Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У


Табиғатпен үйлесімділікте ата-аналармен зияткерлік-шығармашылық ойын



бет13/14
Дата24.04.2017
өлшемі5,38 Mb.
#14721
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Табиғатпен үйлесімділікте ата-аналармен
зияткерлік-шығармашылық ойын


Тәрбиеші: – Бүгін біз сіздермен зияткерлік және шығармашылық ойын өткіземіз. Ойынның тақырыбы: «Табиғатпен үйлесімділікте» деп аталады. Ойынды бастамас бұрын барлығымыз жылулық шеңберге тұрайық.

Армысың, мейірімді Жеріміз!

Армысың, Табиғат-Анамыз!

Келді сізге өзіңіздің балаңыз!

Сүйсініп табиғатты аялайық,

Біз де одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша демалайық!
Баяндама: «Табиғат»

Тәрбиеші: «Экологиялық тәрбие берудің мәні»

– Төрт бөлік суреттен үстелдің үстіне сурет құрастыру. Екі сурет шықты, сондықтан біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ – жер, екінші топ – су.



1-кезең: Жедел сұрақ-жауап.

1) Табиғат дегеніміз не?

2) Табиғаттың басты байлығы не?

3) Табиғат нешеге бөлінеді?

4) Адам өміріне не қажет?

5) Орман сәні не?

6) Өсімдіктер әлемі қалай аталады?

7) Жануарлар әлемі қалай аталады?

8) Ең сұлу құсты ата?

9) Өз атын өзі қайталайтын құс ол қай құс?



10) Сөйлей алатын, қолға үйренген құсты ата.

2-кезең: Сиқырлы гүл

Әрбір күлтешесінде сұрақтар бар. (төрт жыл мезгілі туралы тақпақ айтып береді).

Қай ақын табиғат жайлы көп өлең жазған? Тыйым сөздерді айту.
3-кезең: Суреттерді тез құрастыру.

Ойын: а) суреттерді дұрыс құрастыру.

Алдарына қиылған суреттер беріледі.

ә) суреттің жұбын тап.

Жұп суреттер беріледі. Мысалы: шәйнек – кесе, аққу – шағала, күрек – тырма.

б) Адасқан буындар.

Құстардың аттарын құрастыру.
4-кезең: Көрмей сипаттау (ТРИЗ).

Аю, қоян, қасқыр, т.б.


5-кезең: Көрініс. Алма ағашы.

Алма ағашы: – Ия, мен – ағашпын, жай ағаш емес, алма ағашымын. Жерден нәр аламын, менің тамырым тереңде.

Адам: – Ой, мына алма ағашы керемет екен, алмасын теріп алайықшы.

Алма ағашы: – Ей, адамзат, мен шөлдеп тұрмын, маған су құйып кетші.

Адам: – Менің қолым тимейді, керек алмамды алдым, асығыспын, су құй дейді ғой, сенің енді керегің жоқ маған.

Алма ағашы: – Адамзат, мені қадірлемегенің өзіңді сыйламағаның ғой, қандай қатыгез, өзгергіш едің! Шіркін, су болса ғой, кеуіп, күннен-күнге қурап бара жатырмын, адамға не болған, ертеңін ойламағаны ма?

Жер-Ана: – Ағаш, саған не болған? Дәмді алмаларың қайда?

Алма ағашы: – Мен – қураған алма ағашымын, жеміс бере алмаймын, маған адамдар күтіммен қарамады.

Жер-Ана: – Мен де табиғаттың бір бөлшегімін. Тіршілік көзі менен басталады. Адам баласы дұрыс пайдаланса, мен мұнайымды, бидайымды, жеміс-жидек, көкөністерді бәрін де беремін. Төрт түлік мал да менен қоректенеді. Сондықтан да қазір бүлдірмеңдер. Сіздерге керектігін, мен ата-бабаның найзасының ұшымен қорғаған жерімін.

Көрініс. Аңшы мен аққу

Мылтық асынған аңшы жүзіп жүрген аққуды көреді де, атып алады. Тосыннан бір адам шығады.

– Ей, кімсің?

– Тірісің бе? Жаның бар ма?

– Аққуды неге атасың, арың бар ма?

– Таста қаруыңды!

– Кел бері, кеудеңде жаның бар ма?

(Екінші адам) – Тиме аққуға! Мендейлердің атын ал, түйесін ал.

– Тиме аққуға! Аққудың киесі бар (Аққуды көтеріп әкетеді, бірінші адам)

Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып,

Құшақтап бір өзіңді, туған далам,



Жатамын көк шалғында жаным балқып.
6-кезең. Жұмбақ шешу.

а) Жоқ өзінің аяғы да, қолы да,

Бөренені жөңкілтеді жонында. (өзен)
ә) Бірде орақпын,

Бірде тарақпын. (ай)


б) Қақпақсыз қазан,

Іші толы сазан. (көл)


в) Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (жер)


7-кезең: Слайд. «Қазақстанның Қызыл Кітабына енген құстар»

8-кезең: Актуализация. Көкшетау–Астана қалаларының 10 жылдан кейін табиғатын қалай елестетесіздер?

Қорытынды бөлім:

Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

Таза болсаң, судай бол,

Бәрін жуып кетірген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген. Ендеше, Отанымызды – туған жерімізді, табиғатымызды аялай білейік, қадір тұтайық!

Ән: «Атамекен»

«Үлкендер балаларды өздері білетін көп нәрсеге үйрете алады:

Шығармашылыққа үйрету тек шығармашыл адамның қолынан келеді».

Я. Каменский.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет