68
үлгі болғаны белгілі. Оны ғалым да баса айтып отырған: «Жалғыз проза
мен поэзия емес, драматургия, кинодраматургия, балалар әдебиеті, сын
мен әдебиет зерттеу ғылымы саласында біздің орыс бауырлардан алған
тәлім-үлгіміз көп. Осылардың ішінен бір ғана саланы –
әдебиет зерттеу
ғылымын алсақ, қазақ әдебиетінің өткендегісі мен бүгінгісін тексеріп
қарастыру, зерттеу жұмысында бізге Москва, Ленинград ғалымдары
бағалы пікірлер, ақыл-кеңестер айтып, көптеген көмегін тигізді. Біз
әдебиетіміздің небір ірі проблемаларын зерттеу үстінде де томаға-тұйық
қалмай, тәжірибелі достарымызбен әрдайым кеңесіп отырамыз, бұл
жөнінде Одақтық ой-пікірлерді үнемі қадағалап жүреміз»,– дейді [44, 43-
б.] . Бұл үрдіс тек қазақ әдебиетіне ғана емес,
сол кездегі одақтың
құрамына енген басқа да ұлт өкілдеріне тән құбылыс болды. Оны ғалым
тәптіштеп, басқа ұлттар мен орыс ұлттық әдебиеті арасындағы
шығармашылық байланыстарды да талдап көрсетеді. Орыс әдебиетінен
нәр алу жеке-дара процесс емес, мұның өзі басқа да туысқан
әдебиеттердің бірімен бірі қоян-қолтық келіп, бірін-бірі байытумен қатар
жүріп отыратын күрделі де қызықты процесс. Мысалы, ғалым Р. Григорян
мен Г. Бабаевтың «Маяковский және армиян әдебиеті» дейтін
кітабындағы орыс классикалық әдебиеті мен
армян әдебиеті арасындағы
байланысты, әсіресе, Маяковский мен Е.Чаренцтің шығармашылық
байланысын талдап көрсетеді. Осы тұрғыдан қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі С.Сейфуллиннің украинның Павло Тычинамен,
армиянның Егише Чаренцпен, өзбектің Хамсасымен байланысын жазса,
Сәбит Мұқановтың шығармашылығын Д.Бедныймен салыстыра зерттейді.
Әдеби байланыс болғанмен, ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстары аз еді.
Ол А.Нұрқатовтың «Маяковский және қазақ совет поэзиясы»
тақырыбында диссертациялық зерттеу жұмысында әдебиеттану
ғылымындағы өзара байланыс мәселелеріне тоқталған: «Бізде, қазақ
әдебиетінің туысқан халық әдебиетімен
творчестволық байланыстары
жөнініде байсалды зерттеулер жоқ. Ғылыми еңбекті былай қойғанда,
жеке бір әдебиеттермен (мәселен, татар, қырғыз, қарақалпақ
әдебиеттерімен) ынтымақ дәстүрлері туралы бізде тіпті, шағын мақала
да аз демекпіз»,–дейді [24,49-б.]. Осы олқылықтың орынын толықтыру
мақсатына С.Сейітов шығармашылық ғұмырының көбін арнады. Оның
қаламынан туған зерттеу мақалалардың басым бөлігі осы туысқан елдер
әдебиеті арасындағы шығармашылық байланысты зерттеуге арналған.
«Тарас тұлғасы» атты мақалада ғалым бауырлас украин халқының
кемеңгер ақыны Тарас Шевченконың қазақ әдебиетімен ыстық қарым-
қатынасы туралы терең де, толғамды ой өрбітеді. Қазақ әдебиетшілері
С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров,
Ә.Тәжібаев,
Д.Әбілов,
Т.Жароков,
Қ.Аманжолов, А.Жұмағалиев, А.Шамкенов, М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев,
Ғ.Қайырбековтың шығармашылығындағы Тарас ақынға арналған жыр
шумақтарын жан-жақты салыстыра талдайды.
Сондай-ақ, «Баянды байланыстар» деп аталатын зерттеуінде белорус
әдебиетімен арадағы шығармашылық байланысты байыпты сөз еткен.
69
Ондағы Якуб Колас, Янка Купала, Аркадий Кулешов, Петрус Бровка,
Максим Танк сияқты белорус қаламгерлері шығармаларының
тақырыбына,
көркемдік деңгейіне, орыс, қазақ және басқа туыстас
елдермен рухани байланысы туралы толыққанды талдау жасайды.
Қазақ-белорус әдебиетімен байланысы туралы ғалым: «Қазақстан
баспасөзінде белорус әдебиетінің өміріндегі оқиғалар жөнінде түрлі
хабарлар, мақалалар жиі жарияланып тұрды. 1949 жылы Ғ.Мүсірепов
өзінің Украина мен Белоруссияға барғаны туралы «Достармен кездесу»
деген мақаласын жариялады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Белорус
майданында әскери қызмет атқарған Жұбан Молдағалиевтің бірталай
өлеңдері белорус жерінде жазылды («Сағындым, Жайық», «Батыр туралы
баллада», «Солдат сыры» т.б.). Ақынның Белоруссияны азат ету
жолындағы ерлік қимылдары жөнінде Жұбанның және басқа да
жазушылардың майдан газетінде жарияланған мақалалары, очерктері мен
суреттемелері қаһарлы
жылдардың тынысын танытады, сұр шинель
киген адамдарымыздың биік бейнесін елестетеді. Ал, С. Мәуленовтың
«Белорус дәптерінен» деп аталатын өлеңдер тобына құмартпау мүмкін
емес »,– деген деректері де ғалымның туыстас елдер әдебиетін таныту мен
талдауда ерінбей ізденгенін байқатады [24, 246-247 б.].
«Ғалым қай бір ақынның творчествосын талдаса да, олардың өзіне
ғана тән ерекшеліктеріне тоқталмай өтпейді. Бұған,әсіресе, оның
Н.Тихонов, Ғ.Тоқай, Ш.Руставели, Т.Шевченко творчествосына арналған
зерттеулері дәлел» ,– деген әдебиетші М.Қалдыбаевтың пікірі жоғарыдағы
ойымызды қуаттайды [70]. Жалпы, С.Сейітовтың шығармашылығымен
танысу барысында
көз жеткізген мәселеміз, ғалым қай тақырыпта қалам
тартса да, сол зерттеу жұмысын нақты деректерге сүйене, жан-жақты
ізденіспен, ғылыми тұрғыдан сараптауға тырысады.
Ғалымның
Достарыңызбен бөлісу: