2-сабақ. «Өзара оқыту» ойыны (меңгеру, дамыту)
Мақсаты:
а) білімділік: шығармалардың мазмұнын меңгерту.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік
қорларын дамыту.
б) тәрбиелік: өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдап бағалай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі
1. Әрбір оқушы тапсырма алады: өтілген тақырып бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис-конспект немесе жоспар-конспект жасау.
Жұптардың әр мүшесіне өз тапсырмасы бар (1-нұсқа немесе 2-нұсқа). Дайындалуға 10-15 минут беріледі.
2. Дайындалған соң оқушы (1-нұсқа) конспектісін пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, яғни «мұғалім» ролінде болады; ал «оқушы»
(2-нұсқа) оны тыңдайды.
3. Енді рөлдерімен ауысады.
4. Тапсырмалары бар парақтар таратылады немесе тапсырмалар тақтаға жазылады. Оқушылар (1-ші және 2-нұсқалар) тыңдаған материалы бойынша шығармалар орындайды. (жазбаша немесе ауызша)
1. Бірін-бірі тексереді.
2. Тапсырма тексерілгеннен кейін, «оқушы» мен оны оқытқан «мұғалімге» түрлі-түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
3. Сабақ соңында қорытынды шығармаларды – баға жетондардың түсіне қарай қойылады.
Қорытындылау. Үйге тапсырма: Ақын – жазушылардың шығармаларын оқып келу.
3-сабақ. «Әдебиет лотосы» ойыны.
Мақсаты:
а) білімділік: шығармалардың идеясын, мазмұнын, мақсатын айыра білуге, көркемдік ерекшелігін талдай білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты:
Бұл ойынға барлық оқушы қатысады. Әр топқа толтыруға арналған кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде әр ақын-жазушының шығармаларындағы жағымды – жағымсыз кейіпкерлері, оқиға желісі, қолданылған тәсіл сияқты көркемдік ерекшеліктері толтырылады. Дайындалуға және толтыруға 30 минут, тексеруге 10 минут, ал 5 минут қорытындылауға.
Автор
|
Шығармалар аты
|
кейіпкерлер
|
Оқиға желісі
|
Немен аяқталады?
|
Не суреттеледі
|
Қандай тәсіл қолданды?
|
Қазіргі заманмен салыстыр
|
жағымды
|
жағымсыз
|
Оралхан Бөкей
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сайын Мұратбеков
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қалихан Ысқақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қадыр Мырзалиев
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-сабақ. Жеке топтық жұмыс формасы.
Мақсаты: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның жүру барысы:
Бұл сабақта оқушылар өз даярлық денгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде барлық үш күрделілік денгейіндегі сұрақтары бар парақтар жатыр (әр парақта 5 тапсырмадан)
Оқушылар деңгейді таңдайды:
ІІІ денгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
ІІ денгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
І денгей (едәуір күрделі денгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр денгейдің ішінде 5 балдық жүйемен бағаланады. Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). І денгейді таңдап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. ІІІ және ІІ денгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. І күрделілік денгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды.
Бұдан әрі 2, 3 сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады. Жұмыс аяқталған соң, ІІ және ІІІ денгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптасына бір ортақ баға шығарып, оны бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
І денгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
І денгей
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің «Жусан иісі» әңгімесімен үндестігі, айырмашылығы қандай?
2. Қыранша өмір сүргенің-
Қандай бақыт !
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!
деген жолдардағы тұспалды ойды анықта. Осы шумақ арқылы ақынның айтпақ ойы қандай?
3. « Баяғыда бір жетім бала болыпты....» деп Аян мен Тортай ертегісін ары қарай жалғастырып көріңдер?
4. Қасымның жазушы Б.Майлинмен кездесе алмайтын себебін шығарма авторы өмірбаянынан табыңдар?
5.Қалихан Ысқақ өмірбаяны мен шығармадағы ұқсастықты салыстырып айт.
ІІ деңгей
1.Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алады?
2.Тортай мен Аянға мінездеме бер.
3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын түсіндір.
4. Аян ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?
5. Қасымға Алматай мұғалім: «әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деп неге айтты?
ІІІ деңгей
Тортай неге арманына жете алмады?
Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар?
Алтын сыныптағы қандай қыз еді?
Қарт қыран қандай халге душар болды?
Символ дегеніміз не?
5- сабақ. Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойыны.
Мақсаты:
а) білімділік: жазушының идеясын талдай білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.
б) тәрбиелік: өзара сыйластыққа, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: «Аквариум тәсілі»
Сынып топтарға бөлініп, шеңбер немесе шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өздерінің көзқарасын білдіретін «өкіл» сайлайды. Мұғалім келелі мәселе ұсынады, оны әр топ өз ішінде талдайды. Ортақ пікірге келгеннен кейін, сыныптың ортасына әр команданың «өкілдері» жиналды. «Өкілдер» сөз алып, әрқайсысы өз тобының көзқарасын білдіріп, сұраққа жауап береді. Топ мүшелері өз өкілдеріне кішкене қағазға жазып, нұсқауларын бере алады. Аса күрделі жағдайларда «өкіл» тайм-аут алып, өз тобына келіп, ақылдасады. тайм-ауттар санын мұғалім белгілейді. (1-3). Талқылау аяқталған соң, оқушылар қызметі бағаланады.
«Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен «Қоңыр күз еді» повесіндегі Алтынның ұқсастығы мен айырмашылығы.
Қыран неге намыстанады,оның соңғы шешіміне не себеп болды?
Аян мен әңгімені баяндап отырған бала,олардың достығы туралы ойланып, шын достық туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
«Жусан исі» әңгімесінің бір тарауын Аян атынан баяндап бер.
Кітаптың адам өмірі мен мінезі үшін қандай маңызы бар?
Тортай мен Ораш. Соғыс кезіндегі балалар. Олардың шынайы, таза дастығы туралы не айтар едіңдер?
Жазушы Б.Майлин өмірі туралы білетіндеріңді айтып беріңдер.
6-сабақ «Сынып жеңімпазы» ойыны.
Ойын шарты: ойын 5 бөлімнен тұрады. Осы бөлімнен жеңген топ «Сынып жеңімпазы» атағын алады.
1-бөлім
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Қ. Мырзалиевтің тағы қандай қандай өлеңдерін білесіңдер?
Кітаптың адам өмірі, мінезі үшін қандай маңызы бар?
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата?
«Кәрі қыран » өлеңінде не дәріптеледі?
«Қоңыр күз еді» әңгімесінде қай кезең суреттеледі?
2- бөлім
Тест сұрақтары:
Қ Ысқақ қай жылы өмірге келген ?
а ) 1939 ж ә ) 1935ж б) 1937ж
2. Ш Мұртаза шығармасын ата:
а ) «Жусан исі»
ә ) «Жүз жылдық жара»
б ) «Кәрі қыран»
3.. «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі оқиға қай жылдары болды.?
а ) соғыс кезі
ә ) Соғыстан бұрын
б ) Бейбіт өмір
4 Бір құбылысты тура суреттемей бүкпелей бейнелеу ,ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру:
а )Теңеу ә) әсірелеу б) симбол
5. С Мұратбековтың алғашқы әңгімесі қашан жарық көрген?
А ) 1947ж ә ) 1954ж б ) 1951ж
3-бөлім
Ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу
Шұға мен Алтын
Аян мен Тортай
«Жусан исі » мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелері
Бейімбет пен Қасым
Шерхан мен Қалихан
4 – бөлім
1 Егер сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?
2 Егер сен Тортайдың орнында болсаң не істер едің?
5- бөлім
Табиғат пен адам арасындағы байланыс суреттелген шығарманы ата, ол арқылы автордың айтпақ ойын анықта.
Үйге тапсырма: қайталау
7-сабақ.Сынақ.
Сынақ сұрақтары
1 билет
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата
Аян сендерге қандай әсер қалдырды?
2 билет
1. Қ Мырзалиевтің тағы қандай өлеңдерін білесің ?
2. Аян ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты » деп басталуының себебі неде?
3 билет
1. «Жусан иісі» әңгімесінде кім ,не туралы айтылады?
2 Қыран бейнесінен қандай әсер алдың?
4 билет
1 «Кәрі қыран » өлеңінде не дәріптеледі
2 Тортай мен Ораш достығы туралы не айтасың?
5 билет
1 «Қоңыр күз еді» әңгімесінде қай кезең суреттеледі?
2 Қарт қыран қандай халге душар болды?
6 билет
1 Табиғат пен адам арасындағы байланыс суреттелген шығарманы ата, автордың айтпақ ойын анықта
2 Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
7 билет
1 Егер сен Тортай орнында болсаң не істер едің?
2 Қасымның жазушымен кездессем деген арманы неге үзілді ?
8-билет
1.Бір құбылысты тура суреттемей бүкпелей бейнелеу,ойды ашық айтпай тартымды тұспалмен түсіндіру дегеніміз не?
2.Тортай неге арманына жете алмады?
9-билет
1.Символ дегеніміз не?
2. «Шұғаның белгісін»Қасым неге қызығып оқыды?
10-билет
1.С.Мұратбековтың алғаш әңгімесі қалай аталады?
2.Қасым неге күзді еске алып отыр?
11-билет
1.Қ.Мырзалиев туралы не білесің?
2.Тортай қандай бала?
12билет
1.О.Бөкеев жайлы не білесің?
2.Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?
13-билет
1.Аян мен Тортайдың ұқсастықтарын ата?
2.Алтын сыныптағы қандай қыз?
14-билет
1. «Жусан иісі»мен «Тортай мінер ақ боз ат»әңгімелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап?
2.Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?
НӘТИЖЕСІ:
-Өзіне сенімді;
-Қиындыққа дайын және оны жеңе алатын;
-Белсенді сөздік қоры дамыған;
-Шығармашыл;
-Бір-бірімен тіл табыса алатын;
-Өз бетімен іздене алатын;
- Еңбекқор;
-Оқуға жағымды қызығушылық қалыптасқан жеке тұлғаны көре аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |