Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет14/14
Дата24.04.2017
өлшемі5,38 Mb.
#14721
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қорытынды



ӨТТШТ-ң басқа қандай да болсын әдістерден принципті ерекшелігі – бұл жекеше тәсілдер, іс-әрекет, дағды жинағы емес, оның қалыптасуы да емес, бұл жаңа әдіс ойлап шығаруға талпыну. Сол әдіс арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады, сонымен қатар педагогикалық жаңа ойларды тауып, үнемі шығармашылықта болу болып табылады.

ӨТТШТ-ні жасап шығарушылар жаңа шығармашылық педагогика деңгейіне шығуға талпынады – тек жеке бөлек шешімдерді емес, принцип ойлап шығару, соны қолдану арқылы педагогтар балалармен бірге өмірдің қандай да болмасын ахуалын шешуге логикалық шешім табады, ал бала болса, сауатты және дұрыс өз мәселелерін шеше алады. Бірақ абсолюттік мәнде үлкендер және балалар мәселесі жоқ: олардың маңыздылығы – жас бағдарына қарай өмірге тікелей пропорционалды. Ойлау дағдысын алғаннан кейін, балалар проблемасы деңгейінде мәселені шешу принципімен жұмыс істегеннен соң, бала үлкен өмірге «қарулы» болып кіреді.

ӨТТШТ-і игеруде практикалық жұмыс сіздерге өз шығармашылық мүмкіндіктеріңізді белсендіруге көмектесті, жүйелі ойлауды түсінуге, ойды логикалық құрастыруды, оның заңдылығын: айналадағы шындықтың заттар мен құбылыстар қарама-қайшылығын айқындау Сіздердің оқу процестеріңізді қызықты қылатынына үміттенемін.

Жұмыс үрдісі барысында мен мынадай құралдарды қолданамын: пішіндес көзәйнек, ғажайып калейдоскоп, сиқырлы сандық, суреттер.

ӨТТШТ әдістерін пайдалану барысында, көптеген жақсы нәтижеге жетуге болады. Балалардың білімге деген құштарлығы артады, қиял-ғажайып ойлары, тіл байлықтары дамиды. Өз еріктерімен тығырықтан шығу жолдарын қарастырады. Білсем, үйренсем деген ынталары артып, білімділіктері дамиды.

«Өзім үйреніп, басқаны үйрету» бұл ӨТТШТ технологиясының ең маңызды ережесі. «Кез келген адам өз білімін кемеліне келтіре алмаса, басқа адамның білімін кемеліне келтіруге өз үлесін де қоса алмайды» деген Чарльз Диккенстің сөзімен аяқтаймын.

Құрметті әріптестер! ӨТТШТ технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, балалар әлемінің қиял-ғажайып қақпасын ашыңыздар!Өмірімізді өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік.

Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

  1. Қолданылған әдебиеттер

1. Альтшуллер Г.С. Ойды табу. Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы кіріспе. – Новосибирск: Наука, 1991.

2. Выготский Л.С. Бала кездегі қиял мен шығармашылық. – М.: Просвещение, 1991.

3. Комарова Т.С. Балабақшадағы балаларға бейнелі шығармашылық. – М.: Педагогика, 1984.

4. Крылов Е. Ертегі тапсырмалар ӨТТШТ-і сабақтарында // Дошкольное воспитание. – 1995. – № 10. – 30–32 б.

5. Крылов Е. Шығармашыл тұлға мектебі. //Дошкольное воспитание. – 1992. – № 7–8. – 11–20 б.

6. Крылов Е. Шығармашыл тұлға мектебі. // Дошкольное воспитание. – 1993. – № 3. – 15–26 б.

7. Крылов Е. Шығармашыл тұлға мектебі. // Дошкольное воспитание. – 1993. – № 6.- 14–24 б.

8. Крылов Е. Шығармашыл тұлға мектебі. // Дошкольное воспитание. – 1993. – №11. 28–38 б.

9. Курбатова Л. ӨТТШТ күнделікті өмірге // Дошкольное воспитание. – 1993. – № 4. – 23–26 б.

10. Страунинг А. Фокалды объект әдісі // Дошкольное воспитание.1997. – № 1. – 8–17 б.

11. Страунинг А. Шығармашылық ойлауды активтендіру әдісі // Дошкольное воспитание. – 1997. – № 3. 46–55 б.

12. Страунинг А. Кішкентай адамдарды модельдеу // Дошкольное воспитание. – 1998. – № 3. – 33–44 б.

13. Страунинг А. Шығармашылық ойлауды активтендіру әдісі // Дошкольное воспитание. – 1997. – № 4. 13– 24 б.

14. Прохорова Н. «Мектепке дейінгі балалардың эксперименттік әрекетін ұйымдастыру. – «Аркти». М., 2004.

15. Тугушева Г.П. Чистякова А.Е. «Ересек және ортаңғы топ балаларының эксперименттік әрекеті. – «Детство-пресс». Санкт-Петербург, 2008.


Интернет ресурстар:

1. http://www.trizscientific.com/ Научный сайт по ТРИЗ исследовательской группы Ideation TRIZ Research Lab of International TRIZ Association. Меморандум о создании сайта см. здесь http://www. trizminsk.org

2. Огромный веб-сайт Минского Центра ТРИЗ-технологии (Школа ТРИЗ, Минск, Беларусь). Все направления ТРИЗ. Электронная библиотека материалов по ТРИЗ.

3. http://www.trizway.com Лаборатория образовательных технологии, «Универсальный решатель»




  1. Рецензиялар


«Мектепке дейінгі мекеменің білім беру процесінде

ТРИЗ технологиясының әдістері мен тәсілдерін қолдану»

 тақырыбы бойынша Қапарова Жамиля Уәлиханқызының



әдістемелік құралына рецензия 
Рецензияға ұсынылған құрал – мектепке дейінгі мекеме педагогы жұмысының негізгі қазіргі заманғы бағыттарының бірінің, яғни білім берудегі инновациялық технологияларды қолданудың теориялық зерттеуі мен практикалық іс-тәжірибесі болып табылады.

Көкшетау қаласындағы № 14 «Чайка» балабақшасының тәрбиешісі Қапарова Жамиля Уәлиханқызының көп жылғы шығармашылық іс-тәжірибесі осы құралды өзекті, қолжетімді және әдістемелік негізделген құрал ретінде көрсетуге мүмкіншілік береді.

Осы құралда ұсынылған теориялық материалдар, конспектілер, ата-аналар жиналыстары жақсы және бірізді баяндалған теориялық материалдармен үйлесе отырып, мектепке дейінгі педагогика жағынан да, әдістемелік инновация жағынан да құнды болып табылады. Төменде ұсынылған теориялық материалдар, сабақтар конспектілері ТРИЗ технологиясын енгізуге, яғни мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық процестің негізгі міндеттерінің технологиясы және оны шешу-зияткер, ойшыл, шығармашыл және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға қойылған талаптарды есепке ала отырып құрылған. Қосымша танымдық және иллюстрациялық материалдар (сабақ конспектілері, мерекелер мен іс-шаралар сценарийлері, ойындар және тағы басқалары) қызығушылық тудырады. Инновациялық технологияның мағынасы жан-жақты және толығымен қарастырылған (ТРИЗ технологиясын мысалға ала отырып). Осы технология бойынша өзіндік әдістер мен тәсілдер аталып қана қоймаған, сонымен қатар ойындарда, жаттығуларда, тәсілдерде ашылып, көрсетілген.

№ 3 бөлімге ерекше назар аударуға болады, онда материалды жақсы қабылдау үшін ғана емес, сонымен қатар автор жұмысының нәтижесінен негізделген, толық, нақты дәлелденген қорытынды шығаратын ашық, түрлі түсті иллюстрациялы материалдар ұсынылған.

Тәрбиеші эксперименттік жұмыстың нәтижелілігін қамтамасыз ететін МДМ жұмысының барлық бағытын ұсына білді. Зерттеу тәрбиешілердің, қосымша білім беру педагогтарының, мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтарының, ата-аналар мен педагогика мамандығы бойынша студенттердің қызығушылықтарын тудырады.
Иванова Татьяна Борисовна,

ассоциацияланған профессор,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Рецензия на методическое пособие

Капаровой Жамили Уалихановны

«Использование методов и приемов технологии ТРИЗ в образовательном процессе дошкольного учреждения»
Представленное к рецензированию пособие представляет собой теоретическое исследование и практический опыт апробации одного из главных современных направлений деятельности педагога дошкольного учреждения – использование инновационных технологий в образовании. 

Многолетний творческий опыт работы Капаровой Жамили Уалихановны в качестве воспитателя детского сада № 14 «Чайка» г. Кокшетау позволил сделать данное пособие актуальным, доступным и методически обоснованным.

Представленные в нем теоретические материалы, конспекты, разработки родительских собраний в сочетании с хорошо и последовательно изложенным теоретическим материалом, представляют ценность, как с точки зрения дошкольной педагогики, так и с точки зрения методических инноваций.  Теоретический материал, конспекты занятий, представленные в ниже, построены с учетом требований по внедрению ТРИЗ – технологии и решению главной задачи педагогического процесса в дошкольном учреждении - формированию интеллектуально развитой, думающей, творческой и всесторонне развитой личности. Интерес представляет дополнительный познавательный и иллюстрационный материал (конспекты занятий, сценарии праздников и мероприятий, игры, и многое другое). Всесторонне и полностью рассмотрено понятие инновационной технологии (на примере технологии ТРИЗ. Специфические методы и приемы работы по данной технологии не просто перечислены, но раскрыты на примере игр, игровых упражнений, приемов и т.д.

Большое внимание представляет глава № 3, в которой представлены яркие, красочные иллюстрации, помогающие не только лучшему восприятию материала, но и логически обоснованному, достоверному, четко аргументированному выводу по итогам работы автора.

Воспитатель представила все направления работы в ДОУ, обеспечивающие результативность экспериментальной деятельности. Исследование представляет интерес для воспитателей, педагогов дополнительного образования, педагогов- психологов дошкольных учреждений, родителей и студентов педагогических специальностей.

Иванова Татьяна Борисовна,

ассоциированный профессор,

кандидат педагогических наук, доцент.
Review on a methodical manual of Kaparova Zhamilya Ualikhanovna.

«The use of methods and receptions of technology of TRIZ is in the educational process of preschool establishment»
The manual presented to criticizing is theoretical research and practical experience of approbation of one of main modern directions of activity of teacher of preschool establishment is the use of innovative technologies in education.

Long-term creative experience of KaparovaZhamilyaUalikhanovna as an educator of kindergarten №14 «Gull» of Kokshetau allowed to do this manual actual, accessible and methodically reasonable.

The theoretical materials compendia presented in him, developments of paternal collections in combination with well and by the consistently expounded theoretical material, present a value, both from the point of view of preschool pedagogics and from the point of view of methodical innovations. Theoretical material, compendia of employments, presented below, is built with an account requirement on introduction of TRIZ to technology and decision of main task of pedagogical process in preschool establishment to forming of the personality intellectually developed, thinking, creative and all-round developed. Interest presents additional cognitive and illustration material compendia of employments, scenarios of holidays and events, games. The concept of innovative technology is all-round considered. Specific methods and receptions are exposed on the example of games, playing exercises, receptions.

Large attention is presented by a head №3, bright colourful illustrations helping the logically reasonable, argued conclusion on results work of author.

Educator presented all directions works in preschool establishment, providing effectiveness of experimental activity. Research is of interest for educators, teachers of additional education, teachers-psychologists of preschool establishments, parents and students of pedagogical specialities.
IvanovaTat’yanaBorisovna,

Associated professor, candidate



of pedagogical sciences, associate professor.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет