Билингвальды компонент: дос – друг, достық – дружба.
Ойын: «Жақсы-жаман»
Тақтада әдепті және әдепсіз қылық жасап жатқан балалардың суреті көрсетіледі.
– Балалар, қараңдаршы, қазір біз суретте не бейнеленгенін мына ғажайып дүрбі арқылы қарап, не көргенімізді айтамыз (балаларға дүрбі таратылады).
– Өте жақсы, балалар, сендер жақсы мен жаманды айыра біледі екенсіңдер. Енді, балалар, мына үстел үстіндегі қима қағаздардан жақсы қылық бейнеленген суретті қызыл қорапшаға, ал жаман қылық бейнеленген суретті көк қорапшаға салыңдар.
– Өте тамаша, сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Бір, екі, үш!
Бір екі үш!
Достықта біздің алып күш!
– Балалар, қараңдаршы бұл не?
– Дұрыс, қараңдаршы қандай әдемі көңілді жүрек. Сендер жүректің «Ғажайып баспалдақтан» көтерілгенін көргілерің келе ме?
– Олай болса, тақтаға назар аударыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |