Сөз байлығының түрлері
Синонимия (гр. заттас) айтылуы, естілуі, әр түрлі болғанымен, мағынасы бір-бірене жуық, мәні ұқсас сөздер.
Мысалы: шапшаң, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, уақыт, шақ, сәт.
Синоним сөздердің ішінен суреткер өзіне қажеттісін ғана алады.
Синонимдердердің кез-келгенін бірінің орнына бірін қолдануға да болмайды.
Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар-намысын қашырман… Байеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса, қылып қал. Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!
Осы өлеңдегі синоним сөздедің әрқайсысы өз орнында, бәрі де керемет талғаммен табылып, қолданылған. Сондықтан олардың ешқайсысын ешбір мәндес сөзбен ауыстыруға болмайды:
Махамбет өлеңіндегі сөздер
|
Мәндес сөздер
|
кескілеспей
|
төбелеспей, шайқаспай, шабыспай
|
басылман
|
қойман, тоқтаман
|
кескекті
|
айбарлы, айдынды
|
қыларың
|
жасарың, істерің
|
сой
|
түр
|
бас кесермін
|
өлтірермін, құртармын
|
Синонимдерде жай ғана сөз алмасулары ғана емес, суреткерлік шеберлік сырлары да жасырынып жатады. Жазушы синонимдерді терең біліп, шебер пайдалануы шарт: «Қазіргі Тоғжан жүзінде Абай қиялынан бір шақ кетпейтін, үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ» (М. Әуезов «Абай жолы»).
Көркем шығармада орнымен үстемелей, қатар, қабаттаса қолданылған синонимдердің орны да айырықша. Бұл плеоназм құбылысы. Мысалы:
Орынды іске жүріп, ой таппаған
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
(Абай)
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып. Босағада тұрмады, төрге ұмтыллды.
Бұзып, жарып, еңсеріп, еркін басып.
(Қ. Аманжолов)
Достарыңызбен бөлісу: |