Ойынның шарты: Әр бала «Сиқырлы сандыққа» қолын салып, зат алады. Әр баланың қолында дөңгелектің бір бөлігі, ол бүтін дөңгелек болу үшін балалар түсіне қарай екінші жартысын тауып алу керек.
– Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз достарыңды тез тауып алдыңдар!
– Қандай түсті дөңгелектер пайда болды?
– Өте жақсы. Балалар, сендер достар қалай амандасатынын білесіңдер ме? Қане, балалар, біздер достар сияқты амандасайықшы. Достар құшақтасып амандасады, қолдарымен соғысады, беттерінен сүйеді.
– Міне, тамаша, сендер достар жайлы көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |