Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптарды атаңыз



бет30/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптарды атаңыз

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дүрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

о) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл келбете (45) жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтыкты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің келеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г) бірте-бірте жазу карқынын тездете түсу.

Бүл талаптар бастауыш мектептің барлык сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісгі гигиеналык, талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сол келбетіле (оңға 65) қойылады;

о) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін кажет.

б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяктың үстіне қоймай, аяктарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бүл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ үшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтык. 25-30 см сақталуға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені үзак, уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусакты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң күрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, "Қай әріпті жоғалттым" ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде үстап жазуға үйренулері кажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы аркылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет