Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі26,92 Kb.
#181097
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Шаки мақала

Дамирханның анасы: «Осы конференцияны ұйымдастырған мұғалімге ризашылығымды білдіремін. Кішкене ғана балалардың тілін дамытуына, осы тақырыпқа материал іздестіріп, алға басуына көмек бердіңіз.Отбасымызбен кітап оқыған бізге қатты ұнады»
Шыңғыстың анасы: «Мұғалімге айтар алғысымыз шексіз. Осындай отбасылық оқу арқылы оқушыларын оқуға деген ынтасын арттырып, ата-аналармен бірігіп осындай жұмыс ұйымдастырудың өзі үлкен бір белес деп ойлаймын»
Алмас: «Менің отбасымен оқыған кітабым Қазақстанның таулары туралы. Мен бұрын естімеген көптеген таулар туралы білдім. Олардың қай жерде орналасқанын білдім. Осы кітапты оқу кезінде біз отбасымызбен таудың макетін, буклетін жасадық »
Ақбота: «Мен «Тарихи тұлғалар» деген кітапты отбасымен оқығанда төзімділікке, шыдамдылыққа және өмірде алға басуға үйрендім»
Еркеайым: «Маған кітапты отбасымен бірігіп оқыған ұнады. Мен осы кітаптан мейірімділікке, батылдыққа , туыстарыңды жақсы көруге үйрендім, тағы көптеген жаңа сөздер білдім»
Ата –аналардың сауалнамасын оқып мен мынандай ойға келдім. Ата –аналардың көбі кітап оқытуды мұғалімнің міндеті - деп ойлайды. Өйткені, олар балалары кітабын қорғауға шыққанда, бірге шыққысы келмей немқұрайлық танытты. Оқушылар өздерін еркін сезінсе, ата –аналар тарапынан ондай байқалмады. Болашақта ата- аналарда балаларымен осындай сабақтарға белсене қатысады – деген сенімдемін.

Осы өткізілген сабаққа өз мектебіміздің ұстаздары қатысты. Әріптестерімнің пікірі бойынша, осындай жұмыстар баланың жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуына өте маңызды. Өйткені, жұмыс барысында олар жеке, жұпта және топта жұмыс істеуді үйренеді. Оқушылардың өзіне деген сенімі нығаяды. Бұл өткізілген оқу процесінде әр бала өзінің үлесін қосуға тырысып, көздері жайнағанын есіме түсірсем, оқушыларымның бұл кітапты оқып- талдауы , ізденуі бастама болды деген қорытындыға келдім. Әрине, бұл біздің «Оқырмандар клубына» алғашқы қадамымыз болғандықтан оқушылар әлі де болса өздерінің ойларын толық қағаз бетіне түсіре алмайды, кейбіреулері жазғанға ерінеді. Болашақта оқырмандар клубының жұмысын дұрыс жоспарлап , ата-анамен, оқушылармен үздіксіз әрекетпен бірлесе оқып, ойланып, ізденсек жақсы нәтиже беретіндігіне сенімдімін. Өз ұлтының көркем тілінің кәусәрінен қанып ішкен балалар шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн.


«Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» - деп сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек «Қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астан 2012ж


2. “Білімдегі жаңалықтар”, 2005 №1
3. “Педагогика мәселелері”-ғылыми-теориялық журнал 2008 4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым. 5. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11 қыркүйек

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет