Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Біз өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ білім қорын өмірмен байланыстыра алмайы. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда баланың қажеттеліктеріне сәйкес келмейді, өз білімдерін дәлелдей алмай жатады.
Кітап оқу арқылы ғана білім мұхитында еркін жүзіп, іздеген мұратымызға жете аламыз. Кітаптың құндылығы жайында дана халқымыз «Білімнің бастауы - кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Әдебиет-оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал.Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды,асыл қасиеттерімізді танытамыз.Әдебиет адамға өмірді ғана танытып қоймайды, ол адамды тәрбиелейді.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.Бұл функционалық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Бастауыш сыныпта алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұялшақ, өз-өзіне сенімсіз, жаутаңдап мұғалімнен бір жаңалық күткендей таза көңілмен үміттене қарайды.Сондықтан өзін еркін ұстап, өз ойын ашық айта алатын саналы оқушыны бастауыш буында қалыптастыру қажет. Баланы қорқыту, зеку , айтқанын қалайда орындату арқылы оқыту үлкен қателік. Оқушы өз-өзіне,Отанына,басқа адамдарға,қоршаған әлемге жағымды қарым-қатынас орната алады.Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдайды.Көркем шығарма мазмұнын талдай отырып,шығарма мазмұны бойынша өмірлік жағаяттарың шешу жолдарын біледі. Шығармадағы оқтғаға байланысты өзінің көзқарасын білдіреді,ойын ашық жеткізеді.Мәтін мазмұнына қарай сұрақтар құрастыра алады. Сөйлеу әрекеті дамып,ұлттық құнылықтар мен рухани адамгершілікке тәрбиеленеді. Мәтінді талайды және жанрын ажырата алады. 2-4 сыныпта әдеби кітаптарды оқу,кітапханаа өзіне қажетті кітапты таңдай алуы,ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу,мәнерлеп оқу,түрлі білім сайыстарына қатысуы кезіне балалардың функционалдық сауаттылығы артады.
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдандым. «Оқу менджазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану үшін оқушылардың ойларын еркін жеткізуге, ізденуге, ойлануға уақыт беріп, пікірлерін дәлелдей алуға мүмкіндік беру керектігін түсіндім. Оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе немесе ойын еркін жеткізе алмаса мұғалім қатені өзінен іздеп, өзіне сыни көзқараспен қарау керек. Негізі бастауыш сынып оқушылары кітап үшін оқуды ұнатады. Сондықтан да балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын үлкендер қадағалап отыруы тиіс.Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет.Кітаппен жұмыс жасау,оқушының білім сапасын көтерудегі қажетті жағдай. Баланың жалпы дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Сондықтан мен жаңа әдістермен, оның ішінде «Отбасылық оқу сауаттылығы» арқылы жұмыс жасаған өте тиімді деп есептеймін, жұмыстың тиімділігіне оқушы біліміндегі нәтиже барысында көзім жетті. Менің сыныбым екінші сынып болғандықтан, бұл жобамен жұмыс жасау барысында ең алғаш күндерінде менің бойымда, әрине, қорқыныш,сенімсіздік болды. Себебі, қазіргі теледидар, компьютер, ұялы телефон дамыған заманда балаларды кітапты өз беттерімен оқып, талқылап, оны ортада шығып қорғау, дәлелдеу мүмкін бе ? деген сұрақтар туындады. Бірақ, күнделікті әріптестеріммен, ата-аналармен, оқушылармен талқыланған түрлі пікірталастардан кейін көзқарасымның өзгергенін және осы әдістің тиімді екенін түсіндім.
Өздігінен кітап оқуды жан-жақты дамытып жетілдіру үшін, балаларға үнемі жоспарлы әңгіме айтып, олармен әңгімелесіп, кітапханаларға саяхат жасап, «Оқу конференциясын» ұйымдастырып, өткізу-осылардың бәрі оқушылардың ойын оятып, білу құмарлығын арттырып, өздігінен кітап оқуға үйрететін жұмыстар.
Кітап оқуды ұйымдастырудағы жұмысым нәтижелі болу үшін, алдымен әдебиеттік оқу сабақтарында әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын қатаң есепке ала отырып, дауыстап оқу арқылы жеке сөздерді дұрыс оқуға, сөйлем ішіндегі сөз мағынасын дұрыс түсінуге әбден жаттықтырып, әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде олардың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйреттім. Осындай дайындық жүргізгеннен кейін ғана, оқушылардың өздігінен кітап оқу жұмысын дұрыс жолға қойып, «Отбасылық оқу сауаттылығы» » арқылы жұмыс жасадым. Оқу конференциясы болатыннан бір ай бойы балалардың мүмкіндігіне байланысты кітап оқуды талап етіп, оқушыларға кітапты отбасымен бірігіп оқуға ұсындым. Кейбір оқушылар қызыға кірісті, кейбіреулері сенімсіздікпен, түсінбеушілікпен қабылдады. Ата- аналар тарапынан да кедергілер туындады , көбісі өздерінің уақыттарының жоқтығын, отбасымен кітап оқу қалай болады деп түсінбеушілік танытып, жауапкершілікпен қарамады. Ата –аналар жұмыс бабымен көп жүретіні, кітап оқуда ата-аналар тарапынан көмек болмайтын кездері де анықталды. Оқушылар нақты бір кітапты , тақырыпты таңдауда қиыншылық туындады немесе таңдаған тақырыптарынан ауытқып кетіп отырды. Ата-аналармен жиналыс өткізіп, баласымен кітапты қалай оқыту керектігін түсіндірдім. Ата-аналар тарапынан өздерінің қолдайтынын айтты. Оқушыларға кітап оқуға дейін зерттеулер жүргіздім. Бұл зерттеулердің нәтижесі бойынша оқушылар кітап оқуға уақыттары жете бермейтінін айта кетті, себебі бос уақыттарының көбін теледидар, компьютер алдында өткізетінін мойындады. Бірақ, менің байқағаным осы оқу конференциясын өткізу барысында олардың көзқарастарының өзгеруі. Ата- аналарыңның кітап оқып бергенін қалайсыңба? - деген сұраққа барлық бала ата-аналарының кітап оқып бергенін қалайтынын айтты. Бұл сұрақтарға ата-аналар жиналысында тоқталып, әркім өз ойларын айтты. «Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей» – деп Цицерон айтқандай ата- аналардың отбасылық кітапханаға қол жетімділігін зерттеу үшін сауалнама алдым, нәтижесінде сыныптағы отбасының 80%- ның үйлерінде кітапхананың, оның ішінде балаларға арналған кітаптардың жоқтығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |