Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі26,92 Kb.
#181097
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Шаки мақала

Уйисинбаева Айгеримнің анасы үй кітапханасында балаларға арналған кітаптың мүлдем жоқ екенін айтты. Сонымен қатар ата- аналар балаларымен отырып кітап оқығылары келетінін, бірақ уақыттың жоқтығын да көрсеткен. Бұл сауалнамадан кейін оқушыларымның неге сөздік қорының аз екенін, өз ойларын еркін неге жеткізе алмайтынын және неге қағаз бетіне түсіре алмайтынын түсіндім. Осы кедергілерді жою үшін мен жиі ата- аналар жиналысын ұйымдастырып,оларды осы «Оқу конференциясының» мақсатымен таныстырғаннан кейін, менімен келісіп , қызығушылық таныта бастады. Ата- аналармен өткізген әр кездесуім нағыз шығармашылық жұмыс болды. Олармен өткізетін әрбір кездесулерімді жан- жақты ойланып, бірлескен әрекетте әсер ететіндей дайындықпен өткізіп жүрдім. Сонымен қатар, оқуға алынған әр кітаптың тәрбие, даму бағытында болуы және кітаптың идеясы ата- ананы ойландыратындай бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде ата- анаға әсер ету арқылы балалардың жақсы оқырман болып қалыптасуына ықпалымды тигіздім.
Әр оқушыға күнделікті оқыған кітаптарынан туындаған сұрақтарға жауап жазып отыру үшін дәптер арнаттым. Оқушылар өздерінің кездескен қиындықтары мен сұрақтарын ата- аналармен және менімен бірлесе талдап отырдық. Оқушылар кітапты қызығушылықпен оқи бастады. Оқу процесі оқушылар үшін де, мен үшін де өте қызықты болды. Осы оқу процесі кезінде оқушылармен, ата- аналармен тығыз қарым- қатынаста болып, бұрынғыдан да қатты жақындасып кеттік. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын талқылап, ойларын дәлелдеп, оны өзінің, достарының, ата- аналарының өміріндегі іс- әрекеттерімен сәйкестендіріп отырды.

Мені таңқалдырған орташа білімді, өз ойын еркін жеткізе алмайтын, Ануар деген оқушым. Себебі ол ата- анасымен «Қазақ ертегілері» атты кітапты оқып қана қойған жоқ, олар қазіргі балалар арасында жиі кездесетін мәселелердің бірі шет елден келген, балалар психологиясына кері әсерін тигізетін мультфильмдердің көбеюі, балалардың сол мультфильмдегі кейіпкерлерге еліктеуі және өзіміздің тәрбиесі мол ертегілеріміздің жоқ болу мәселесін талдағаны. Сондықтан да, балалар тәрбиесіне аз болса да өздерінің үлесін қосу мақсатында, өздері оқыған қазақ ертегісінің біріндегі барлық кейіпкерлерді ермексаздан жасап, мультфильмін түсіре бастады. Ануар өзінің ата- анасымен жасаған кейіпкерлерін ортаға шығарып қорғағанда, өзіне сенімді және еркін ұстады. Сонымен бұл «Оқу конференциясы» оқушыларымды тек кітап оқуға емес зерттеу жұмысын бастауларына да итермелегеніне қуандым.

Осы оқу процесін бақылап отырып, балалардың оқуға деген талпынысын көріп, олармен осындай іс-шараларды көбірек өткізу керектігін түсіндім. Себебі, екінші сынып оқушылары өздері күтпеген жаңалықтармен , естімеген табиғаттағы таңғажайыптармен танысып, тек қана ертегі немесе көркем әдебиеттерді ғана оқып қоймай танымдық кітаптарға деген қызығушылық танытулары. Олар әр-түрлі жан-жануарлардың қыр-сырын танып білуге деген ұмтылыстары. Сонымен қатар, оны ата- аналарымен бірге қағаз бетіне барынша әсерлі етіп түсіруге тырысты.
Ата- аналар мен оқушылардың «Оқу конференциясынан» алған әсерлері мен көңіл- күйлерін жазған жұмыстардан байқауға болады:
Аминаның анасы: «Арайлым Қанағатқызына конференцияны ұйымдастырғаны табылған ақыл. Басқа сынып мұғалімдеріне үлгі боларлықтай «Не ексең, соны орасың»- дегендей балаларды ерінбей оқытып,олардың оқуға қызығушылығының артуы, ертеңгі күнде білімді,білікті маман болуы мұғалімге байланысты. Әсіресе, осы Арайлым Қанағатқызындай мұғалімдер көбейсе екен дер едім. Өйткені, білімнің түп-тамыры бастауыш сыныптан қалыптасады ғой. Мұғалімге зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасында зор бақыт
тілеймін !»
Зеренің анасы: «Өте ризамыз, балаларды конференцияға қатыстырып ат салысқанымызға, жай ғана оқытып, сабаққа дайындап емес , осындай қосымша жұмыс атқарғаныңызға алғыс айтамыз»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет