Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет12/14
Дата24.04.2017
өлшемі5,38 Mb.
#14721
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұнын айтуға берілген тапсырмаларды;

Түсінеді: ертегі мазмұнын;

Қолданады: түлкінің құйрығын тауып, үзік сызықтарды қоса білу дағдылары.

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Құндылық: Сүйіспеншілік, қасиеттер: Сүйіспеншілік, қонақжайлы.

Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз отбасы туралы әңгімелеуге үйрету.

Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) тақырыптық суреттер, қарындаштар мен ақ қағаз.

Балабақша: «Чайка»

Тәрбиеші: Қапарова Ж.У. Топ: № 4


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды күйге келу

Дәйек сөз



Шаттық шеңбері:

Мейірімділік жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Бүгінгі күн бәріміз

Бір жадырап қалайық.

Келіп қалған қонақтарды,

Сүйіп, сүйіп алайық!

Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар!

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, біздің сабағымызға көп қонақтар келіп отыр.
№ 2 тыныштық сәті: «Таза ауа»

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Қонаққа әже келеді: қолында хаты бар. Әже көмек сұрап келіпті. Әжеге көмектесеміз бе? Онда хатты ашып оқиық.



Қызық екен, балалар, әжеге ребус шеш депті, енді соны шешуге көмектесейік. Ребус шешу: оттың суреті және адамның басының суреті.

(шешіп болған соң)

Әже:

«Адамға ең қымбат – отбасы»



1) Отбасы дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Отбасы дегеніміз – бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар.



Отбасы – ол біздің жанұямыз.



Балалар дөңгелене тұрып шаттық шеңберін қимыл-қозғалыстармен орындайды.

Музыка әуенін тыңдай отырып, балалар тыныштық сәтіне бөленеді.

Балалар ребустың шешуін табады.


Балалардың жауаптары:

Отбасы.


Олар: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке, қарындастарымыз.
Балалар өз ойларын айтады.

Ұйымдастырушылық іздестірушілік

Әңгімелеу (сұхбат)


Ойын-жаттығу

Шығармашылық

жұмыс,


топтық жұмыс

Тәрбиешінің сыйы



Қанеки, балалар, саусақ жаттығуларын жасап көрейікші! (саусақтарын бүгіп отырып орындайды)

Бас бармағым: атам – үйдің данасы,

Балаң үйрек: әжем – ошақ анасы,

Ортан терек: әкем – отау панасы,



Шылдыр шүмек: шешем – шаңырақ ажары,

Кішкентай бөбек: мен – бәрінің базары.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Сызба арқылы сөйлем құрастыру.


Cергіту сәті:

Бес кәмпитім көп еді,

Сараңдығым жоқ еді,

Бір кәмпитім – атама,

Бір кәмпитім – әжеме,

Бір кәмпитім – әкеме,

Бір кәмпитім – анама,

Өзіме де жетеді.


Көрініс: «Отбасы туралы»

«Немересінің жауабы».

Ауылдан атасы мен әжесі келеді. Немересі алдынан шығып амандасады. – Ата, әже, амансыздар ма? Төрлетіңіздер, отырыңыздар!

Менің көп ойыншықтарым бар, ал мына суреттерді өзім салдым.

Атасы: – Ал, балам, қасыма отыр, әңгімелесейік.

Кімнің баласысың, қалқам?

Әкең кім?

Немересі: – Атамның баласымын.

Атасы: – Ой, құлыным менің!

Атасы: – Ал, кімнен тудың? Шешеңнің аты кім?

Немересі: – Шешем – апам ғой. Ал оның аты ... – немересі атасының құлағына сыбырлайды.

Атасы немересіне риза болып, немересінің басынан сипайды, әжесі маңдайынан сүйіп, қошақаным менің, көп жаса! – дейді.

Атасы: – Ал мына отырғандар кімдер?

Немересі: Ал, олар – менің әкем мен анам.

Мамасын құшақтайды.

Әжесі: атасы, көрдің бе,біздің немереміз өсіп, ақылды болыпты, бәрімізді риза қылды ғой, жарайсың көп жаса, қошақаным менің!

Ойын: «Ойлан, тап!» Отбасына сипаттама беру. (Триз қолдану).

Сызбамен және суретпен жұмыс.

Ата туралы сипаттама беріп, шешуін табу.

Бұл кім? Ал ата жайлы кім тақпақ айтып береді?

Әже туралы сипаттама беріп, шешуін табу.

Бұл кім? Ал әже жайлы кім тақпақ біледі?


Әке мен ана туралы кім тақпақ бізге айтып береді?

Еркелесем кешірген,

Асқар таудай әкем бар.

Ақ сүтімен өсірген,

Алтын анам менің бар. Диана
Ұлдардың үлкені,

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені,

Бір туған әпкем бар. Аңсар


Балаларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, сөйлету мақсатында «Менің отбасым» ойынын жүргізу.
Балалар:

– Менің отбасым тату, өйткені бір-бірімізге көмектесеміз. Әмина:

– Менің отбасым көңілді, өйткені бәріміздің мінезіміз ақжарқын.



– Менің отбасым бақытты, өйткені бір-бірімізді түсінеміз. Салтанат:

Менің отбасым мейірімді, өйткені кез келген адамға көмектесеміз. Мақпал:

– Менің отбасым қонақжай, өйткені қонақтар келсе, қуанамыз. Диана:

– Менің отбасым көпшіл, өйткені олар бір-бірін, бауырларын іздеп отырады. Аян



– Менің отбасым өнерлі, өйткені ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Темірлан
Отбасының суреттерін салу.

Тәрбиешінің сыйы: «Фотокөрме» (Балалардың өз отбасыларымен түскен суреттері)



Мынау – мен. Ал, мынау – менің отбасым: анам, әкем, әпкем. Менің әкем – құрылысшы, ол балғамен, қалақпен, сүргімен жұмыс істейді. Анам үйде алжапқышын киіп, әртүрлі дәмді тағамдар пісіреді – бауырсақ, шелпек, тоқаш.

Ал әжем маған жіптен биялай, нәски тоқиды. Әжемнің, әкемнің, анамның қолдары алтын. Қолдарынан бәрі келеді.


Жанұя

Сенде де бар жанұя,

Менде де бар жанұя.

Балықта да, малда да,

Үлкенде де, кішіде де

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бар шуақ қой,

Қуаныш пен қуат қой.

Кітапты көп оқитын Немерелерін жақсы көреді, Ақ сақалды кісіні

Кім дейміз? (Ата)

Диас көріністі тақпақпен аяқтайды:

Анам – күннің жүрегі,

Әкем – өмір тірегі.

Әжем – асыл ардағы,

Атам – дана қамқоршы.

Аян:


Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін,

Менен тағы мат алды.

Ата сөзі – қасиетті, киелі, Ата сөзі – жанға жылы тиеді.

Ата сөзі – өміріме өнеге,

Ата сөзі – тек шындықты сүйеді.

Мақпал: Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. (Әже)


Арайлым:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені, Өте жақсы көреді.

Өскенде мен ал енді, Аралаймын әлемді, Сыйлық әкеп әжеме.

Темірлан:

Өзі салмақты, байсалды, циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы. (Әке)
Инсар:

Жер бетіндегі ең әдемі, ақылды, біздерге өте қымбат адам. (Ана)

Балалар фотолардан өздерінің отбасы мүшелерін көріп, қуанады


Рефлексивті-түзетушілік



Қорытындылау: Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз жайлы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге үйрендік.

«Топ-топ» әні



Топпен ән айту



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өз отбасы мүшелерін біледі.

Игереді: Отбасына деген жақсы қарым-қатынасты.

Қолданады: Бүгін үйренген өнегелі сөздерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: ой қозғау,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жыл мезгілдерінің суреттері, жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреттері, гүлдер.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Сәлем – дейміз достарға, Сәлем – дейміз құрдасқа, Сәлем – дейміз ұстазға, Сәлем – дейміз қонаққа. Ашық болсын ойымыз, Биік болсын тауымыз, Тату болсын халықтар, Аман болсын балалар!

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? – Көктемнің қай айы?

– Аптаның қай күні?

– Кеше қандай күн болды? – Ертең қандай күн болады?

– Жақсы, балалар. Олай болса, орнымызға отырайық.



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бірге қайталайды.

– Көктем


– Наурыз.

– Бүгін сәрсенбі.

– Сейсенбі.

– Бейсенбі.

Балалар орындарына отырады.


Ұйымдастыру іздестіру

Есік қоңырауы шылдырлап, қонаққа түлкі келеді. Ол балалармен амандасып, қал-жағдайларын сұрасып, хат тапсырып кетеді.

Хатты тәрбиеші дауыстап оқиды:

–Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерді таза ауада серуендеп қайтуға орманға саяхатқа шақырамын. Хат жолдаушы: «Орманшы атай».

– Балалар, саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар?

Музыканың сүйемелдеуімен балалар орындарынан тұрып, бірінші бұрылысқа келеді. Музыкада ұйытқыған боранның, ысқырған желдің дауыстары естіледі.

Алдарында ұлпа қар, ағаштың бастарында қар болады. Ағаштың артынан қыз – Қыс шығып: Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады? – деп балалардан сұрап қояды.

Қыс: – Дұрыс таптыңдар, «Мен – қыспын» деп өзін таныстырып, балаларға жұмбақтар жасырады.
Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз).
Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желиді, Аузы жоқ ұлиды. (Боран).
Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою салады. (Қырау)


– Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?



Қыс: – Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: – Ал, Қыс, біз сенімен қоштасып, одан әрі саяхатымызды жалғастырамыз. Балалар, Қыспен қоштасайық. Сау бол.

Музыканың сүйемелдеуімен Көктем мезгіліне келеді. Осы кезде ілінген күннің суреті көрінеді.

Тәрбиеші: – Балалар, күннің көзін қараңдар!
Көктем шығып:

Күн ұзарып,

Қар еріп,

Су сайларға толады,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: көктем.


Көктем: – Дұрыс айтасыңдар. Мен – Көктеммін. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Көктем: – Жарайсыңдар, балалар, мен сендерге тапсырмалар беремін, ал сендер сол тапсырмаларды орындаңдар.

Тәрбиеші: – Жарайсыңдар, балалар. Тамаша. Енді сендермен суреттегі үй жануарларының суреттеріне қарап, дыбыстық жұмысты орындайық.
-кі, -кі, -кі – секеңдейді ешкі;

-ақ, -ақ, -ақ – секеңдейді лақ;

-ау, -ау, -ау – қорада тұр бұзау;

-ой, -ой, -ой – қорада тұр қой.


Тәрбиеші Көктемге қарап:

– Сен балалардың жауабына ризасың ба?



Көктем: – Әрине, ризамын.

Тәрбиеші: – Олай болса, балалар, біз Көктеммен қоштасамыз.

Сергіту сәті:

Жел улейді: -у, -у, -у, -у;


Қатты жел соқты: -гу, -гу, -гу, -гу;
Құйын келіп биледі: -зу, -зу, -зу, -зу;
Жапырақтар қол соқты: -ду, -ду, -ду.

Серуен әрі қарай жалғасады. Залға ілінген кемпірқосақты көру.


Жаз:

Жазға барамыз,

Күндер ысып,

Шөп пісіп,

Ел пішінін орады,

Бұл қай кезде болады?



Жаз: – Жаз мезгілін сипаттап беріңдерші?

Күзгі жапырақтар музыка әуенімен ұшады. (Сары ағаш) қойылады, оның қасына балалар келеді.


Күз шығып:

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады,

Бұл қай кезде болады?
Күз: – Күз туралы кім тақпақ біледі, оқып беріңдерші. Тақпақтар оқылады.


Тәрбиеші: – Жарайсыңдар, балалар.

Көкөністер мен жемістерді сипаттау. ТРИЗ.

Алма – пішіні дөңгелек, түсі қызыл, тәтті.

Күз балаларға ТРИЗ таблицасын ұсынады.


Күзбен қоштасады.



Балалар бірауыздан келіседі.


– Балалар жауаптарын береді. Олар қыс мезгілі екенін айтады.

Суреттерге қарап, балалар өз ойларын айтады: күн суық, аяз болады, боран соғады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар шаңғы тебеді. Қардан аққала соғады.


Амира:

Аппақ күміс бар әлем, Зымыраймыз шанамен. Тоғайлар тон киеді,

Аяз бетіңнен сүйеді.
Диана:

Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең,



Құлағыңды тістеген.

Қар ериді, күннің көзі көп шуағын береді. Жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, жылы жақтан құстар ұшып келеді.


Үй жануарларынан ажыратады, аңдарды атайды, санайды. Қайсысы көп? Азы нешеу? Сұрақтарға жауап береді.

– Сау бол!

Көктеммен қоштасады.

Жазда.



Жазда күн ыстық, балалар суға шомылады, әдемі гүлдер өседі.

Кемпірқосақ шығады, түстерге арналған ойындар

Күзде.
Аңсар:

Алтын, алтын, сары алтын, Алтын күнде нұр жатыр. Біз мектепке баратын, Алақай-ау, күн жақын.
Дария:

Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі.


Темірлан:

Алма пісіп, алма түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

– Сау бол!



Музыка әуенімен орындарына келіп отырады.

Рефлексивті

түзетушілік

– Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? Балалар, қайда саяхат жасадық? Қандай жыл мезгілдеріне бардық?

Осы кезде түлкі келеді. Ол балаларға сыйлықтарын тапсырады.




– Жаз. Көктем. Күз. Қыс.

Балалар сыйлықтар алып, ризашылықтарын білдіреді.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жыл мезгілдері туралы біледі;

Түсінеді: жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын;

Қолданады: жыл мезгілдері туралы тақпақтар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет