың теориялық талдануының өзіндік сипаттарын қарастырыңыз. М.Мағауиннің шығармашылық зертханасына үңіліңіз.
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар:Мазмұн мен пішіннің бүгінгі таңдағы ғылыми өзектілігі мен маңызын қарастырыңыз.М.Мағауиннің шығармашылығының әдеби-теориялық тұрғыдан зерттеу бағытын ғылыми негіздеудегі өзектілігіне тоқталыңыз.
№9 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем шығармадағы сюжет. Сюжет және композиция.
Сұрақтар:
1. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы.
2. Тартыс түрлері.
3. Композиция және көркем шығарма.
4. Қазақ әдебиетіндегі сюжет. (М.Мағауин «Тазының өлімі»)
Тапсырмалар: Көркем шығарманың сюжетін талдаудың жолдары. Б.Майтановтың еңбектерінен конспект жасаңыз. Сюжет пен композицияның байланысы. М.Мағауин шығармаларындағы сюжет .
Әдебиеттер: 1,2,4,7, 11, 12, 14, 21, 22, 23, 24, 25.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ әдебиетіндегі жазушылардың щығармаларын сюжеттік,композициялық тұрғыдан талдаған еңбектерді қарастырыңыз.
№10 семинарлық сабақ тақырыбы: Көркем әдебиеттің тілі және оның өзіндік ерекшелігі.
Сұрақтар:
1. Көркем шығарма тілінің ерекшелігі
2. Автор сөзі және кейіпкер сөзі
3. Тілдің лексикалық ерекше қорлары туралы түсінік
4. Тілдік құбылтулар
5. Поэтикалық айшықтаулар
Достарыңызбен бөлісу: |