№12 Лекция тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері. Лекция тезисі: Әдебиетте үш тек бар, олар: эпос, лирика, драма болып үшке бөлінеді. Тек дегенімізді жанр ұғымымен тең саналып жүрген кезде болды. Оның сөз этимологиясы мен көркемдік тәжірибе ұйғарымының табиғаты алуан. Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын, баяғы бабалар заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені – эпостың шығармалар. Олай болса, эпос – көркем творчествосының ең бір егде, етене, кең тынысты түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын. . Әдеби тектің өзі өлең сөзбен қара сөзге ортақ екенін айта кеткен жөн. Эпос, лирика, драманың әрқайсысының өзінің шығу тегі бар. Осы кезде тұрмыс-салт жырлары мен өнердегі санкертизм терминін де байланыстыру керек. Эпос тегі – ол өткенді баяндау. Мұнда уақыт алшақтығы авторлық талғам және адамның ішкі өмірі үлкен шабытпен суреттеледі. Драманың ерекшелігі сахнада қойылады да, ол әрекет құдіретімен өзгешеленеді. Шындықты айрықша тәсілдерімен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақталып, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрменнің көз алдына қолма-қол көрсетіледі. Драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монолгқа негізделеді. Сахнада сөйлеткен тек персонаж ғана, автор сахна сыртында қалады. Яғни бұл кезде автор дәрменсіз. Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, онымен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі болып табылады. Жекелік сана мен сезім көріністері көңіл күй ахуалы арқылы лирикалық әсер береді. Әдебиетіміздің негізгі үш саласының бірі – лирика өзінің бай дәстүрі, өзіндік тарихы бар, бүгінде профессионалдық дәрежеде көтеріліп отырған бұл жанр қазақ әдебиеттану ғылымда жан-жақты зерттелуде. Жанр-нақты тарихи түр. Бұл сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Әдеби түр - әдеби тек аясындағы поэтикалық құрылымының тұрақты типі. Әрбір әдеби тектің өзіне тән әдеби түрлері бар. Мысалы, эпостың негізгі түрлерәне – эпопея, роман, повесть, әңгіме, поэма, лирикаға-баллада, идиллия, сонет т. б, жатады. Шығарма түрін анықтауда белгілі бір тұстарда көлемнің де маңызды роль атқаратыны рас. Алайда шығарманың түрін анықтауда тек қана көлемге ден өою жаңсақтыққа қрындырады. Сол себепті әдеби түрлердің бәріне болмаса да, кейбәрәне назар аударып өту артықшылық етпесе анық. Эпостың негізгі түрлерінің бірі – тарихи тамыры әріден басталатын – эпопея. Эпопея өзегі – барша халық өмірі үшін аса маңызды қткен күндер оқиғасы. Эпопея өз аясына кейіпкерлерлі молынан қамтиды. Өткенді баяндай отырып, бұл оқиға, бір жағынан, өзінің сол тұстағы мәнін де жоғалтпайды; оқиғаның ақиқат екендігі тұтас күйінде де, жекелеген бөлшектер бейнесінде де күмән тудырмады, әңгімелеуші де, оның тыңдаушылары да оқиғаның ақиқаттығына да, оған деген өздерінің көзқарасының дұрыстығына да шәк келтірмейді.Эпопеяның бас қаһармандарына әрекет еркіндігі мен әрбір әрекеті үшін халық алдындағы жауапкершілік тән болады. Роман – деген сөз,-дейді Пушкин,- ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұғымын береді. Белинский де романды «жаңа дәуір эпопеясы» деп түсіндірген болатын. Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген Адам тағдыры жеткілісксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатынастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді құбылыстар кең қамтылып, терең тұтастырылуға , сол арқылы жалпы қоғамдық жамудың заідылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған байланысты. Повесть – романға қарағанда, қамтылатын материал көлемі шағын болып келеді. Алайда, повесте қамтылған мәселе барлық қырынан дерлік мұқият қарастырылып, мейлінше айқын суреттеледі. Сонымен бірге, повесте автордың өзі бейнелеп отырған құбылыстарға, адамдар бейнесіне деген көзқарасы анағұрлым күшті сезіледі. Яғни повесте субьективтілік элемент басым танылады. Повесте, әңгімедегі сияқты, ауызша баяндауға тән белгілердің де сақталатыны бар. Сонымен бірге кейіпкердің дамуы, ортаның адамгершілік, әлеуметтік, экономикалық жағдайы, жеке Адам мен қоғамның өзара байланысы да бейнеленеді. Повесть – ауызша әігңмелеу мен жазбаша баяндау дәстүрлерін, фантастика мен атрихи дәлдікті, ақиқат өмірді еркін бейнелеуге бейім ауызекі әңгіме түрң мен өмір шындығын поэтикалық жинақтау әдістерін өз бойына бірдей тоғыстырған әдеби түр. Әңгіме –қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол-жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бете-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Әңгіме - әдемі дүние: жауынгер, ұшқыр, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Поэма - өлеңді повесть, қмірде болған, не боуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатынын адам образдары да әр алуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады. Баллада- лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, солсезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Идиллия - әлдебір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны. Сонет – арнулы қлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; ХІІІ ғасырда Сицилияда туған. Данте, Петрарка кқп жазған, кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.