Кіріспе сөз
Ең алдымен инновациялық технология туралы айтпастан бұрын, «Технология» деген сөздің мағынасын анықтап алайық.
«Технология» дегеніміз не?
«Технология» деген ұғымның қандай құрамдас бөліктері бар?
Технологияға педагог өз жұмысында қолдана алатын әртүрлі әдістер мен тәсілдер енеді.
Технология – педагог жұмысындағы әдістер жиынтығы.
Технология – біртұтас мақсатқа бағынған, жұмыста белгілі бір әдістерді қолдану заңдылығы.
Технология бойынша жұмыстың нәтижесін бақылап отыруға болады, диагностика жүргізіледі. Осының барлығын бір анықтамаға біріктіруге болады.
Технология – педагогтың кәсіби қызметінің құралы, педагогикалық деген тиісті сапалы сипаттамасы бар. Педагогикалық технологияның мәні оның айқын көрінетін кезеңдері бар екені, оның ішінде әр кезеңдегі кәсіби қызмет анықталған, ол педагогқа өз кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесін жобалау кезінде болжамдауға мүмкіндік беру болып табылады. Педагогикалық технологияны ерекшелендіретіні: мақсат пен міндеттердің дәлділігі мен нақтылығы, кезеңдердің барлығы: алғашқы тексеру, оны жүзеге асырудың мазмұны, түрлері, әдіс-тәсілдері; белгіленген мақсатқа жету үшін аралық тексеру кезінде құралдар жиынтығын қолдану; мақсатқа жетудің қорытынды тексеруі, қорытынды бағалау көрсеткіші.
Қазіргі заманның талабы бойынша мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгенде «таза парақ» болмауы керек. Бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптар кейінгі кезде, ата-аналарды «дамытуға, салуға, ақпараттандыруға, дайындауға және т.б.» мәжбүрлейді. Бірақ көбінесе көптеген ақпараттар мен білім меңгерген балалар оларды жүйесіз қабылдайды. Осындай жағдайда әр ересек адамның міндеті балаға өзіне қажетті ақпаратты табуға, оны жаңа білім ретінде меңгеруге көмектесу болып табылады.
Тәжірибеден және қазіргі заманғы зерттеулер педагогтың педагогикалық процесті білікті меңгеруі ғана баланы дамытуға көмегін тигізетінін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің әдістері мен тәсілдері жеңісті анықтайды.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде жаңа мүмкіншіліктер ашады. Сондықтан мен өзімнің балалармен өткізген оқу іс-әрекеттерімде ӨТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданамын.
Балалық шақ – бұл қарқынды қайраткерлік қиялдың даму кезеңі және осы бағалы қасиетті дамытатын кезең. Қиял – бұл шығармашыл тұлғаның ең маңызды қасиеті.
Баланың шығармашылықта қажеттілігі зор екені мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу тәжірибесінен-ақ көрінеді. Оның шығармашылық потенциалы сурет, музыка, ойын, еңбектің мәнерін ойлап шығару, тапжылмай өз ісін аяғына дейін жеткізу болып табылады. Егер де баланың қиялы дамымаған болса, бұл қасиеттер де болмайды. Ал баланың қиялы ойын барысында дамиды. Ұжымдық ойындарда балалар әркімдерге түрленіп ойнайды, осының барлығы балалардың фантазиясын, қиялын, шығармашылығын дамытады.
Сонымен балалармен ӨТТШТ-ң әдіс-тәсілдерін қолданып өткізген әрбір оқу іс-әрекет – бұл ұжымдық ойындар, шын мәнінде шығармашылық жұмыс, қарқынды өмір қызығын түйсіну. Балаға қуаныш ауа сияқты қажет, ол күш тасқынын шақырады, шығармашылық қабілеттердің толығырақ ашылуына мүмкіндік береді.
І бөлім. ӨТТШТ технологиясын балабақшада қолдану
Мақсаты: ӨТТШТ әдістерімен таныстыру. Балалардың шығармашылық қиялдарын, ынталарын дамыту. Жігерліліктерін жетілдіріп, белсенділіктерін арттыру.
Екі бала терезеге қарады.
Бірі жаңбыр мен саз көрді.
Ал екіншісінің көргені – жасыл көгал мен көк аспан.
Бір терезеге екеуі бірдей қарады.
Айналада тек саз бен жаңбырды ғана емес, басқа да нәрселерді көретін адамды қалай тәрбиелеуге болады?
Шығармашылық тұлғаны сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Ақылды, парасатты ойшыл адамды тәрбиелеу. Міндетті түрде әр оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп отырып, оқытуда жеке тұлғаға бағдарлау әдісін қолдану. Жүйелі түрде, міндеттемей, әртүрлі жаттығу мен тапсырмаларды қолданып, оқушыға өз ойын айта білуді үйрету.
Өзектілігі:
ӨТТШТ технологиясы ұмытылып бара жатыр. Сондықтан бұл кеңес- жаналық, осы технологияның өзіндік жарнамасы болып табылады. Бұл технология түсініксіз, бірақ қызықты болды. Неліктен?
Бұл технологияның әдістері жаңа және дәстүрден тыс болды.
ӨТТШТ технологиясы бойынша сабақтар өте қызықты болатын, біз бірігіп ақиқат іздеу кезінде уақыт туралы ұмытатынбыз.
Сабақтар балалардың қиялдық-шығармашылық ойлау қабілеттерін, диалектикалық ойлау қабілетін дамытатын.
Сабақ кезінде біз балалармен серіктес болдық. Ол кезде ол әлі оқу-тәртіп үлгісі бойынша оқыту болатын.
ӨТТШТ деген бұл не?
Жауап өте қарапайым:
– ешқандай жаңашылдығы жоқ ой іздестіру;
– көптеген шығармашылық мәселені тауып, оны шешу;
– техниканың перспективалық даму жолдарын таңдау, олардың жасалу және өндіру жолдарына төмен шығын кетіру;
– шығармашыл тұлға қалыптасу кезінде шығармашылық ойларын дамыту.
Бірақ бұл технологиямен танысқан сәттен барлық жұмыстарын алға өрбейді деген жалған пікірден аулақпын. Барлығы да жай емес. Басқа ғылымды зерттеген сияқты ӨТТШТ технологиясын да игеру үшін көп еңбек ету қажет. Ал ӨТТШТ технологиясын қолданысқа автоматты жеткізу үшін одан да көп күш-жігер талап етеді. Қандай да болмасын дағдыны меңгеріп алу кезеңі туралы, белгілі орыс режиссері және театр мектебін қалаушы Константин Станиславский былай деген: «Қиынды қарапайым ету, қарапайымды дағдыға айналдыру, дағдыны жағымды ету». Әрі қарай ол осы жетістікке жету жолдары жайлы айтады: «Нағыз өнерге жету үшін барлығында бірдей ерік пен батылдық бола бермейді, жүйені ғана білу аздық етеді. Сондықтан да ойдан тудыра біліп, оны қолданыста ұстай білу керек. Ол үшін үнемі ізденісте болып, әртістік қабілеттілікті ұдайы қолданыста ұстау қажет».
ӨТТШТ ТАРИХЫ
ӨТТШТ – объективтік заңдылық дамуын зерттеу жүйесін жетілдіру мәселесін шешу ғылымы. Интеллектуалдық еңбек өнімділіктерін жоғарылату мақсатында, техникалық шығармашылық әдістер пайда болған. Олардың дамуында екі концепция айқын көрінеді. Біріншісі – техникалық даму барысында – тергеу жүйесі болып табылады. Өнерпаздардың, дара тұлғаларда болып жатқан жаңа мықты идеялар «арайландыру» болып табылады. Бұндай процесс ешқандай зерттеулермен, тираждалуға берілмейді. Екінші концепцияда жасанды жүйелер өзгерісі адамның субъективті еркіне байланысты болмайды, объективті заңға бағынады, деңгейді жоғарылату бағытында болады.
Г.С. Альтшуллер әшкерелеген заңдылықтар жаңа шығармашылық ғылымның пайда болуына, ӨТТШТ және техникалық жүйе заңдарының дамуына себеп болды. ӨТТШТ авторы Г.С. Альтшуллер.
Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ӨТТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыштардың ойлау қабілетін жетілдіреді, психологтар оны шығармашылық деп бағалайды: яғни,алғырлық, иілгіштік, диапазон, жүйелілік, біртума және т.б. ӨТТШТ негізінде бұл мүмкіншіліктер ойды дамытатын педагогикалық технологияны қамтиды.
Г.С. Альтшуллердің өмірбаяны: 1926 жылы 15 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келіп, Баку қаласында өмір сүрген. Әзербайжан индустриялық институтын тәмамдаған. Бірінші жариялымы (Р. Шапиромен бірігіп), өнертапқыштық теориясына арналады – Г.С. Альтшуллер, Р.Б. Шапиро «Өнертапқыштық шығармашылық психологиясы». Психология сұрақтары, 1956 ж., № 6. Өнертапқыш, Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының ӨТТШТ авторы, «Шығармашыл тұлғаның өмірлік стратегиясы» іскерлік ойынын құрастырушы, шығармашылық қиялды дамытатын жүйе тәсілдері. Жазушы. 1957 жылы (Генрих Альтов псевдонимімен) ғылыми-фантастикалық шығармалар топтамасын жариялады. Вячеслав Фелицинмен бірлескен дебюттік «Зиночка» әңгімесі жарияланды. 1960 жылдың бірінші жартысында отандық жетекші фантаст-жазушысы, «Фантастикалық ой көрсеткіші» шығармасының авторы атанды. Аталмыш жазушы 1998 жылдың 24 қыркүйегінде Петрозаводск қаласында дүниеден өтті.
1987 жылы ӨТТШТ балабақшаға кездейсоқ жағдайда келді. Инженерлік- техникалық жұмысшыларға арналған кезекті семинарға қатысушылар мектепте балалармен оқу іс-әрекетін көрсетуді сұрады. Бірақ қателесіп, оларды балабақшаның мектепалды даярлық тобына әкелді. Бұл түсінбестік ӨТТШТ-ларға мектепке дейінгі әлемді ашуға көмектесті және ең маңызды проблеманы шешуге септігін тигізді. Тапқырлық тапсырмаларды шешуге қашан және неше жастан қатыстыруға болатындығы жайындағы өзекті мәселені шешу барысында бірден-бір себеп болды. Балалардың зеректік қабілеттілігі, шығармашылық қиялын, диалектикалық ойлау дағдысын дамыту мақсатында, казіргі уақытта техникалық ӨТТШТ-і әдіс-тәсілдері балабақшаларда кеңінен қолданылуда.
ӨТТШТ-ң басты ережелері
ӨТТШТ-ң басты функциялары
1. Қандай да қиындық болмасын, нұсқауларды іріктеусіз тапқырлық және шығармашылық тапсырмалар жүйесін шешу.
2. Техникалық жүйе дамуын бағдарлау және перспективтік шешуін табу (сонымен қатар жаңа принципті)
3. Шығармашылық жағынан тұлғаның даму жолы.
ӨТТШТ ҰРАНЫ
«Қарама-қайшылықты шешу – шығармашылық ойлау кілті.
Педагогикалық ізденіс – балалармен жұмыс істеу тәсілі.
Егер де бала сұрақ қоймаса, педагог өзі қояды: «Не болар еді, егер...»
Оқу іс-әрекеті форма емес, ол ақиқатты іздестіру».
ӨТТШТ бойынша оқу іс-әрекетін құру принциптері
– Ең аз ақпарат хабарлау, ең көп пікір алысу.
– Миға шабуыл – проблемалық ахуалды талқылауды ұйымдастырудың ең тиімді формасы.
– Жүйелі әдістеме (өмірде бәрі өзара байланысты, әрбір құбылысты дамуда қарастырған жөн).
– Таным процесінде бала үшін мүмкіндігінше барлық ой-пікір операцияларын және түйсік амалдарын келістіру (анализаторларды, себепші- тергеу қорытындысы және нәтижесі, өздігінен жасалған: заттық-сұлбалық көрнекіліктер).
– Міндетті түрде шығармашылық қиялдарын дамыту.
Сонымен ӨТТШТ бір жағынан қызықты ойын, екінші жағынан шығармашылық арқылы балалардың ойлау белсенділігін арттыру болып табылады. Шығармашылық балаларға не береді?
– Өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
– Айналада болып жатқан өзгерістерден жаңа ақпараттар алуға ұмтылу.
– Таным қызметінің қажеттілігін дамытады.
– Жасап шығаруға, жасампаз болуға мүмкіндік береді.
– Аналитикалық қабілеттілігінің дамуына себепші болады.
– Өз көзқарасын дәлелдеу және өрлету ептілігін дамыту. Бұның бәріне ӨТТШТ әдіс-тәсілдері көмектеседі.
Оқу іс-әрекеті кезінде балалармен келесі жұмыс түрлерін қолдануға болады: әңгімелесу, дидактикалық және желілі – рольді ойындар, музыка тыңдау, мән-жайды үлгілеп, сахналау, практикалық жұмыстарды орындау. Сұлбалар, таблицалар, шартты белгілер және басқа да ақпарат беру жолдары маңызды рөл атқарады. Иллюстрациялық материал болып ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, балалар жазушыларының шығармалары қолданылады.
Нәтижесінде ӨТТШТ-ң келесі ұнамды ерекшеліктері айқындалады:
– Балалардың сөздік қорлары молаяды, елестету қабілеттері жетіледі, шығармашылық қабілеттіліктері дамиды.
– ӨТТШТ диалектика мен логиканы қалыптастыруға көмектеседі, ұялшақтық, тұйықтық, жасықтық қасиеттерден арылтады, кішкентай адам өз көзқарасын айтуға үйренеді, ал қиын жағдайға түскенде өздігінен біртума шешім табуға дағдыланады.
– ӨТТШТ балалардың көрнекі-көркем, себепті, қиял, ойлау, эвристикалық ойлауларының дамуына және басқа да психологиялық процестерге ықпал етуге себепші болады.
ІІ бөлім. ӨТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдері
ӨТТШТ әдісінің негізгі кезеңдері
Мәнді іздестіру.
Балалардың алдында шешуін талап ететін проблема (сұрақ). Барлығы әртүрлі ақиқат болатын шешу нұсқауларын іздейді.
«Қостықтың құпиясы» – қарама-қайшылықты табу: жақсы-жаман. Мысалы: күннің көзі жақсы ма, жаман ба? Жақсы – жылу береді, жаман – күйдіріп тастауы мүмкін.
Қарама-қайшылықты (ойындар мен ертегілер) арқылы шешу.
Мысалы: қолшатыр үлкен болуы керек, жаңбырдан тығылу үшін, бірақ ол кішкентай да болуы керек – сөмкеге салып қоюға болатын. Бұл қарама-қайшылықтың шешімі – жайылмалы қолшатыр.
Ойлануға арналған тапсырмалар:
Шелекте қалай су тасуға болады? (агрегаттық қалпын өзгерту – суды қатыру);
Қалай тез өсуге болады? (уақыттағы өзгеріс).
Бауырсақты түлкіден қалай құтқаруға болады?
ӨТТШТ балалармен мынадай тақырыпқа әңгімелесуді ұсынады:
тарихтық: ұшақ, дөңгелек, шанышқыны қалай ойлап тапты, т.б.?
серуенде: желдің анасы кім, оның достары ше, жел не жайында сыбырлайды, жел мен күннің көзі не жайында дауласады?
эмпатия әдісі: бұл бұта нені сезеді? Ағаш ауырғанды сезе ме?
Шығармашылық қабілет белгілері:
Ойлау ептілігі.
Шапшаң бағдар табу.
Мәселені дәстүрден тыс әдіспен шешу.
Бір құбылыс мінездемесін, заттардың мән-жайын екінші жағдайға ауыстыру.
ӨТТШТ ӘДІСІ
Сынау және қателесу әдісі
Ерте заманда адамның құрдасы пайда болды. Мәні: барлық нұсқау бойынша шешім талқыланады. Әрбір ой көтермеленеді.
«Егерде...» деген фраза мен мәселе қойылады, мәселені шешу үшін адам нанғысыз жолдар іріктеу (бірі сәтті, басқасы сәтсіз). «Егерде...» эксперименттің айқын серігі.
Мектепке дейінгі балаға бұл әдіс жаттығу болуы мүмкін, ойшыл процеске бірнеше арнауы, бірақ аса көп емес, өйткені нақты мәселені шешуге қадам жасау үшін заттардың және құбылыстардың қарама-қайшылық сипатын әшкерелеу керек.
Іріктеу нұсқауларын ынталандыру әдісі
Мейлі шағын мөлшерде болсын, практикада шығармашылық процесін басқаруға болатынын дәлелдедік. Бұндай әдістерге: фокалды құрылым әдісі жатады:
Морфологиялық талдау
Миға шабуыл
Синектика
ӨБУ жүйесі
Жүйелі оператор және т.б.
ФОКАЛДЫ ОБЪЕКТ ӘДІСІ (ФОӘ)
Фокалды құрылым әдісі психологиялық инерцияны шешуге көмектесетін ынталандыру әдісі болып табылады.
Бастапқыда бұл әдіс «каталог әдісі» болып танылды. Бұл әдіс неміс профессоры Кунцемен 1926 жылы ұсынылды, әрі қарай американ ғалымы Чарльз Вайтинг 50-жылдары оны әрі қарай жетілдірді.
Әдіс келесі жағдайларда көрсетіледі:
Біздің алдымызда құрылым сиқыршы тәрізді негізде бейнеленген. Берілген құрылымды пайдалану үшін бір-бірімен байланысы жоқ басқа құрылымға айналдыру қажет. Ойда жоқ қосылыстар қызықты нәтиже береді. Фокалды құрылым әдісінің көмегімен детальдармен заттарды кемелдендіру үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
1. Қандай да болмасын объекті қарастыру немесе өзгерту кезінде, мысалы, алманы алайық, еркінше алмаға қатысы жоқ басқа затты таңдаймыз. Таңдалған заттар шектелмейді, бірақ жұмыс істеуге ынғайлы болу үшін 2–3 объект алған жөн.
2. Басқа затты қалай таңдауға болады? Бұл кітаптан алған қандай да болмасын сөз болуы мүмкін (ол сөзді оқи білетін балалар таңдай алады). Суреттер бейнеленген карточкалар таратып беруге болады немесе әдемі ойыншықтарды тізіп қойып, тез арада атауды сұрау.
3. Зат (заттар) табылды. 5–10 анықтама бойынша балаларға затты сипаттап беруді ұсынамыз. Балаларға көмектесу үшін оларға сұрақ қоюға болады: «Ол қандай?» Мысалы: «пингвин» сөзі таңдалды. Жазып қоямыз (немесе символмен, суретпен, ойыншықпен белгілейміз) тақтада сипаттаған сөздер: секірген, жүгірген, ұшып жүрген, жүзіп жүрген, күліп тұрған, мейрімді.
4. Осы сипаттаған сөздерді сиқыршы тәріздес бейнеленген сөзге келістіреміз: секірген алма, жүгірген алма, ұшып жүрген алма, жүзіп жүрген алма, мейірімді алма. Барлық сөз тізбегін қарастыруға болады, ең қызықтысын ғана алуға болады.
5. Керекті сөз тізбегі (немесе қызықты) табылған соң, алмаға тиісті қасиет келтіру. Ол үшін оның сипатына келмейтін элементті «келтіру», балалардың қарастырып отырған объектісін өзгертеді.
«Ұшып жүрген алма» – қанат керек, шар тәрізді үрлеу, жіппен байлап қою; алманың іші бос, оның қабығы қана қалды, ол жеңіл.
«Жүгіріп бара жатқан алма» – алмада аяқтар пайда болды.
«Күліп тұрған алма» – оның көзі мен ауызы болу керек.
«Ұшып бара жатқан», «жүгіріп бара жатқан», «күліп тұрған» алмалар ағашта өседі. Оларды жинап алу керек. Қалай? «Күліп тұрған алмаға» қолыңды тигізсең, ол қарқылдап күле бастайды, күлкіден жарылып кетуі мүмкін. Оны жұлып алу үшін оған мұңды бірдене айту керек. Немесе «жұлғыш» қараңғы болу керек, алма «түн болды» деп ойлап ұйықтап қалады. «Ұшып жүрген» және «секіріп жүрген» алмалармен бәрі күрделі.
Жұлып алғың келген кезде, ол басқа бұтаққа секіріп немесе ұшып кетеді. Не істеу керек? Құйрығынан ұстап алу, тор салу, алдын ала жіп байлап қойып ұстап отыру.
Балалардың әңгіме құрастыру процесінде фантазияларында шек жоқ. Педагогтың балаларға дұрыс бағыт көрсетуі маңызды, «алма» мен «пингвиннің» қасиеттерін толығырақ ашу. Табылған сипаттамалар арқылы алманың әртүрлі нұсқасын қарастыру. Бір бағытпен жұмыс жасауға болады:
– барлық сөз тізбектерін қарастыру, табиғатта оларға тән нақты аналог табу;
– қандай көркем әдебиет шығармаларда ұқсас объектілер бар екенін естеріне түсіру;
– ұнаған сөз тізбегін таңдау (немесе әдетсіз) суреттеу (баяндау) әңгімесін құрастыру.
– сиқыршы тәріздес бейнеленген объект туралы әңгіме құрастырғанда, анықтамаларды қолдану (жартылай немесе барлығын).
«Менің құрбым» әңгімесі фокалды құрылым әдісін қолданудың мысалы болып табылады.
Менің жақсы құрбым бар. Ол кипарис ағашы сияқты ұзын, мысық сияқты мамық, киімдерін терімен әшекейлегенді жақсы көреді. Жас кезінде ол өте мейірімді болған, жаңа адамдармен танысып, достары да көп еді. Оның сымбаттылығына бәрі таңданып қызығатын. Бірақ жылдар өте оның сымбаттылығы семіздік пен икемсіздікке айналды, құрбым өзін ғана жақсы көріп, өзін ғана ойлағандықтан, оның достары да қалмады.
Енді ол ашуланшақ, тез ыза болатын әйелге айналды. Мен оны аяйтынмын, шеттен шығуын кешіретінмін, өйткені оның жұмыс күнінен кейін қандай күйде болатынын көретінмін. Мен бұл әйел үшін кішкентай болсын қолұшымды тигізгім келеді, оның солып, бұжыр, қуыс, өлген ағаш тәріздес болғанын қаламаймын. Бірақ менің барлық күш-жігерім оның жалқаулығына соғылып, босқа кететіні өкінішті.
Бірақ көктем мезгіліне жақын, оның көңілін көтеріп сергектендіруге болатын, өйткені оның ішкі дүниесінде март мысығы тығылған. Егерде ол мысықты оятса, жасарған, әдемі, менің бұрынғы сымбатты құрбымды көруге болады.
Тапсырма
Фокалды объекті әдісін қолданып, парта, кабинет, қалам сөздерін кемелдендіріңдер (зат тәрбиешімен ұсынылады).
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Морфологиялық талдау әдісін швейцар астрономы Ф. Цвикки ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары ойлап шығарған. Оның прообразы «Арс Магна» болып табылады. Ерте орта ғасырда (1235–1315 жж.) атақты испан ғалымы Раймонд Луллияның («Данышпан өнері»), «Данышпан өнердің» басты ойы, әрбір білімнің құрылымы түсінігінің түпкілігін анықтау. Бұл ұғымды біріктіру арқылы өмір жайлы барлық білімді анықтауға мүмкіндік туады.
Бұл әдістің мақсаты: мәселені шешу барысында барлық мүмкіндіктермен нұсқаларды айқындау, іріктеу кезінде жіберілген қателіктерді анықтау.
Әдетте морфологиялық талдау жасау үшін морфологиялық жәшік құрылады, яғни көп өлшемді кесте. Белағаш ретінде объектінің негізгі мінездемесі қарастырылып, мүмкін болатын нұсқаулары әрбір белағаш бойы жазылады. Мысалы: бізге доппен ойнайтын жаңа ойын ойлап шығару керек. Ол үшін морфологиялық жәшікті қолданамыз. Алдымен компоненттің негізгі мінездемесін анықтап, мүмкін болатын нұсқауын қарастыру:
А – доппен дененің қай мүшесімен ойнауға болады?
1 А – қолмен
2 А – баспен
3 А – аяқпен
4 А – денемен
В – доп қандай болуы мүмкін?
1 В – резеңкеден жасалған
2 В – пластмассадан жасалған
3 В – ағаштан жасалған
4 В – әуе шары
С – допты немен соғуға болады?
1 С – клюшкамен
2 С – таяқпен
3 С – ракеткамен
4 С – дене мүшесімен
Содан соң морфологиялық жәшік құрастыру керек:
1 А, 2 А, 3 А, 4 А
1 В, 2 В, 3 В, 4 В
1 С, 2 С, 3 С, 4 С
Құрастырылған жәшіктен элементтер тіркесін шығарып алу.
Мысалы: 1 А, 1 В, 1 С;
1 А, 1 В, 2 С;
1 А, 1 В, 3 С т. б.
Морфологиялық жәшік нұсқасының жалпы саны, белағаштағы элементтерінің санына тең. Бұл жерде 4*4*4* = 64 нұсқа.
Алған деректер қаралып өңделеді. Ең сәтті нұсқалар іріктелініп алынады.
Морфологиялық талдау көрнекі және жүйелі түрде өту үшін қандай да болмасын затты жетілдіру мақсатында балалармен алдын ала кесте сызып қоюға болады, ал сөздің орнына балалар өздері ойлап тапқан заттың тиісті қасиетін білдіретін символды қолданады.
Мектепке дейінгі мекемеде морфологиялық жәшікпен жұмыс істеген кезде фланелеграф қолданған тиімді. Мысалы, балалармен шығармашылық қиялдарын дамыту жұмыстарын жүргізу барысында «Фантастикалық жануар» ойынын ойнауға болады, оның түп мақсатында морфологиялық жәшікпен әрекет жасау жатыр. Кестенің тігінен бір жануардың дене мүшелері орналасқан (басы, денесі, аяқтары, құйрығы), ал көлбеуінен түрлі аңдардың, құстар, балықтардың аттас бөліктері орналасады. Мысалы: бірінші көлбеу жолда попугай, ат, балық, маймылдың бастары орналасады. Екіншісінде – попугай, ат, балық, маймылдың денелері. Үшіншісінде – осы жануарлардың аяқтары. Төртіншісінде – аңдардың құйрықтары. Дене мүшелерінің суреттері салынбайды, дайын күйінде үлкен фланелеграфқа ретімен қойылады.
Балаларға алдымен жануардың басын, содан соң денесін таңдап алу ұсынылады... (Бір жануардың екі дене мүшесін алуға болмайды). «Фантастикалық» жануар бөлік кішкентай фланелеграфқа құрастырылады. Жануар «құрылғаннан» кейін, оған ат қойылып, қай жерде мекендейтіні және немен қоректеніп, балаларын қалай өсіретіні ойланылады. Тіл дамыту сабағы аяқталғаннан кейін, бұл жануардың суретін салып, мүсінін жасап, ойын ойнауға шақыру.
Нұсқа ретінде морфологиялық жәшік сызбасынан басқа «Луллия шеңбері» («Луллия сақиналарын») қолдануға болады. Бұл шеңберлерді қиындықсыз өзімізге істеуге болады.
Картон қағаздан диаметрі әртүрлі бірнеше шеңбер қиып алынады (мысалға – төртеу). Барлық шеңберлер 6 секторға бөлінеді (сектордың санын ауыстыруға болды, бірақ барлық шеңберлерде олардың саны бірдей болу керек). Алға қойған міндетпен әр шеңбердің секторлары толтырылады. Мысалы, жаңа мақта кеудеше түрін ойлап табу. Ең үлкен шеңбердің секторлары түсті бейнелейді: ақ, қара, жасыл, қызғылт, көк, сары. Екінші кішірек шеңбер секторларына мақта кеудешенің арнауы: жұмысқа киетін, спорттық, серуенге киетін, қонаққа киетін, ұлдар киетін, қыздар киетін. Үшінші шеңберге кеудешенің: көлемі, ауқымы, пішіні: кең, ұзын, тар, қысқа, жұқа, қалың. Төртінші ең кішкентай шеңберде мақта кеудеше қандай материалдан жасалатыны көрсетіледі: мақта, бұшпақ, болонь, клеенка, брезент, капрон.
Шеңбер желіге (шеге, түйреуіш) тізбектеледі. Қолдануға ыңғайлы болу үшін өзекке тіл – көрсеткіш орнатылады. Шеңбер кезекпен айналып отырады, ең үлкеннен немесе ең кішкентайдан. Тіл – көрсеткіш мүмкін нұсқауды көрсетеді.
Тапсырма:
Фланелеграфпен жұмыс жасайтын морфологиялық жәшікті жасап, жетілдіріңдер. Техникалық жүйе нұсқалары бойынша кесте құрастырамыз – орауыш қандай материалдан жасалған және пішіні қандай.
Пішін
|
Материал
|
Темір
|
Картон
|
Әйнек
|
Пластмасса
|
үшбұрыш
|
|
+
|
|
|
тік төртбұрыш
|
|
|
|
|
дөңгелек
|
+
|
|
|
|
трапеция
|
|
|
|
|
Ғажайып дәрі
Дәрінің аты
|
Нені емдейді?
|
Неден жасалған?
|
Түсі
|
Пішіні
|
Түйсіктік дәмі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Миға шабуыл» әдісі
Психологиялық инерцияны түсіруге септігін тигізетін, аз уақыт ішінде көп жаңа қызықты ойлар алуға көмектесетін әдіс бұл – миға шабуыл әдісі.
Жұмыс тобына 7–12 «ой генераторлар» шақырылады, тек мақсатты шешуші кәсіпшілер емес, бөгде адамдар.
«Ой генераторлары» шеңбер бойы отырады.
Миға шабуылды эксперт тобының мүшесі жүргізеді (тек басшы емес), бұл топка 2–3 компетенттік, абыройға ие болған қызметкерлер кіреді. (Балалармен жұмыс істегенде, миға шабуылды ересек адам немесе жасы үлкен бала жүргізеді).
Миға шабуыл нақты сұрақ қоюдан басталады. Басшы өз ойын ақырғы болып айтады, өз ойларын айтуды «мансабы жасы» бастауы керек басшы авторитетінің алдында қорқыныш сезімі тумағандай.
Миға шабуыл З. Фрейд теориясының психологиялық негізі, ахуал әдетте адам ойлауы санамен анықталады, бұл жерде тәртіппен бақылау болады, ал психологиялық инерцияны жеңу үшін ақыл-ойда тұратын «каһарлы түйсік күшін» бұзып өту үшін жағдай жасау. Миға шабуыл тек жеке тұлғаның психологиясын емес, сонымен қатар «бір топ» адамның психологиясын ескереді. Ми қабыршығында жете тығылған мәселені табуға көмектеседі.
Адамдар сыннан қорқып, батыл ойларын айтуға жасқанады, сондықтан миға шабуылды жүргізген кезде сын айтуға тыйым салынады (сөздік, ым-ишарат, мимикалық), әрбір ашықтан-ашық, оғаш, әзіл ой-пікірлер көтермеленеді.
Барлық айтылған ойлар (идеялар) жазылып отырады, содан соң эксперт тобымен қарастырылады. Идеялар іріктелген кезде жаманырақ көрінгендерді лақтырып тастауға болмайды және авторлық орнатуға болмайды (жиі ол коллективтік ой болады).
Шешім шығаруды «бекіткеннен» кейін, «ой генераторлары» осал жерді анықтап түзеу үшін қарсыластар мен жақтастарға бөлінеді.
Балалармен миға шабуыл мәселені шешу кезінде жоспарсыз жаралуы мүмкін, ойын-сабақ кезінде қандай да болмасын қылықты немесе көркем әдеби оқиғаны талқылаған кезде.
Миға шабуылды өткізудің ерекшелігі – балалар талқылау кезінде, айтылған ойларын талқылайды, талдайды (жақсы, жаман жақтарын анықтайды) қолданып ұйымдық және тұрмыстық мәселені шешуге ғана емес, миға шабуыл механикалық есте сақтаудан мағыналық есте сақтауға көшуге көмектеседі. Объектіні танымдық зерттеу кезінде немесе объект жайлы жаңа түсінік қалыптасу кезеңінде практикалық сабақтарда және топтық консультацияларда пайдаланған тиімді.
Тапсырма:
Балабақша педагогикалық процесінде миға шабуыл әдісін қолдану барысына мысал келтіріңдер.
Синектика
Синектика – миға шабуылдың жақсартылған әдісі.
Синектика авторы – Уильям Дж. Гордон (ХХ ғ. 50-жылдары АҚШ). Грек сөзінен аударғанда «синектика» сөзі «әртектілік элементтерді біріктіру». Ағылшын сөздігінде мынадай анықтама бар: «Синектикалық топтар – бұл әртүрлі мамандық иелері, олар мәселені шығармашылық тұрғыда шешу жолын табу үшін шектелмейтін қиялды үйлесімсіздік элементтерді біріктіреді»
Гордон бойынша шығармашылық процестің екі түрі бар: оперативті емес (бағынбайтын) – сезгіштік, шабыт және операциялық (бағынатын) – аналогияның әр түрін пайдалану. Егерде әртүрлі анологияларды қолданып үйренсе, шығармашылық пен ойдың тиімділігін көтеруге болады.
Гордон сенімі бойынша шығармашылық процесс үшін дағдылыны дағдысызға, дағдысызды дағдылыға айналдыра білу керек. Негізі жаңа дағдысыз мәселеде, ахуалда өзіне таныс нәрсені көру, демек таныс амалмен шешіп, жұмыс жасау.
Синектика көп нәрсені миға шабуылдан алған, бірақ өзіндік айырмашылықтары да бар:
– біріншіден, жұмыс топтары тұрақты болады, топ мүшелері бірігіп жұмыс істеуге дағдыланады, сыннан қорқудан арылады, бір-бірін түсіне бастайды, әлбетте мұндай топтар миға шабуыл жүргізгенде тұрақсыз топқа қарағанда тиімді жұмыс жасайды.
– екіншіден, әртүрлі аналогия түрлеріне, шығармашылық тәсілге арнайы оқыған адамдар жиналады.
1) тура
2) фантастикалық
3) символикалық
4) жеке (эмпатия)
Жүйелі оператор
Жүйе – жеке элементтердің сипатына табыстырмайтын, өзара байланыс элементтермен заттардың дақпыртты сипатқа ие жиынтығы. Мысалы: вазадағы гүл – белгілі тәртіппен жиналған заттар жүйесі. Қаладағы үйлер – бұл да жүйе архитектуралық жоспарлау тәріздес. Қабылдауды үш экран бойынша елестетуге болады: жүйе, жүйенің алды, жүйеден кейін. Біздің әлем ең аз болғанда 9 экранмен бейнеленеді. Осы экран арқылы ауысып отыратын элементтер байланысын көруге мүмкіндік туады.
Мектепке дейінгі балалар күнделікті өмірде қыруар мәселелермен кездеседі, оларды өз критерийлерімен бағалайды және шешу жолдарын табады. Жүйелі әдіс талдауы – балаларды зат және құбылыстармен жан-жақты танысуға көмектеседі. Мысалы: ойыншықтың шығу тарихына көз салуға мүмкіндік береді және келер шақ ойыншығын «құрастыруға» көмектеседі.
Жүйелі талдауды кіші топтарда да қолдануға болады. Бұл үшін үш экранды ғана пайдаланып, жүйені алдымен тігінен, содан соң көлбеуінен қарастырған жеткілікті.
Келер шақ
|
Ағаш егу
|
Осы шақ
|
Ағаштар тобы
|
Өткен шақ
|
Шымтезек
|
Сыртқы жүйе
|
Өркен, көшет
|
Ағаш
|
Ескі ағаш, құлатып тастау
|
Жүйе
|
Тұқым, жеміс, тамыр, жапырақ
|
Жапырақ, тамыр, діңгек
|
Бұтақ, томар, қабық, қиқым
|
Ішкі жүйе
|
Көпэкрандықты түрлі
ойыншықтарды салыстыруға қолдануға болады және ойыншықтарды тірі образбен салыстырғанды пайдаланған тиімді. Мысалы:
Темір машина мен пластмасса танкінің қандай айырмашылығы және ұқсастығы бар, тірі және ойыншық ит.
Тапсырма
1. Келесі жүйеге көпэкрандық жүйені құрастырыңдар: балабақша.
Қарама-қайшылық әдісі:
1. «Жақсы-жаман» ойыны
«Жақсы-жаман» ойыны балаға бір заттың жақсы да, жаман жағын табуға үйретеді. Осындай ойындар балаларға айналадағы қарама-қайшылықты түсінуге көмектеседі.
«Жақсы-жаман» ойыны бірнеше кезеңмен өткізіледі.
І кезең.
Балаға жағымды немесе жағымсыз эмоция келтірмейтін объект таңдалып алынады. Ондай объектілерге мыналар жатады: қарындаш, шкаф, кітап, шаш, т.б. Ойыншылар барлық таңдалып алынған объектілердің «жақсы-жаман» жағын айтуы қажет, ұнайды немесе ұнамайды, жайлы ма, жайсыз ба, т.б.
Мысал: үстел шамы:
– жақсы, өйткені әдемі;
– жаман – тұрақсыз;
– жақсы – шыны болғаны, көп жарық береді;
– жаман – оңай сынып қалады;
– жайлы – өйткені үстел үстіне қоюға болады;
– жайсыз – іргеге іліп қоюға болмайды.
ІІ кезең. Баланың жаратымды немесе жаратымсыз эмоциясын туғызбайтын ойын үшін объект немесе құбылыс ұсынылады, бұл мәндес баға беруге әкеледі: қуыршақ – «жақсы», дәрі – «жаман», т.б., талқылау І кезеңдегі тәртіппен болады, тек ересек адам балаға объект немесе құбылыстың жақсы, жаман жағын анықтауға көмектеседі.
Мысалы, екпе шаншу:
– жаман – өйткені ауыртады;
– жақсы – тез тәуір боласың;
– ұнамайды – қорқынышты;
– ұнайды – екпе жасағаннан кейін, анам батылдығың үшін мақтайды;
– жақсы көрмеймін – өйткені ине шаншып алады;
– жақсы көремін – анам сосын ертегі оқиды.
ІІІ кезең. Балалар объекті мен құбылыстың қарама-қайшылық қасиеттерін жекелеуге үйренгеннен кейін, объект пен құбылысқа қойылатын жаратымсыз және жаратымды қасиеттерін тәуелдікке сай жағдайларда қарап шығу.
Мысалы, аяз:
– жақсы – үйде жылы пештің қасында отырған;
– жаман – аялдамада тұрып автобус күткен.
ІV кезең. Ойын балаларды екі командаға бөлу арқылы өткізіледі. Ойын барысында бірінші команда талқылауға берілген объект немесе құбылыстың тек жаратымды жақтарын, ал екінші команда тек жаратымсыз жақтарын атауы керек.
Тапсырма:
1. Ұсынылған объектілердің бір реттен болсын, балалар «жақсы», «жаман» жақтарын атаулары қажет. Алтернативті жұпты топтың әр мүшесі атап өтуі керек және айтылуы қайталанбауы қажет.
Талқылау нұсқалары: шам; үстел; айна; сағат; қалам; шкаф; тоңазытқыш; кереует; теледидар; дәптер; компьютер; желім; магнитофон; телефон; ұштағыш; чемодан.
2. Берілген объект немесе құбылыстың жаратымды немесе жаратымсыз эмоцияларын келтірмейтін, басқа жақсы немесе жаман жақтарын анықтау.
Талқылау нұсқалар: қатты музыка; кешкі көйлек; жылы тон; ыстық күннің көзі; қатты аяз; жаңбыр; сынған тәрелке; ауылдағы үй; қонақтар; жақсы отырыс; көп жұмыс; ашулы басшы; қатал мұғалім; сынған қарындаш.
«Қарама-қайшы мағына» әдісі. «Керісінше» ойыны
«Қарама-қайшы» әдісі – ӨТТШТ-ң тағы бір құралы, балаларды айналадағы шындықтан заттар мен құбылыстардың қарама-қайшылықтарын табуға жеткізеді. Бұл әдіс «Керісінше» ойыны арқылы жақсы жеткізіледі.
«Керісінше» ойыны
І кезең.
Бұл ойын үш жастағы балалармен де жақсы қабылданады. Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші кезекпен әр балаға қандай да болсын зат лақтырып (тез қағып алатын болғаны жақсы), бір сөз айтады. Бала затты қағып алып, іле-шала керісінше мағынасын айтып, затты кейін қарай лақтыру керек. Егер ойыншы қателессе, ол орнынан тұрады, ал екінші қатеден кейін ойыннан шығады. Әрбір ойыншының дұрыс жауабы – тұрып тұрған балаға қайтадан отыруға мүмкіндік береді. Ойын жүргізушінің алдын ала дайындаған антоним сөздерінің тізімі біткенше жалғаса береді.
Ойынның ІІ кезеңінде балаларға өлеңнің жетіспейтін қарама-қайшы мағынасын табуға және жұмбақтар шешуді ұсынуға болады.
Мысалы:
Партада бар,
Дәптерде жоқ.
Картада бар,
Портфельде жоқ.
(А әріпі)
Әрі қарай балаларға мақал-мәтелді жалғастыру ұсынылады.
Мысалы:
Ақыл азбайды,
Білім... (тозбайды)
Ойынның ІІІ кезеңін күрделендіруге болады, балаларға берілген сөзге қарама-қайшы арнау (қызмет) іріктеу ұсынылады.
Мысалы:
Қарындаш (жазады) – өшіргіш (өшіреді).
Балалар қарама-қайшы сөздерді қиындықсыз табуға үйренгеннен кейін ойынның ІV кезеңіне көшуге болады. Мағынасы бойынша қарама-қайшы сөзді тапқаннан кейін, екі сөздің мазмұнын білдіретін үшінші сөз табу. Мысалы:
ыстық – суық = үтік, күннің көзі, бала (кызуы көтерілгенде);
қараңғы – жарық = тельняшка, күн, дақ.
қара – ақ = теледидар, өмір, зебра.
Сонымен «Жақсы-жаман» ойыны балаларды қарастырған заттар мен құбылыстардың қарама-қайшылық қасиеттерін тауып айтуға көмектеседі.
Ойын арқылы балалардың қарама-қайшылық түсінігі қалыптасады. Ал «Керісінше» ойыны қарама-қайшылықты әрі қарай қалыптастыруға және осы қарама-қайшылықтың шешімін табуға көмектеседі.
Қарама-қайшылықты қалыптастыру және шешу арқылы балалар жаңалық тауып ашады.
Тапсырмалар:
1. Арнауы бойынша қарама-қайшы сөздерді іріктеңдер.
Пікір алысу нұсқалары:
1) дәрі-дәрмек (емдейді) –? (өлтіреді)
2) сия (қаралайды) –? (ақтайды)
3) қайшы (қияды) –? (қусырады)
4) от (өртейді ) –? (сөндіреді)
5) мұз (суытады) –? (қыздырады)
6) жаңбыр (суарады) –? (кептіреді)
7) ұнтақ (тазартады) –? (былғайды)
8) қағаз (жыртылады ) –? (желімдейді)
9) жылға (ағады) –? (тұрады)
10) экскаватор (жерді қазады) –? (жерді тегістейді)
11) тоңазытқыш (мұздатады) –? (ерітеді)
12) тон (жылытады) –? (тоңдырады)
Шығармашылық тапсырмалар әдісі:
1. Кемшіліксіз соңғы нәтиже (КСН)
Бала кезімізде біз мәселелерді шешу үшін жиі «жағымсыздан» әдісін қолданатынбыз. Әдістің мәні мәселені шешуді соңынан бастау болып табылады. Соңғы нәтижені анықтайды – бұл жауап. Оны анықтап алғаннан кейін « бастамаға жол салады», яғни мәселені шешеді. Едәуір жиі жауап белгісіз болады, мәселені жетілдіру үшін кемшіліксіз елестету керек – кемшіліксіз соңғы нәтиже. (КСН).
КСН – бұл шешімді біз өз арманымызда көргіміз келеді және шаралармен орындалады (сиқырлы сөздер, сиқырлы таяқша, т.б.). Қазіргі уақытта кемшіліксіз соңғы нәтижені тұжырымдайтын ӨТТШТ-ң бір құралы бар: жүйе – зиянды ықпалды жою арқылы пайдалы іс-әрекет орындауды өзі қамсыздандыру керек.
Мысалы: КСН – ешкімге зиянын тигізбей және шағып алмай, жылан өзін-өзі өлшеуі керек. КСН қалыптасқаннан кейін, жыланға тек кішкене көмектесу керек болады.
Балалармен таныс ертегілерді қарастырып, ертегілерде кемшіліксіз соңғы нәтиже қалай орындалатынын анықтау.
1. КСН пайдаланып, мысалдарын келтіріңдер, көркем әдебиетте суреттелген «Бауырсақ» ертегісінің жаратымды аяқтамасын ойлап табыңдар.
Жүйелі талдау: КБУ операторы (көлем, баға, уақыт)
ӨТТШТ-ң тағы бір әдісі – КБУ операторы (К – көлем, Б – баға, У – уақыт). Қандай да болсын мәселені шешу үшін, адамдарды едәуір жиі ой серпіні «байланыстырады». Ережеге сай заттың немесе құбылыстың көрсетілуі қатты мерзімдік елеске байланысты.
Дағдылы елестетуді «әлсірету» үшін КБУ операторын қолданады, жиі бұны ой топтамасын алу үшін, «мәселені шешуге беталыс» бағытталады. Көлемін азайту немесе ұлғайтуға болады. Уақытты жылдамдату немесе ақырындату. Қандай болсын баға белгілеу. Түрлендіру әрбір мөлшерде болуы мүмкін, тіпті мағынасыздыққа дейін. Мысалы: Бір жерден екінші бір жерге ауысу бірнеше сағатты талап етеді, ол біз көзді ашып-жұмғанша ұшып жетеміз. Арзан тас қымбат гауһартасқа айналады, т.б.
КБУ операторы әдісі балалардың фантазия ойындарына көп ықпалын тигізеді.
Сиқырлы оператордың іс-әрекет мүмкіншіліктері:
1. Жүйе көлемі шексіз мөлшерге артады.
2. Іс-әрекет уақыты ноль мөлшеріне дейін кемиді.
3. Баға шексіз көлемге артады.
4. Баға нольға дейін азаяды.
КБУ операторын қолдану балаларды болашақта қарама-қайшылықты жеңуге даярлайды, заттың қасиетін уақыт және кеңістік жолмен бөлуге және балаларды тағы бір қадам жүйелі ойлауға жақындатады.
Балаларды КБУ операторымен көркем әдебиет шығармалары арқылы таныстырған жақсы.
«Егер де»
КБУ операторын қолданып, балалармен ертегі шығармас бұрын, педагог өзі ертегі ойлап табуға жаттығуы керек.
Не болар еді, егер...
Маса үлкен болып кетті. Оның тұмсығы, аяқтары және қанаттары өте үлкен болды. Шыбын орманнан ұшып шықты, жан-жағына қараса, орман жоқ екен, тек томарлар ғана тұр. Ол өз қанаттарымен бәрін шауып тастады.
Маса тамақтанғысы келді, өзіне олжа іздейді, бірақ таба алмады, өйткені ол өте үлкен болғандықтан, барлығы оны көріп, тығылып қалады. «Қалаға, адамға ұшып бару керек» деп шешеді маса. Ұшты, бірақ екі қанатын да сындырып алды, тұмсығын майыстырды, аяқтарын асфальтқа жыртып алды.
Оған өте ауыр болды, жанына батқаны соншалық – ол тез оянып кетіп, өзінің кішкентай екеніне өте қуанды. (ІV курс студенттері Л.Н. Грицай, Е.Г. Баранова, Н.В. Желтова, В.С. Дорожкова, Т.Н. Лиханова).
Ата-аналардың газетке жазған хатынан
1 қаңтар 2012 жылы барлық педагогтардың еңбекақыларын кенет мұнайлы магнат айлықтарының көлеміне сай ұлғайтты. Мектепте бірде-бір жұмыс орыны қалған жоқ. Мұғалімдер жұмысқа тойға сияқты келеді, күн сайын автомобиль маркаларын ауыстырады. Гардеробқа қымбат тондары мен мантоларын іліп, мұғалімдер кутюрдің сәнді киімдерімен кербезденіп жүреді, сонысымен олар балаларға және ата-аналарға үлкен психологиялық зақым келтіреді! Педагогикалық үдеріс сапасы күрт нашарлады, өйткені педагогтар тапқан ақшаларын қайда жұмсасақ екен, инфляциядан қалай сақтап қалсақ екен деген мәселені шешуден қолдары босамайтын болды. Бейшара балалар! Біз 2012 жылы 1 қаңтарда болған педагогтардың еңбекақыларын қайтаруды талап етеміз. Төменде қол қойған № 2 мектеп ата-аналары...
Тапсырма:
1. КБУ операторын қолданып, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетінде пайдаланатын әңгіме немесе өлең ойлап шығарыңдар.
Тура ұқсастық
Тура ұқсастықта объект басқа саланың ұқсас объектісімен салыстырылады, ұқсастық қасиет немесе байланыс айқындау арқылы жасалады.
Мақсатына байланысты әртүрлі тура ұқсастық ұйымдастырылады:
1. Түрі бойынша ұқсастық, қарастыратын заттың сыртқы тұлғасына немесе қайта ойлап шығарылған объектінің сыртқы тұлғасына ұқсастық табылғаннан кейін оны басқа затқа сәйкестендіреді. Мысалы: сосулька – қарындаш, пышақ, қалам, мұрын, тұмсық...
Р. Сеф
Әлемде бәрі бір-біріне ұқсайды:
Жылан – былғары белбеуге;
Ай – дөңгелек көзге,
Үлкен; Тырна – жүк көтергіш кранға;
Жолақ мысық – түнде киетін киімге;
Мен – саған, ал сен – анаңа ұқсайсың.
2. Түсі бойынша ұқсастық. Мысалы: күннің көзі – бақбақ, шам, лимон, түлкі.
Ақ-қара
Е. Измайлов
Ақ қар, ақ бор, ақ қоян да аппақ.
Тиін ғана ақ емес, ақ болса да, ақ емес.
Қараңғы түнде қара мысық, секірді қара тұрбаға,
Тұрба іші қап-қара, мысықты іздеп тауып көр!
3. Компоненттік (құрылыстық) ұқсас элемент ұқсастық (компоненттер) құрастыратын немесе соған кіретін ұқсастық объекті бойынша белгіленеді. Объектінің тәлім құрылымын анықтағаннан кейін, ұқсастық құрылым объектісін табу қажет. Мысалы: шкаф-скворечник, дәуге арналған тумбочка, қоқыс жәшігі, автобус, киімге арналған пәтер.
Р. Сеф
Жуынатын бөлме – теңіз. Мен – пароход.
Кейін шегінеміз! Алға жүреміз! Оңға бұрыл!
Солға бұрыл! Теңізбен мен жүземін,
Аяқтарыммен желпимін, бұл қалыпта мен
Австралияға жүзіп барар ем.
Өкініштісі бірақ – Петровтардың шатырынан су ақты.
4. Функциональды ұқсастық. Бұл ұқсастықты іске асыру үшін қарастыратын объект қандай функцияларды орындайтынын анықтау керек (ол не істеп жатыр), содан соң қоршаған ортадан осындай функция орындайтын немесе ұқсас функция орындайтын объект тауып алу керек. (қарама-қайшы немесе бір-бірімен байланысы жоқ саладан іздеу қажет, ол техника және табиғат, т.б. болуы мүмкін). Мысалы: машина (тасымалдайды, дірілдейді, өрмелейді, қозғалады, т.б.) – ат, есек, құрт, құмырсқа, пойыз, қырықаяқ, велосипед, құс, желдегі жапырақтар.
Теңіз оқиғасы
В. Левин
Картоп атты портта –
Тұрған – қасық кеме
Тиеп бортқа картоп,
Қасық – кеме кетті.
Толқынға қарсы жүзді,
Қасық кеме көңілді.
Қасық кеме жүзді,
Ал Лешка оны – «жеді».
5. Жағдай бойынша ұқсастық немесе зат пен құбылыстың әртүрлі қалпына байланысты. Мысалы: толық автобус – жәшіктегі ойыншықтар, әмияндағы ақша, шелектегі құм, бөшкедегі балық.
Ассоциация және гирлянда әдісі
Тура ұқсастықтың әр түрін дамытып және құрмалау арқылы Буш Г.Я. ассоциация және гирлянда әдісін ұсынды.
Ұқсастық гирляндасы сөздер тізімі кейпінде қалыптасады. Бұл барлық тіл бөлімдері және сөз тіркестері болуы мүмкін. Бастапқы сөзден талпынып, тізбек құрастырылады (әрбір жаңа ұқсастық бірінші сөзден емес, соңғы сөзден табылады). Сөз тізбегі еркінше немесе гирлянданы «тартақан» сөзден аяқталуы мүмкін. Мысалы: жол – бұралаң – тікшіл – жұмыртқа – жылтыр – төбешік – қар – шөл – қант – дәмді – компот – жеміс – басқа – аурухана – дәрі – ащы – пияз – жүйек – бақша – жол.
Ұқсастық тізбегі ұзын немесе қысқа болуы мүмкін, маңызы жоқ. Әрбіреу өз мінез-құлқына, көңіл-күйіне, жігерлігіне жақын ұқсастықты табады. Мысалы: біреудің күлкісі – қоңыраудың сыңғырындай, екіншісінікі – жылға сылдыры тәріздес, үшіншісінікі – аттың кісінеуі сияқты.
Ассоциация және гирлянда әдісін қолдану арқылы балалар мерекеде, серуенде, балабақшада, демалыс күндері, т.б. өздеріне ұнағандарын, естерінде қандай жағдайлардың қалғаны туралы білуге болады. Тек бұл жағдайда баламен жеке ойнап немесе екі-үш баламен ойнау қажет, өйткені үлкен топшаларда балалар бір-бірінің айтқандарын қағып алуға бейімделеді, сондықтан өз ассоциацияларынан алаңдап қалады.
Мектепалды даярлық топ балаларына «Ассоциация» ойынын ұсынуға болады.
Бұл ойынды бір-бірін жақсы білетін ұжымда ойнайды. Жүргізуші не жайында әңгіме болатынын естімеу үшін, бір ойыншыға есіктің әр жағына шығуды ұсынады. Қалғандары ойыншының жасыратынымен келіседі (сонымен қатар жорушыны да). Жасыратын ойыншы анықталғаннан кейін, жорушыны шақырады. Ол мынадай сұрақтар қояды: «Егер де бұл ыдыс болса – ол қандай?»; «Егер де бұл жиһаз болса – ол қандай?»; «Егер де бұл жануар болса – ол қандай?» т.б. Қалған ойыншылар сұрақтарға жауап бергенде, «сырлы» адамның мәнін ашатын заттарды, табиғат құбылысына сәйкес анықтамаларды атайды.
Мысалы: «Иілген аяқтарымен элегантты орындық»; «Чех хрусталінен жасалған гүлсауыт...», т.б. Жорушы жауаптарды талдап өтуі керек, заңдылықты айқындап, атап өткен анықтамалар кімге сәйкес келетінін тауып, жасырынған адамды табуға әрекет жасауы қажет. Ойын ұзаққа созылып кетпеуі үшін уақытты шектеу керек.
Мектепке дейінгі балалармен көркем әдебиет кейіпкерін, сүйікті ойыншықтарын ойлап табуға болады.
Тапсырма
1. Топта «Ассоциация» ойынын өткізіп, бір кинокейіпкерді ойлап табыңдар.
Фантастикалық ұқсастық
Әртүрлі мәселелерді шешу барысында және білімді тиянақтаған кезде, фантастикалық ұқсастық стереотиптерден бас тартып, психологиялық инерцияны шешуге, бұрын белгісіз болған жолмен жүруге мүмкіндік береді. Ол қай-қайсы ахуалды, іс-әрекетті ертегіге тасымалдап, сиқыр қолданып, фантастикалық және ғажайып аңдар, жәндіктер, басқа планетадан келімсектер мәселені шешу үшін, жаратылған ситуациядан шығу үшін, т.б.
Мысалы: Балалармен бірге келесі фантастикалық мәселені шешіп көруге болады:
Қызық аң
И. Талмакова
Есікті ашық қалдырып,
Жүреді бір аң қыдырып.
Есікті жауып соңынан,
Қажытып бізді шаршатты.
Қойдық жұмыс істеуді,
Тамақтануды да қойдық біз.
Біздің жұмыс: есік жабу.
Қайтіп аңды үйретсек,
Есікті жауып жүруге.
Фантастикалық ертегілік мәселесінің шешуін тапқан соң, ақиқат жағдайдың, оны шешуге не кедергі келтіретінін түсіну қажет, содан соң сол кедергіні айналып өтуге тырысу.
Шынайы емес ұқсастықтан бас тартуға болмайды. Олар жаңа кейіпкерлермен керемет оқиғаға толы әңгіме, ертегі құрастырғанда, пайдасын тигізеді. Балаларға мынадай мән-жайды ұсынуға болады:
«Таңертең балабақшаға келдіңдер, ал онда таныс тәрбиешілер жоқ. Барлығы демалысқа кетіп, орындарына ертегі кейіпкерлерін тастап кетіпті. Олар мінез-құлықтарымен тәрбиешілерге ұқсайды. Тәрбиешіні ертегі кейіпкерінен айыра алмайсың. Қалай ойлайсыңдар, Алма Жанатқызының орнында қандай ертегі кейіпкері бола алады?»
Балалар біртіндеп тәрбиешіні сипаттап отырғанын ұмытады. Ертегі кейіпкерін суреттеу барысында олар үлкендер ешқашан байқамаған: мінез-құлықтарды анықтайды.
Тосын жағдайларды балалар өздерінше сипаттауды үйренеді, ұсыныс түссе болды, жағдайды көз алдарына елестетеді:
– ертегідегі балабақша;
– ертегі-сабақ;
– ертегідегі серуен, саяхат, түскі ас;
– фантастикалық демалыс, мейрам, кеш.
Символикалық ұқсастық, графикалық ұқсастық
(Мнемотехника)
Символикалық ұқсастық өзіне объектінің жалпылау, абстрактілік, сөздік немесе графикалық кейпін кірістіреді. Бұл метафора объект қасиетін ашады. Символикалық ұқсастықпен біз күнделікті өмірде кездесеміз. Сөз әріптермен жазылады – символдармен – дыбыс символдарымен; мөлшер-цифрмен, т.б.
Сөздік символикалық ұқсастық
Сөздік символикалық ұқсастық сөз – символдарға мазмұн немесе мән-мағынаны қысқаша жеткізуге мүмкіндік береді. Ұзын текстің орнына қысқа текст құрастыруға болады, егер мазмұнды дәл айтып беретін әр сөйлемді немесе абзацты сөздік символдармен белгілесе. Мысалы:
Өмір сүрдім!
Келдім. Ойнадым. Төбелестім. Тыңдадым. Тарандым. Сурет салдым. Көмектестім. Қыдырдым. Тамақтандым. Қиналдым. Ояндым. Ойнадым. Тарандым. Секірдім. Тамақтандым. Қыдырдым. Кеттім. Келдім.... Жоқ, Қиналғаным басылды.
Жеке ұқсастық (эмпатия)
Ұқсастықтың ең мықты түрі эмпатия негізінде, қарастыратын немесе ұсынатын объектімен өзінің көзқарасынан туындаған пікірін айту жатады. Мәселені шешуші объект бейнесіне еніп, пайда болған түйсік сезімді анықтауға талпынады. Эмпатияның басты мағынасы біреудің рөліне ену болып табылады. (Бұл тәсіл көркемөнерде кеңінен қолданылады, актер өзінің ойнайтын кейпіне еніп, оның сезімдерімен, ойларымен, түйсігімен өмір сүреді).
Балаларға өзін басқа адамның орына қойып, оның көңіл-күйін, сезімін, уайымын сезінуге қалай үйретуге болады? Бір нәрсені өзгертіп түзеу үшін оны түсініп, басқа адамдармен қарым-қатынасын түсіну қажет.
Кішкентай адамдарды модельдеу әдісі (КАМ)
Синектика (символикалық және жеке ұқсастық) негізінде табиғат құбылыстарын көрнекі көріп сезінуге, зат және элементтің өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын әдістен құрастырылады. Бұл кішкентай адамдарды модельдеу (КАМ).
Кішкентай адамдарды модельдеу әр ойыншыға өзін сынауға, үлгіленетін объектінің не сезінетінін білуге, балаға тек қана айналадағы құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сонымен қатар олардың өзгерістерін көрнекі түрде көрсету болып табылады.
Сыртқы символикалық орынбасарларды кішкентай адамдар кейпінде пайдалану, біртіндеп ішкі образды орынбасарларды пайдалануға өтеді. Үлгілеуді тек айналадағы үдерістер мен табиғат құбылыстарын түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәселелерді шешуге рұқсат етеді.
Қолданатын КАМ әдісінің мәні өзіне елестету керектігінен тұрады: бізді қоршаған айнала көптеген адамдардан тұрады. Неге зат, микроб, атом емес – адамдар? Өйткені адамдар ойлай біледі, әрекет жасай алады, өзін-өзін әртүрлі жағдайларда ұстай алады. Олардың мінез-құлықтары, дағдылары әртүрлі, олар әртүрлі командаға бағынады. Үлгілеуде өзіңді солардың орнына қойып, жақсылап сезініп, әрекет, түйсік, әрекеттесу арқылы түсінуге болады.
Балаларға оларды қоршаған айнала, сонымен қатар олардың өздері де кішкентай-кішкентай адамдардан тұратынын хабарлаңдар. Олар көрінбейді, бірақ олар өте кішкентай балаларға ұқсайды (адамдарға). Балаларға алақандарына үрлеуді ұсыныңдар, олар алақандарынан кішкентай әуе адамдары жүгіріп өткенін сезінеді. Балалармен ыстық плитаның үстінде ауа қалай тербелетінін, шәйнектен түтін шыққанын көріңдер, сонда олар ыстық адамдардың қимылын байқайды. Ал жұқа төл пердеде қол ұстасып тұрған мата адамдары жақсы көрінеді.
Балалармен алдын ала дайындалып қойылған әртүрлі мінез-құлық және сипатын білдіретін, (су адамдары, ағаш, әуе, тас, т.б.) жиі кездесетін адамдар бейнеленген карточкалармен түрлі модель құрастыруға болады.
Белгілеуді мақсатқа сәйкес балалармен бірге ойлап табу және суретін салу қажет. Сонда символдар тез есте қалып, оларға түсінікті болады. Бірақ еруді қажет ететін дақпыртты ереже бар:
– ағаш, тас, шыны, мата, пластмасса адамдары форманы ұстау жалпы сипатына ие болғандықтан, олар қол ұстасып тұрады, шыны адамдарына қарағанда тас адамдары қолдарын мықтырақ ұстайды (символ-карточкаларда бұл адамдардың қолдары төмен түсіп тұр;
– шай, сүт, су, т.б. тамшы адамдары олар өздерін құйған сосудтың формасын алады. Бұл адамдар қол ұстаспайды, олардың қолдары белде, бірақ олар жақын тұрып, бір бағытта қимыл жасайды;
– әуе адамдары үнемі қозғалыста: олар үнемі бір жерге жүгіреді, ұшады (газ, түтін, бу, иіс, т.б.) – оларды әртүрлі белгімен белгілеуге болады, бастысы қимылда болса болғаны.
Адамдардың суретін салуға болады, бірақ балалар сурет егжей-тегжейіне қызығып, нені үлгілеу керектігін ұмытып кетеді. Сонымен қатар әр бала өз сурет-белгілеуін салады.Сондықтан мақсат етіп, жалпы қолданысқа ең қызықты суретті алған жөн.
Кішкентай адамдардың рөліне балалардың өздерін алуға болады. Әр бала белгілі бір адамның рөлін алады, сол рөлге байланысты әрекет жасайды. Модельдер динамикалық бола бастайды, балалар қимыл-қозғалыс, әрекет жасау арқылы өзгерісті сезінеді, модельдегі өзгерісті шағылыстыру арқылы бір рөлден екінші рөлге ауысады. Бұл үлгілеу нұсқасын сәбилер тобынан бастап қолдануға болады.
Егер оқиға уақыт аралығында болған жағдайда мақсат етіп бірнеше тізбектелген үлгі істеген жөн: өтті – бар – болады.
Кішкентай адамдар тұлғасында модель салғанда суреттеуге болады:
– толықтық модель, затты модельдеудің сырттай келбетін беру;
– жақын ресурстарды көретін мәселе моделі;
– өзгертілген элементтер моделі;
– барлық ішкі заттар шағылыстыратын аз мөлшердегі адамдар (әр зат бір адаммен белгіленеді).
Балалармен КАМ әдісін қолданып жұмыс жасағанда, бір зат адамдары ғана қатысатын ең қарапайым модельдерден бастаған жөн. Заттың қасиетін қарастырып талдағаннан кейін аналогиямен салыстыруға болады. Әр жағдайда балалардың өздері сол зат қылып біріктіріп, мінез-құлық, әрекеттесу ойындарын ойлап табады.
Келесі жұмыс қадамы – екі зат әрекеттесу модельдеуі, мысалы, сүт пен шай, т.б.
Бұл модельдерді игергеннен кейін, балалар күрделі әрекеттесу мен айналадағы заттардың күйін, бір күйден екінші бір күйге ауысуды байқай алады.
КАМ әдісін пайдаланып, танымдық оқу іс-әрекетін, эксперимент сабақтарын, сауат ашу, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс- әрекеттерін қызықты етіп өткізуге болады.
Тапсырма:
1. Заттардың әртүрлі сипатын қатты (тас, темір, ағаш), сұйық (сүт, су, шырын), газ тәрізді (ауа, иіс, түтін) көрсететін кішкентай адамдар моделін жетілдіріңдер.