Ұйымдастыру
іздестіру
|
–Балалар, ән не туралы?
– Мультфильмде кімдерді көрдіңдер?
– Балалар сендер достық не екенін білесіңдер ме? – Достасу дегенді қалай түсінесіңдер? – Достық неден басталады? – Достар өздерін қалай ұстайды?
– Дос болу жақсы ма әлде жаман ба?
– Өте жақсы, ал несімен жаман?
– Балалар, қазір біз сендермен «Өзіңе дос тап» деген ойынды ойнаймыз.
Ойынның шарты: Әр бала «Сиқырлы сандыққа» қолын салып, зат алады. Әр баланың қолында дөңгелектің бір бөлігі, ол бүтін дөңгелек болу үшін балалар түсіне қарай екінші жартысын тауып алу керек.
– Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз достарыңды тез тауып алдыңдар!
– Қандай түсті дөңгелектер пайда болды?
– Өте жақсы. Балалар, сендер достар қалай амандасатынын білесіңдер ме? Қане, балалар, біздер достар сияқты амандасайықшы. Достар құшақтасып амандасады, қолдарымен соғысады, беттерінен сүйеді.
– Міне, тамаша, сендер достар жайлы көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Билингвальды компонент: дос – друг, достық – дружба.
Ойын: «Жақсы-жаман»
Тақтада әдепті және әдепсіз қылық жасап жатқан балалардың суреті көрсетіледі.
– Балалар, қараңдаршы, қазір біз суретте не бейнеленгенін мына ғажайып дүрбі арқылы қарап, не көргенімізді айтамыз (балаларға дүрбі таратылады).
|